Ісіктердің жіктелуі



Дата12.09.2020
өлшемі0,84 Mb.
#78167
Байланысты:
Бет


Бет-жақ аймағы мен ауыз қуысы ағзаларында кездесетін ісіктер, онкологиялық және стоматологиялық клиникалардың мәліметтері бойынша, адам организмінде кездесетін ісіктердің ішінде көрнекті орын алады (25%-ке дейін). Ісіктер негізінен лимфа және қан тамырлары, жүйке талшықтары, бездердің шығу өзектері арқылы өсіп, метастаздар береді. Сау тіндердің деңгейінде ісіктерді алып тастаған күнде де жиі метастаздар береді. Қатерлі ісіктің өсуіне тән белгілері науқастың қатты азуы, әлсіздіктің пайда болуы, терісінің сары-сұрғылт тартуы, қанда гемоглобин азайып, ЭТЖ-ның артуы т. с. с

Ісіктердің жіктелуі

Жалпы қабылданған жіктелу бойынша дененің басқа бөліктеріндегі ісіктер секілді мұнда да қатерсіз және қатерлі ісіктер деп бөлінеді.

Қатерсіз ісіктер қоршаған тіндерден анық шекарамен оқшауланып, көлемі үлкейген сайын айналасындағы тіндерге кіріп, оларды ығыстырып өседі. Олар баяу өсетіндіктен, көп жылдарға дейін байқалмауы мүмкін. Ығыстырылған тіндердің жаңа жағдайға қалыптасуының арқасында, өз қалпынан ығысқан көрші ағзалар қызметінде айтарлықтай өзгерістер болмайды. Қатерсіз ісіктер науқастың жалпы жағдайын өзгертпейді, әрі метастаздар бермейді. Олар түбегейлі отаның дұрыс жасалмаған жағдайда береді.

Қатерлі ісіктер қатерсіз ісіктерден жылдам өсуімен, қоршаған тіндерді ығыстырып қана қоймай, олардың анатомиялық құрылысы мен қызметтерін бұза отырып етіне шаншыла өсуімен ерекшеленеді. Қан тамырлары зақымдануының әсерінен қайталап қан кетулерге, жүйке жүйесінің зақымдануынан невралгиялық ауыру сезімдерге, невриттерге, парестезияға, сезімталдықтың жойылуына әкеліп соғады. Бұл ісіктер көп жағдайда метастаздар береді.

Ісікалды жөне ісіктерге үқсас өзгерістер:

а) эпулистер;

ә) фиб- розды дисплазия;

б) эозинофидді гранулема;

в) херувизм;

г) лейкоп­лакия.

Эпулис ("синонимы - эпулид) екі грек сөзінен қүралған: ері -үсті; ulon - қызыл иек. Эпулис деп қызыл иек үстінен томпайып ісік терізді өскен үрдісті атайды. Ол көбінесе 30-40 жас шамасын-да өсіп шығады және әйелдерде жиілеу кездеседі. Ол қызыл иектің үстінен үртқа қарай немесе тіл, жаққа қарай томпайып өседі. Реңі қызыл немесе қоңыр-қызыл түсті, кейде үсті жараланып, қанап түрғаны көрінеді.

Микроскоппен қарағаңца эпулистің 2 түрін ажыратады: 1) тал-шықты (фиброзды);

2) қан тамырларына бай (ангиоматозды) эпу­лис. ген жаңадан пайда болған қан тамырлар, ескі жөне жаңа қан қүйылу ошақтары, гемосидериннің топталғаны көрінеді. Кейде бірен-са-ран альш жасушалар да кездесуі мүмкін.

Қан тамырларына бай эпулисті жеке түрге бөліп шығарудың себебі — оның қүрамында капиллярлар өте көп болады..Эпулистің ерекше бір түрі есебінде алып жасушалы эпулис кара-лады. Ол талшықты дөнекер тін арасында көпядролы алып жасу-шалардың көптігімен сипатталады. Қазіргі кезде бүл өзгерістерді остеобластокластомаға яғни нағыз ісіктер қатарьша жатқызады .Эпулистер ас шайнағанда жарақаттаңып қанайды, ауырады. Сол себептен оны хирургия жолымен альш тастайды, бірақ олар кейде қайта өседі.

Херувизм деп фиброзды дисплазияньщ бір түрін атайды. Сы-рқатта жоғарыда айтып кеткен өзгерістердің нөтижесінде жақ сүйектерінің зақымданып, сынуынан көптеген қуыстар пайда бо­лады. Херувизм сөбилерде кездесетін сырқат. Морфологиялық өзгерістер көбінесе астынғы жақ сүйектерінде болғаны үшін, ба-ланың бетінің төменгі екі жағы херувимнің бетіндей томпайып түрады.

Эозинофилді гранулема жақ пен бет сүйектерінің ошақты за-қымданып, олардың арасында ретикулярлы және эозинофилді жасушалардьщ көбейіп өсіп кетуімен сипатталады. Түңғыш рет бүл сырқатты орыс дәрігері Н.И.Таратынов (1913) самай сүйектерінде тапқан. Б.И.Мигунов эозинофилді гранулеманың жақ сүйекте-ріндегі морфологиялық өзгерістерін жазған. Бүл сырқат көбінесе ерлерде, жастарда кездеседі.

Лейкоплакия. Бүл үғым гректің екі сөзінен қүралған — leucos ақ, plague — табақша (пластинка). Лейкоплакия — ауыз қуысы шырышты қабығының созылмалы сырқаты. Морфологиялық түрғыдан бүл қүбылыс созылмалы қабынудың асқынуы болып, ошақты қайтымсыз дистрофиялық өзгерістермен сипатталады. Жай көзбен қарағанда,ол тіл үстінде немесе үрттың шырышты қабы-ғында ақ түсті, көлемі де, пішіні де әртүрлі, жалпақ қатты «та-бақшалар» түрінде көрінеді. Кейде ош>щ үсті кедір-бүдыр болады. Лейкоплакия көбінесе ер адамдарда 30 бен 50 жастың арасыңда кездеседі.

Лейкоплакияның себептеріне жөйсіз тіс протездерінің, кариоз-ды тістердің әсерінен пайда болған жаралар, темекінің немесе насы-бай әсерінен пайда болатын жаралы қабыну, дистрофиялық қүбы-лыстар жатады.

Микроскоппен қарағанда көп қабатты жалпақ эпителийдің қалындағаны, түлеу қүбылысыньщ қалыптан тыс артып кеткені көрінеді. Эпителий жиегінде акантоз қүбылысы күшейгенде «емізікшелер» эпителий асты қабатқа және сыртқы өсіп, лейкопла-кияның үсті кедір-бүдыр болып көрінеді. Эпителий асты тіндерде лимфоциттерден, моноциттерден, плазмоциттерден қүралған сіңбелер байқалады. Сонымен қатар склероз де күшейеді.



Лейкоплакияньщ 50 пайызы ерте ме, кеш пе малигнизацияға үшырап қатерлі жалпақ жасушалы карциномаға айналады, сондық-тан лейкоплакияны облигатты ісікалды урдісі деп атауға болады



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет