21
деген әдемі ұранның байыбына терең барғанын, аса шытырман,
қиын сәттерін де көрсету арқылы автор қаһарман бейнесін
білгірлікпен сенімді ашқан. Романдағы Абай мен Шоқан
байланысы, әсіресе Шоқан өлімі қазасы қатты күйзелтіп
жібергені туралы кеңінен айтылады. Абайдың соншалықты
қайғырғанын көрген дос-жарандары да бас айналар бақытсыздық
болғанын түсінеді. Бұл туралы жазушы жеріне жеткізе жаза
біледі. Оның дәлелі ретінде мынадай түйіндер беріледі:
«Абайдың осы құлазыған сұмдық халінен аз да болса
сейілткен – Омбыдағы оқуынан келіп жатқан Халиолла еді.
Жүріс-тұрысы, кескін-келбеті Құнанбай балаларының біріне
ұқсамайды; жайшылықта бос-болбыр, «қой аузынан шөп алмас»
момын деуге де келеді. Қызынып сөйлеп кеткен кезінде ғана түсі
өзгеріп, ақжарқын, момақан шырайының қаны қашыңқырап,
кісіге кешіріммен қарайтын жуасыңқы көздеріне шейін сұрғылт
тартып кетеді»,-
деп, Шоқанды еске алған тұстарда өңі
қаракүреңденіп кететін Халиолла бейнесі суреттеледі. Дүниені,
тыныштықты сақтайтын қара күш иесі, әскер де емес екенін,
ойшыл адамдар ісі, солардың өздерін құрбандыққа шала жүріп
істейтін адамгершілік харакеттері екенін жазушы осы
Халиолланың аузына салу арқылы айтқызады.
Роман-хамсадағы кейіпкерлерге ден қойғанда байқағанымыз
- жазушы бейне сомдауға шебер. Жазушы шығармасындағы
Құнанбай, Қодар, Кенесары, Абай, Ербол, Зере, Шоқан,
Тәттімбет, Алшынбай, Ұлжан, Тоғжан т.б. көптеген кейіпкерлер
– өмірде болған адамдар. Автор олардың әрқайсысының
жекелеген бейнелерін бере отырып, сол кезде өмір сүрген
адамдардың типтік бейнесін жасауды мақсат тұтады.
Р.Тоқтаров туындысындағы жан-жақты ашылған, тұтас
сомдалған типтік бейнелердің бірі – Қодар. Бұл бейнені автор:
Достарыңызбен бөлісу: