«БЕКІТІЛДІ» «КЕЛІСІЛДІ»
Жезқазған қаласының Жезқазған қаласының білім бөлімі
білім бөлімі басшысы Әдістемелік кабинет меңгерушісі
Е.К.Көшербаев К.А.Муканова
________________________ __________________________
«____» ___________ 2016ж. «____» ___________ 2016ж.
«ҚЫСҚЫ БАҚ» жобасы
Жезқазған қаласы
2016 жыл
Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Білім беру саласы адамдарға тек білім ғана емес, әлеуметтік бейімделу үрдісі кезінде оны тиімді қолдана білу дағдысын беруі тиіс» дей келе, мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша бес жылдық ұлттық жоспарды қабылдау жөнінде нақты міндет қойды. Нәтижесінде оқушыға өзін қоршаған әлеуметтік ортамен қарым-қатынасқа түсуге мүмкіндік беретін және сол ортаға барынша тез әрі жайлылықпен бейімделуіне жағдай туғыза алатын сауаттылық деңгейін дамытуға арналған,мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 – 2016 жылдарға арналған Ұлттық жоспар даярланды.Оның мақсаты - оқушылардың білімдерін өмірде тиімді қолдануға үйрету болды.
Елбасы Н. Ә. Назарбаев «Жасыл - Ел» бағдарламасы жайында: «Бұл жай ғана экологиялық шара емес, терең өмірлік мәні мен маңызы бар дүние. «Жасыл Ел» дегеніміз - Мәңгілік Ел дегеніміз. Біз елімізді жапырағы қурамайтын, тамыры суалмайтын, көрген жан тамсанбай тұра алмайтын Мәңгілік жасыл елге айналдырумыз керек. Кейінгі ұрпаққа желден ық, суықтан пана, ыстықтан сая болатын мәңгілік бәйтерек тұрпатты жасыл елді табыстауымыз керек», деген болатын. Елбасы бастамасымен 2005 жылы құрылған «Жасыл ел» республикалық бағдарламасы өз жұмысын жалғастыруда. Бұл бағдарлама еліміздің түкпір-түпкірінде қолдауға ие болып, жүйелі түрде іске асып келеді. Және оған еліміздің жастары үлкен қолдау білдіруде. Жастарға экологиялық білім беріп, оларды еңбексүйгіштікке, патриоттыққа, жинақылық пен тазалыққа тәрбиелейтін «Жасыл ел» бағдарламасының өскелең ұрпақ үшін маңызы зор болып қалмақ. Сондықтан да жаратылыстану пәнінен алған білімдерін қоршаған ортада қолдана білуі үшін «Қысқы бақ» жобасының мазмұны мемлекеттік «Жасыл ел» бағдарламасының мазмұнымен сәйкес негізделді. Өйткені әрбір оқушы өзі фотосинтез процесі қалай жүреді және мемлекеттік «Жасыл ел» бағдарламасы аясында жүргізіліп жатқан көгалдандыру жұмысын білмейінше қоршаған ортаны қорғау, экологиялық білім негізін игерген және Отаншыл, елшіл азамат болып қалыптасуы мүмкін емес. «Жасыл» биомалар мен табиғаттың миниатюрлі бөлігі болып табылатын ерекше «оазис» жайлы жазылған деректерді жинастыру, оларға талдау мен зерттеулер жүргізу нәтижесінде қазіргі қазақстандық қоғамның «Мәңгілік ел» ұрпағының нағыз жан-жақты азаматы болуға дайындайды.
Мақсаты– Экологияны тазарту жолында көгалдандыру жұмысын жандандыру,тың деректермен танысу, жинақтау, талдау арқылы, оқушылардың сыни ойлау мен зерттеу дағдыларының дамуына жағдай жасау және аралық көрсеткіштер негізінде жұмыс нәтижесін зерделеу. Әлеуметтік белсенділікті дамытуға, өз мүддесі, сондай-ақ, қоғам мүддесі үшін дайын бәсекеге қабілетті өзін-өзі жетілдіруге құзыретті жеке тұлғаны қалыптастыру арқылы қоршаған ортаға деген көзқарасын оңтайландыру.
