65
пен Топыш, кейуана мен дуана бейнелері бас қаһарманның
мінезін танытуда өзіндік роль атқарған.
Пьесада ұлттық мінез бен болмыс айқын танылады.
Жалқаулық пен кертартпалық, аяқтан шалу сияқты қазақи
мінездеді драматург кейіпкерлердің әрекеттері мен пиғылдары
арқылы көрсеткен.
Қорыта айтқанда, Ә.Кекілбаевтің «Абылай хан» пьесасы –
қазақтың кешегісі арқылы бүгінін меңзейтін туындысы. Әйгілі
прозашының драматургия жанрын еркін игергеніне осы пьеса
мысал.
М.Байсеркеновтың
“Абылайдың
ақырғы
күндері”
драмасында бір тәулік ішіндегі Абылайдың жай-күйі, іс-әрекеті
суреттеледі. Сырқат Абылай аласапыран да тас түйін күйде,
психологиялық тұрғыда ауыр жағдайды бастан кешеді.
Пьесадағы Абылайдың өлімі туралы болжамдардың бірі сюжетке
негіз ретінде алынады да, хан өмірінің соңғы үш күнін
бейнелейді. Осы күндер ішінде хан өз өміріне жүргізген
саясатының жетістік-кемшін тұстарын, қателігін, өкінішін, қол
жеткізе алмай қалған арман-аңсарын зерделеп, көз алдынан
өткізеді. Хан өмірі, оның саяси жолы, ондағы жақтастары мен
қарсыластары, жорықтары “сана ағыны” тәсілімен де, Бұқар
жыраумен диалогтарында айшықты бейнеленеді. Пьесадағы
кейіпкерлер саны үшеу: Абылай, Бұқар жырау, Сейіс. Бұқар –
ойшыл, ханның кеңесшісі, жырау; Сейіс – Абылайдың күзет
басшысы, ханға көзсіз берілген адам. Сахнада өтетін оқиғалар
бір-бірімен жалғас екі уақыттық өлшеммен беріледі. Алдымен ел-
жұртының көз алдында Абылай мен халықтың тағдыры
сығымдалып, жинақталып беріледі, екіншісі өткен тарих бүгінгі
күнмен салыстырыла көрінеді. Абылай ұлы хан болғанымен,
Уақыт пен Тарих алдында кәдімгі жан, пенде. Яғни, пьесаның
соңында барлығын таразылайтын, барлығына төрелік ететін –
Уақыт деген түйін беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: