2. Оқушылардың ұйқы безі гормондары. Балалардың қантты диабет ауруы, оның себептері. Диабет – гректің сузгіден өту, яғни сүзілу деген ұғымды білдіреді. Қант диабеті — ұйқы безінің бетта-клеткаларының инсулинді аз мөлшерде шығаруымен осы инсулин гормонының жетіспеушілігінен пайда болатын
жəне осы себепті барлық зат алмасу түрлерінің, айрықша қант алмасуының бұзылуымен сипатталатын ауру.
Қант диабеті инсулинге тəуелді (инсулин зависимый), инсулинге тəуелсіз (инсулин не зависимый) болып 2 түрге бөлінеді.
Ең басты себептердің бірі — тамақтану салтының өзгеруі,атап айтқанда қантқа тез айнатлатын көміртегі бар тағамдарды шектен тыс пайдалану болып табылады. Сол сияқты қажеттен артық тамақтану жəне дене еңбегімен шұғылданбау семіздікке əкеліп соқтырады.Қант диабетінің көп таралу себептерінің бірі де осы семіздікке телінеді.
Қант диабетінде асқынудың алдын алу үшін үнемі қандағы глюкоза деңгейін бақылап отыру қажет. Глюкозаның жоғары деңгейі бірден білінбей, көп жыл өткен соң көрінетін асқынуларға əкелуі мүмкін. Бұл асқынулар кеш болып саналып, өмірлік маңызды мүшелер мен жүйелерге əсер етеді: көз, жүйке, бүйрек пен қантамырлары. Кейде диабеттің алғашқы анықталуы кезінде де кеш асқынулар табылуы мүмкін. Тек глюкозаның деңгейін қалыпта ұстау ғана қант диабетінің кеш асқынуынан сақтайды. Диабеттің асқынуын нақты табу мақсатымен толық тексерістен өту қажет: дəрігер көзіңізді, аяғыңызды қарауы керек, бүйректің, жүректің жұмысын зерттеу қажет, холестерин деңгейін анықтап, артериялық қысымды өлшеу қажет.