Жобаның міндеттері:
1. Фитодизайнды орта салып, ол жерлерге көпжылдық түрлі-түрлі ағаштар мен гүлд іөсімдіктер отырғызу.
2. Отаның сүйетін, табиғатты аялайтын, оны гүлдендіруге, экологияның тазалығы жолында барлық күш-жігерін аямай төгетін азаматтар тәрбиелеу.
3. Оқушылардың жобалаушылық әрекетін қамтамасыз ететін ұйымдастыру механизмдерін әзірлеу
4.Оқушылардың зерттеу мәдениетін дамыту үшін педагогикалық жағдай жасау;
5. Әлеуметтік серіктестікті қамтамасыз ету: отбасы, қосымша және мектептен кейінгі білім беру ұйымдары, мемлекеттік емес және коммерциялық емес ұйымдар, балалар мен жастар қозғалыстары мен бірлестіктері;
6.Білім берудің жаңа нәтижелерін мониторингілеудің тиімді формаларын байқаудан өткізу;
7. Дамыту мен әлеуметтенудің педагогикалық үрдістерін басқарудың инновациялық ықпалдарын қамтамасыз ету.
Жоба тақырыбының өзектілігі:
Қазіргі таңдағы өзекті болып отырған негізгі мәселе қоршаған ортаны қорғау, көгалдандыру, ауаны ластаудан тазарту. Жоба барысында мектебіміздің және де басқа көптеген мектептердің, мекемелердің, шағын территориялардың көгалдандыру жұмыстарын ғылыми тұрғыдан жүргізу керек.
Жоба идеясының соңылығы:
Мектепте «Қысқы бақ» үлгісінде көгалдандыру жұмысын жүргізу
Экологиялық білім негізімен қаруланған сананы қалыптастыру
Оқушыны өзіндік іс-әрекет жасауға үйрету, оның интеллектісін дамыту
Жаңашылдығы:
«Жезқазған қаласының №10 жалпы орт білім беретін мектебі» КММ-нде кішігірім «Қысқы бақ» жлбасын жасай отырып, көгалдандыру саябағын ашу. Себебі, осы осындай үлгідегі көгалдандыратын саябақ жоқтың қасы. Адам тәулігіне 80 пайыз жабық жұмыс орнында жұмыс атқаратынын ескерсек, онда осындай «Қысқы бақ» жобасы барлық адамзат баласы үшін психологиялық, эмоционалдық. Физиологиялық жағынан оң әсерін береді. Оның орнына халықтың денсаулығына пайдалы фитоауралы бұл бақ салынса, нұр үстіне нұр болар еді..
Практикаға енгізу перспективасы:
«Қысқы баққа» көпжылдық ағаштар мен раушан гүлдерді отырғыза отырып, оны мектеп оқушыларынан құралған «экопост», «жасыл ел» отрядтары күтімге алып, қоқыстан, ластанудан тазартып тұрса. Оны іске асыру үшін 2016 – 2019 жылға дейінгі аралыққа мынандай жоспар ұсынамын:
1.2016-2017 жылдары ұсыныс жасай отырып, демалыс көгалдандыру саябағына ұсынылған жерімді алып, оның ахитектурасын ақылдаса отырып, проектісін тұрақтандыру.
2.2017-2018 жылдары саябаққа түрлі дизайн жасаушы адамдармен ақылдасып, ұзақ жылдық ағаштар, шыршалар гүлдер отырғызып оны баптау және қаржы мәселесіне көмек бере алатын арқасүйер жандар болса, табиғат қорғау, көгалдандыру туралы жарнамалар шығару жұмысы.
3.2018-2019 жылдары аралығында саябақ проектісін іс-жүзіне айналдыру.
Жобаның нәтижелерін қадағалау құралдары:
Анкеталық зерттеу жүргізу;
Байқауларға, сайыстарға, ойындарға, марафондарға қатысуы;
Білімі мен дағдыларын анықтайтын тесттер жүргізу;
Жоба бойынша деректер жинау, әзірлеу, қорғау;
Жетістік портфолиосын жинақтау.
Жобаны жүзеге асыру механизмі:
1. Оқушылардың өзіндік басқаруы, әлеуметтік қалыптасқан жеке тұлғаның дамуына жағдай жасау;
2. Маңызды жобаларды әзірлеу және жасау;
3. Оқушы мен мұғалім қызметіндегі өзгеріс (субъект-субъектілік қарым-қатынас);
4. Оқушыларға қойылатын талаптардағы өзгерістер (зерттеушілік мәдениетінің дамуын, әлеуметтік
бейімделуді қалыптастыру).
Күтілетін нәтижелер:
1. Фитодизайнды орта салып, ол жерлерге көпжылдық түрлі-түрлі ағаштар мен гүлді өсімдіктер отырғызылады.
2. Отаның сүйетін, табиғатты аялайтын, оны гүлдендіруге, экологияның тазалығы жолында барлық күш-жігерін аямай төгетін азаматтар тәрбиеленеді.
3. Оқушылардың жобалаушылық әрекетін қамтамасыз ететін ұйымдастыру механизмдерін әзірленеді.
4.Оқушылардың зерттеу мәдениетін дамыту үшін педагогикалық жағдай жасалынады.
5. Әлеуметтік серіктестікті қамтамасыз етіледі: отбасы, қосымша және мектептен кейінгі білім беру ұйымдары, мемлекеттік емес және коммерциялық емес ұйымдар, балалар мен жастар қозғалыстары мен бірлестіктері;
6.Білім берудің жаңа нәтижелерін мониторингілеудің тиімді формаларын байқаудан өткізу мүмкіндіктері туады.
7. Дамыту мен әлеуметтенудің педагогикалық үрдістерін басқарудың инновациялық ықпалдарын қамтамасыз ету жағдайы туындайды.
Әлеуметтік мәнділігі:
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік «Жасыл ел» бағдарламасын жүзеге асыру шешімдерін жауапкершілікпен бағалай алады;
- Көгалдандыру жұмысын жандандыру үшін жанашыр өзіндік идеяларын тарата алады;
- «Қысқы бақ» объектілері туралы ғалами тұрғыдан танып білу мақсатында зерттеу жұмыстарына ынтасы артады.
Жоба мазмұны:
«Қысқы бақ» жобасы 4 бағыттан тұрады:
1. «Бақ- саябақ өнері»;
2. «Көгалдандыру- жауапты әрі сауапты іс»;
3. «Жайнаған жасыл бағым»;
1.« Бақ- саябақ өнері» бағыты.
Түсінік хат
Көптеген өнер иелері өздерінің ең мықты туындыларын саябақ ішінде өмірге әкелгенді ұнатқан. Саябақ деген тек қаланың сәні келіскен бір бұрышы ғана емес. Мысалы, бұл — жабырқаған көңілді жадырататын, жан дүниең қандай күйде болса да, дамылдап, демалып қайтатын, қаланың күйкі тіршілігінен шаршап келген адамды бір сәтке болса да табиғатпен табыстыратын, тілдестіретін орын. Кез келген жанның ішкі дүниесіне әсер ете алатын мәдени мекен осы .Саябақтардың адам өмірінде, тіпті адамзаттың даму тарихында да алатын орны ерекше. Адамның өз қолымен жасалатын, кейде мәдени, кейде рухани орын болып саналатын саябақтардың сан ғасырлық тарихы бар. Саябақ иелену — бұл да өнердің айрықша бір түрі. Бізде аса үрдіс болмаса да, батыс және шығыс елдерінде кеңінен тараған бұл дәстүр «бақ-саябақ өнері» деп аталады. Бұл өнердің шығу тарихы туралы батыс елдері деректерінің бірінде алғашқы саябақтар адам алғаш өзінің үйін салған кезден бастау алады делінген. Аңыз түрінде баяндалатын дерек мынадай: «Адам жұмақтан қайтарылғаннан кейін алғаш рет үйін салған. Керемет әдемі көрініске толы жұмаққа әбден үйреніп қалған ол оған қайта барар жол жоғын түсінгендіктен, өз үйінің қасынан сол жұмақтың бір бұрышын көріп отырғысы келеді. Сөйтіп, алғашқы саябақтар пайда бола бастаған екен».
Мақсаты: оқушылардың білімінің негізі болатын бақ-саябақ өнері туралы дәстүрдің тарихи білімін құрметтеу мен сыйлау сезімін қалыптастыру.
Негізгі міндеттері:
оқушылардың адамзаттың ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейінгі бақ-саябақ өнері дәстүрінің дамуының тарихи жолын, оның әлеуметтік, рухани - адамгершілік тәжірибесін айшықтайтын жүйелі білім алуы;
оқушыларда тарихты оқып - үйренудің көп өлшемділігі және тарихи үдерістің дамуының баламалы екендігі туралы түсінік қалыптастыру;
Көгалдандырудың озық дәстүрлерін меңгерген құнды бағдарланған жеке тұлғаны тәрбиелеу;
оқушылардың тарихи білімді шығармашылықпен қолдану, тарихи деректермен жұмыс істеу, тарихи оқиғалар мен құбылысиарды салыстырмалы талдау негізінде ой елегінен өткізе білу дағдыларын қалыптастыру;
оқушыларда табиғатты аялау сезімді дамыту;
Күтілетін нәтиже:
Оқушыларда бүгінгі қоғамның дамуындағы жаңа үлгідегі бақ-саябақ өнері дәстүрінің маңыздылығын игерген және оны жаңаша үлгіде жандандыратын тың идеялар легінің толысуы.
І-блок
№
|
Өтілетін материалдың мазмұны
|
Мерзімі
|
әрекет
|
мониторинг
|
нәтижесі
|
мұғалімнің
|
оқушының
|
1
|
Бақ- саябақ өнері - мәдени мекен
(шағын жобалар 5-7 сыныптар аралығында)
(ғылыми жобалар 8-11 сыныптар аралығында)
|
қаңтар
(2-апта)
|
1. Жоба жазуға оны қорғауға қойылатын талаптармен толық таныстырады.
2. 1. Жұмыс дәптері. (1-бөлімі: Деңгейлік тапсырмалар
2-бөлімі: Шығармашылық тапсырмалар
3-бөлімі: Логикалық тапсырмалар
4-бөлімі СТО жобасы стратегиялары арқылы жасалған дидактикалық материалдар
5-бөлім: сөзжұмбақтар, ребустар, кестелер)
|
1. Ескерткіштерге орай материалдар жинақтайды;
2. Оларды сараптайды, зерттейд, жүйелейді.
3. бейне таспалар дайындайды.
4. Шағын, ғылыми жобалар дайындайды.
5. Очерк, мақалалар, пікірлер, естеліктер жазады
|
Инновациялық педагогикалық технологиялар бойынша оқушы ізденісін бағалау.
|
1. Бақ- саябақ өнері - мәдени мекен
(ғылыми жобалар жинағы)
2. «Шығыс үлгісіндегі бақ-саябақ өнерінің дамуы.
» (хрестоматия)
3. Бейне таспалар жинағы.
4. Оқушылардың зерттеу және жобалау іс-әрекетіне баулу. (әдістеме)
|
ІІ-блок
№
|
Ғылыми әдістемелік жұмыстар
|
Білім.білік дағдыға қойылатын талаптарды орындау мақсатында жүргізілетін жұмыстар
|
Оқушыларды дайындаудың тиімді әдіс-тәсілдері.
|
1
|
Картотекалык библиографиялык аныктама дайындау
|
Жобалау, семинар
|
Ізденіс , : жинақтау, салыстыру, талдау элементтерімен дәріс, тренинг сабақ, жобалау, семинар сабақ, пікір – сайыс сабағы, практикалық сабақтар, тесттік жұмыс, конференция.
|
2
|
Тапсырма бойынша ізденіс жұмыстарын жүргізіп мәліметтер жинақтатудың әдіс-тәсілдері
|
практикалық сабақтар
|
қағаз бетіне түсіру Зерттеу жаңалығы: барлық мәліметтерді бір жерге жинақтау
|
3
|
Деректеме.
|
Треннинг сабақ
|
Тақырыпқа байланысты викторина сөзжұмбак, трек схемасы т.б құрастырту;
|
ІІІ-блок
№
|
Оқушылардың экологиялық және жаратылыстану білім негізін анықтайтын іс-шаралар
|
Мұғалімдерге арналған іс-шаралар
|
қосымша
|
1
|
Аймағымыздағы мүрағат,мұражайлармен байланыс
|
Ізденіс жұмыстарына жетекшілік
Мұрағат,мұражай қорларымен жұмыс істеудің тәртібі,әдіс тәсілдері жөнінде семинар
|
Мұрағат,мұражай қызметкерлерімен бірлесе жұмыс атқару
|
2
|
«Натуралистер» бағына саяхат
|
Экскурсавод
Бейнероликтік пікіралмасу.
|
|
3
|
Көрме,шағын кітапхана,сурет көрмесі
|
Пән мұғалімдерінің қатысуымен зертханалық талдау.
|
|
2«Көгалдандыру- жауапты әрі сауапты іс»;бағыты.
Мақсаты:
-Көгалдандыру жұмысын жандандыру механизмінің жаңа үлгісін енгізу
Міндеті:
Фитоауралы қоршаған ортаны түрлі өсімдіктермен түрлендіру мен жандандыру
Күтілетін нәтиже:
Адам денсаулығына пайдалы ерекше орын үлгісін жасау.
Тақырыбы
|
Мұғалімнің
іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Оқушының шығармашылығын арттыратын іс-әрекеттер
|
Нәтижесі
|
Жаңашыл мектепте жасыл ел
|
|
|
|
|
Көгалдандыру жұмысы
«Жасыл ел» қозғалысы
|
Қазақстан Республикасының «Жасыл ел» м емлекеттік бағдарламасы туралы мағлұматтар бере отырып, оқушыларды шығармашылық жұмыс жасауға бейімдейді.
|
«Жасыл ел» қозғалысы туралы материалдар жинақтайды, сараптайды, зерттейді, жүйелейді.
|
«Қысқы бақ» объектілер суреттерінен альбом дайындату. Көгалдандыру жұмысына белсене қатысу
|
Оқушылардың жаратылыстану білім негіздерін меңгеруіне байланысты қоршаған ортаға, фитоауралы ерекше үлгідегі бақ сынды мәдени мекенге құрмет, оны көгалдандыру жұмысын жандандыру іс-әркетінің оңтайлануы.
|
3. «Жайнаған жасыл бағым» бағыты.
Мақсаты:
-«Қысқы бақ» жабасын енгізу
Міндеті:
Фитоауралы қоршаған ортаны түрлі өсімдіктермен түрлендіру мен жандандыру
Күтілетін нәтиже:
Адам денсаулығына пайдалы ерекше орын жасау.
Тақырыбы
|
Мұғалімнің
іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Оқушының шығармашылығын арттыратын іс-әрекеттер
|
Нәтижесі
|
Фитодизайнды миниатюрлі бақ
|
Қазақстан Республикасының «Жасыл ел» м емлекеттік бағдарламасын жұзеге асыру мақсатында «Кысқы бақ» жобасын презентациялуға жағдай жасау
|
Қазақстан Республикасының «Жасыл ел» м емлекеттік бағдарламасын жұзеге асыру мақсатында «Кысқы бақ» жобасын презентациялайды
|
Аталмыш жаңа үлгідегі бақты дәріптеу мақсатында тәжірибе тарату
|
Оқушылардың жаратылыстану білім негіздерін меңгеруіне байланысты қоршаған ортаға, фитоауралы ерекше үлгідегі бақ сынды мәдени мекенге құрмет, оны көгалдандыру жұмысын жандандыру іс-әркетінің оңтайлануы.
|
Достарыңызбен бөлісу: |