Ішкі секреция бездері І нұсқа Берілген бес жауап нұсқасындағы бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тапсырмалар


Бір немесе бірнеше жауабы бар тест тапсырмалары



бет4/5
Дата05.05.2020
өлшемі35,15 Kb.
#65751
1   2   3   4   5
Байланысты:
ішкі секреция бездері тест

Бір немесе бірнеше жауабы бар тест тапсырмалары

21.Адреналин гормоны:

A.қан қысымын жоғарылатады; жүректің жиырылу ырғағын жиілетеді, қанның ұюын тездетеді

B.тағамның құрамындағы кальций мен фосфордың ішекке тез сіңуіне әсер етеді

C. жыныс мүшелерінің дамуына әсер етеді

D.қанда глюкозаның мөлшерін арттырады, бауырдағы гликогеннің мөлшерін азайтады

E.тұз және су алмасуын қамтамасыз етеді

F.қуық пен ауатамырларының бұлшықеттерін босаңсытады

G.көмірсудың алмасуын және оның нәруыздың түзілуін реттейді

H.қан мен басқа ұлпалардағы натрий, калий және хлордың қалыпты мөлшерін реттейді

22.Тироксин гормонының қызметі:

A.қандағы глюкозаны реттейтін гормон

B.біріңғай салалы бұлшықеттердің жиырылуына жағдай жасайды, зәрдің бөлінуін азайтады

C.барлық зат алмасуға (нәруыз, май) қатысады

D.ағзаның өсуі мен дамуына әсер етеді

E.жүйке жүйесі мен жүрек жұмысының қозуын арттырады

F.қан мен ұлпа сұйықтығында фосфор мен кальцийдің концентрациясын реттейді

G.ұлпаның оттекті қабылдауын күшейтетін гормон

H.жатыр бұлшықеттерінің жиырылуына және сүттің бөлінуіне әсер етеді

23.Айырша без (тимус)

A.ағзада иммундық жүйенің орталық мүшесі болып табылады

B.тағамның құрамындағы кальций мен фосфордың ішекке тез сіңуіне әсер етеді

C. жыныс мүшелерінің дамуына әсер етеді

D.қанда глюкозаның мөлшерін арттырады, бауырдағы гликогеннің мөлшерін азайтады

E.бөлетін гормоны жетіспесе ағзаның иммундық қасиеті төмендейді

F.қуық пен ауатамырларының бұлшықеттерін босаңсытады

G.көмірсудың алмасуын және оның нәруыздың түзілуін реттейді

H.көкбауырдың мөлшері кішірейіп, қандағы лимфоцит жасушалары азайып, қарсыдене түзілмейді

24.Гипофиздің артқы бөлігінің гормондары

A. нәруыздың, майдың, көмірсудың алмасуын реттейді

B. жыныс бездерінің жұмысын қалпына келтіреді

C. қан мен ұлпа сұйықтығындағы фосфор мен кальцийдің мөлшерін реттейді

D. организмнен зәрдің бөлінуін азайтады, зат алмасуды өзгертеді

E. бүйрекүсті безі қыртысының өсуіне, одан бірнеше гормондар бөлінуіне,қалқанша бездің дамуына әсер етеді

F.ұсақ артериялардың жиырылуын күшейтеді

G.артериялық қысымның жоғарылауына септігін тигізеді

H.денеден кальций мен фосфордың зәр мен нәжіс арқылы шығарылуын қамтамасыз етеді

25.Ұйқыбездің құрылысы

A.бозғылдау қызғылт түсті

B.көмекейдің алдыңғы жағында орналасқан

C.пішіні үрмебұршақ тәрізді, салмағы 0,5-0,6 г.

D.безді және жүйке ұлпаларынан тұрады

E.салмағы ер адамда 30 жасқа дейін, әйелдерде 45-50 жасқа дейін өседі

F.бүйректің жоғарғы ұшына орналасқан жұп бездер

G.алдыңғы, ортаңғы және артқы бөліктерден тұрады, 25 гормон бөледі

H.ұзындығы 15-22 см., құрсақ қуысының сол жағында асқазанның астына таман орналасқан

26.Аталық жыныс бездерінен бөлінетін гормондар

A.паратгормон

B.эстрогендер

C.андрогендер

D.тестостерон

E.прогестерон

F.тимозин

G.мелатонин

H.окситоцин

27.Қалқанша маңы бездерінен бөлінетін гормондардың қызметі:

A. көкбауырдың мөлшері кішірейіп, қандағы лимфоцит жасушалары азайып, қарсыдене түзілмейді

B. дене температурасы төмендейді, жүрек соғысы баяулайды

C. қан мен ұлпа сұйықтығындағы фосфор мен кальцийдің мөлшерін реттейді

D. қозғалысы бәсеңдеп, ойлау қабілеті нашарлайды, шашы түсіп сирейді

E. қанда натрий мен хлордың мөлшері төмендеп, калийдің мөлшері артады

F.тағамның құрамындағы кальций мен фосфордың ішекке тез сіңуіне әсер етеді

G.қанда қанттың және ұлпаларда гликогеннің мөлшері азаяды

H.денеден кальций мен фосфордың зәр мен нәжіс арқылы шығарылуын қамтамасыз етеді

28.Егер ішетін тағамда йод жетіспесе адам мына аурумен ауырады

A.миксидема

B.ергежейлілік

C.іспебұғақ (эндемиялық зоб)

D.кретинизм

E.Аддисон ауруы

F.Базедов ауруы

G.акромегалия

H.алыптылық

29.Аддисон ауруның белгілері

A. көкбауырдың мөлшері кішірейіп, қандағы лимфоцит жасушалары азайып, қарсыдене түзілмейді

B. дене температурасы төмендейді, жүрек соғысы баяулайды

C. терісі қола түсті (бозғылт) болып өзгереді

D. қозғалысы бәсеңдеп, ойлау қабілеті нашарлайды, шашы түсіп сирейді

E. қанда натрий мен хлордың мөлшері төмендеп, калийдің мөлшері артады

F.су мөлшері азайып, қан қысымы төмендейді

G.ауру адам өте әлсіз болып, тез шаршайды, асқа тәбеті тартпайды

H. қан қысымы төмен (70-30 мм сын.бағ.)

30.Гипофиздің алдыңғы бөлігінің қызметі:

A. нәруыздың, майдың, көмірсудың алмасуын реттейді

B. жыныс бездерінің дамуы мен өсу процестерін, сүт бездерінде сүттің түзілуін реттейді

C. қан мен ұлпа сұйықтығындағы фосфор мен кальцийдің мөлшерін реттейді

D. қанда натрий мен хлордың мөлшерін реттейді

E. бүйрекүсті безі қыртысының өсуіне, одан бірнеше гормондар бөлінуіне,қалқанша бездің дамуына әсер етеді

F.тағамның құрамындағы кальций мен фосфордың ішекке тез сіңуіне әсер етеді

G.қанда қанттың және ұлпаларда гликогеннің мөлшері азаяды



H.денеден кальций мен фосфордың зәр мен нәжіс арқылы шығарылуын қамтамасыз етеді



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет