Ішкі аурулар пропедевтикасы қызылорда 2019 жыл



бет30/359
Дата07.02.2022
өлшемі20,68 Mb.
#92805
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   359
Байланысты:
5e7c85970f929 1585218967

Этиологиясына байланысты: милық, гипергликемиялық, гипогликемиялық, уремиялық, бүйрек, бауырлық, гипоксиялық, анемиялық т.б. комаларды ажыратады.

  1. Сананың сапалы бұзылыстары:

-Делирий – галлюцинациямен өтетін сананың бұлынғырлануы. Галлюцинация дегеніміз- сезім мүшелері арқылы қоршаған орта құбылысын шыңайы қабылдай алмаушылық. Жалған қабылдау.
-Онейроид – науқаста еріксіз фантастикалық көріністердің көрінуі.
-Аменция – байланыссыз сөйлемдер мен іс-әрекеттердің науқаста қалыптасуы.
III. Науқастың қалпын қарау

  1. Белсенді(активті) : науқас өзіне қызмет көрсете алады. Науқастың белсенді қалпы көбіне жеңіл ауруларда , немесе ауыр аурулардың бастапқы сатысында кездеседі. Науқас өзінің дене қалпын еркін, жеңіл қозғалта алады.

  2. Пассивті: жалпы әлсізденуіне, жағдайының ауырлығына, есін жоғалтуына байланысты өз бетінше дене қалпын өзгерте алмайды, өзіне қызмет көрсете алмайды. Бұл кезде науқастар қозғалыссыз, науқастың денесі керуеттен төмен қарай сырғып отырады.

  3. Мәжбүрлі: жалпы жағдайын жақсарту үшін өзіне ыңғайлы қалыпты іздеуі. Мысалы, мәжбүрлі отырған қалып (ортопноэ) қанайналым жеткіліксіздігі кезіндегі ентігудің ауырлығын төмендетуге тырысады. Ентігудің әлсіреуі айналымдағы қан көлемінің азаюымен байланысты( қанның жартысының аяқтарда деполануына байланысты) және бастағы қан айналымның жақсаруына. Құрғақ плевритте, өкпе абсцесінде, бронхоэктаз ауруларында науқас адамдар ауырған жағында жатуға тырысады. Құрғақ плеврит кезіндегі осы кездегі ауырсынудың басылуы плевра жапырақшаларының қозғалысының азаюына байланысты. Өкпе абсцесінде және бронхоэктаз кезінде сау жағына жатқан науқастарда бронх тармағына қақырық, іріңнің түсуіне байланысты жөтелі күшейеді. Керсінше қабырғасы сынған науқастар сау жағында жатады. Басы шалқайған, аяқ- қолы іш аймағына жинақталған қалып - церебральді(милық) менингитте кездеседі. Менингиальді қалып деп аталады. Науқастың арқасымен жатуы іштегі қатты ауырсынулар кезінде болады( жедел аппендицит, асқазан және ұлтабар ойық жараларында). Науқастың ішпен жатуы ұйқы безінің ісіктерінде, асқазанның артқы қабырғасының жарасында кездеседі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   359




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет