Ішкі секреция бездерінің маңызы Ішкі секрециялық бездердің өнімдерін гормон ( грек. Гормо- іске қосамын, қозғаймын ) деп атайды. Гормондар жүйке жүйесімен бірге организмнің өсуін, дамуын, организмнің физиологиялық қызметтерін үлестіруге, зат және энергияның алмасуына, мүшелердің қызметін реттеуге қатысады. Гормондар жүйке жүйесімен бірге организмнің қызметтерін реттейді. Қазіргі кезде 40-тан астам гормондар бары белгілі. Ішкі секрециялық бездерге гипофиз, эпифиз, қалқанша, қалқансерік, айырлы (тимус), бүйрекүсті, ұйқы(қарынасты) безінің Лангерганс аралшықтары, жартылай жыныс бездері жатады.
Организмдегі гормондық тепе-теңдік баланың жоғары жүйке әрекетіне әсерет еді. Себебі дене деэндокриндік жүйенің ықпалынан тысқалатын ешқандай қызымет жоқ . дегенмен ішкі секрециялық бездер өзінің қызметін жүйке жүйесі арқылы реттейді. Сонғы зерттеулер бойынша гормондардың көбі жүйке жүйесіндегі күллі жүйке клеткаларынның қызмет жағдайын өзгертетіні мәлім болды. Мысалы бүйрек үсті бездерінің гормондары қозу мен тежелудің күшін өзгертеді. Егер жануарлардың бүйрек үсті бездерін, тәжірибе жасау үшін, сылып алып тастаса, ішкі тежелумен қозу нашарлайды да жоғары жүйке әрекетінің терең өзгерістері пайда болады.
Гипофиз безінің гормондары аз мөлшердің өзінде жоғары жүйке әрекеттерін күшейтіп, ал көп мөлшерде оны тежейді. Ал қалқанша безінің гормондары аз мөлшерде жүйке жүйесінің қозуы мен тежелуін күшейтіп,көп мөлшерде оны нашарлатады.Сонымен бірге, қалқанша безінің гипо және гиперсекрециялары адамның жоғары жүйке әрекетін талқанқып бұзады. Жыныс бездерінің гормондары қозу мен тежелуге және жүйке клеткаларының қызметіне айтарлықтай әсер етеді.
Ішкі секрециялық бездердің дамуын да гетерохрондылық заңы айқын сезіледі ең ерте дифференциацияланып, қызмет атқара бастайтын бездер – эпифиз, Лангерганс аралшалары және бүйрек үсті бездерінің кейбір жері.
Нейрогормональдық реттеу алдымен өсуді, бала денесінің дамуын және сыртқы ортаға бейімделуін қамтамасыз етеді де, кейінрек ұрпақ жалғастыру қызметін дамытады.