Қосымша тексеру әдістері
Буын аурулары бар науқастарды қосымша тексергенде синовиалды сұйықтықты тексеруден бастайды. Қалыпты жағдайда синовиалды сұйықтық мөлдір, жабысқақ, муцин тәрізді қою, 20 г/л – дейін ақуыздан , 5ммоль/л –дейін глюкозадан тұрады. Лейкоцит 0,2х103, лимфоциттер (37-42%), синовиоциттер (34-37%), гистоциттер(8-12%), дифференцияланбаған жасушалар (8-10%), моноциттер (1-3%), нейтрофильдер (1-2%). Әр түрлі патологиялық процесттер кезінде синовиалды сұйықтықтың мөлдірлігі азаяды, муцинді қоймалжыңның түзілуі төмендейді. Артритте ақуыз 2-3 есе көбейеді, лейкоциттер, нейтрофильдер жоғарылайды, глюкоза төмендейді. Подагралық артритте синовиалды сұйықтықта ураттар кристалдары және кальций пирофосфаты анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |