Искакова Ж. М., Симбаева С. О



Pdf көрінісі
бет12/67
Дата19.12.2021
өлшемі0,89 Mb.
#103324
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   67
Байланысты:
ҚАЗІРГІ-ҚАЗАҚ-ӘДЕБИЕТІ-конвертирован

«Енді,  міне,  жуан  торы  атының  үстінде  өңкиіп,  қанын  ішіне 
тарта сұрланып өзі келе жатыр. Бергі қабақтағы қалың қауды 
қабырғалап  өте  бере  іш  киімінен  басқасын  шешіп  тастап, 
қолындағы  жарық-жұрқ  еткен  бірдемесін  ерсілі-қарсылы 
құлаштай сермеп жүрген еңгезердей зор денелі туысқанын көрді. 
Қодар  –  осы.  Ол-дағы  өзіне  қарай  тура  салып  келе  жатқан 
Құнанбайды  қиядан  шалып,  қолындағысын  анадай  жерге 


22 
 
лақтырып  тастай  беріп,  белін  жазып  тұра  қалды.  Бұл  күндері 
елуді  иектеп  қалса  да  әлі  жас  жігіттей,  өн-бойының  бұлшық 
еттері  жылтырай  тырсия  сыртқа  теуіп  тұр»,
  -  деп  
бейнелеуіндегі  Қодар  Құнанбайдың  қандасы,  әрі  елдің  бетке 
ұстар азаматының тұлғасы. Романның тағы бір тұсындағы Қодар 
портреті: 
«Қайын  атасы  Қодар  бір  отырғанда  бір  мес  айран 
ішеді.  Оны  ішіп  алмаса,  басқа  тамақты  шақ  келтірмейді.  Есік 
алдында тот басып майысқан темір сүймен жатушы еді, соны 
қыр  арқасына  салып  тұрып  түзегенін  көзімен  көрген.  Қорадан 
шықпай  қойған  ауру  құнажынды  жалғыз  өзі  астына  кіріп, 
иығына  сап  көтеріп  алып  шықты.  Тілі  мірдің  оғындай,  бұрын 
ашуы  келгенде  болмаса,  сөйлемейді  екен.  Сөйлей  қалса  нені 
болсын  жұмбақтап,  мәнерлеп  қайырады»
  -  деп,  Қодар 
жаугершілікте  те  көп  ерлік  көрсеткенін,  айналасына  қараулық 
көрсетуден  жұрдай  қарапайым  адам  болғаны  нанымды 
суреттеледі.  Қодардың  ел  сырын  жақсы  білетіндігі,  мәтелдете 
сөйлейтін шешендігі де көрінеді.  
 
Р.Тоқтаровтың  “Абайдың  жұмбағы”  роман-хамсасындағы 
бейне  жасау  тәсілдері,  көркемдік  құралдар  мен  суреттеу, 
бейнелеу  құралдарын  байыптай  келгенде  түйгеніміз,  сөз  қоры, 
сөйлем  құраудағы  амал-тәсілдер,  ой  өрнектілігі,  көркемдеу 
құралдарын  қолданудағы  үйлесімдер,  алдағы  уақыттағы  өсер, 
өркен  жаяр  дәстүрлер  кеңінен  қамтылды.  Жазушының  өмірді 
көркем  нақышпен  бейнелеуі,  образдылық,  портрет  жасаудағы 
шеберлігі  Абайды  арқау  ете  отырып,  қазақтың  басқа  да  халық 
сыйлаған  қадірлі  азаматтарын  тарих  саханасына  шығарып  қана 
қоймай,  келешек  ұрпақ  санасында  осы  ұлылардың  бейнесін 
қалдыруға ұмтылуына қуануымыз абзал. 
 
Абай Құнанбаев –
 
тарихи адам, осы тарихи адам өмірінің 
реалды шындығын жазушы өз ортасынан оқшаулау адам екенін 
танытар қаһармандық қасиеттерімен әрлейді. Ол қиын
-
қыстау 
кезде де, қуанышты сәттерде де, алғырлығымен, 
тапқырлығымен, байсалды мінезімен көрінеді. Адам бойындағы 
ақылдылық, сабырлылық деген ұғымның шекарасы, ақиқат мәні 
қандай деген
 
сауалға осы бейне орнықты жауап бере алатындай. 
Автор Абайға өзі мінездеме беріп жатпай, басқа бейнені сөйлету, 
ойланту арқылы оқиғаларды ұтымды дамытады. Халық арасында 


23 
 
білім мен парасат таратушы Мұса Шормановтың Абайға деген 
көзқарасы роман
-
хамсада былай беріледі: «Мұса Абайдың 
сөйлеген сөзінен гөрі, айналасына нұр жаудыра қарайтын 
қарашықтары өткір, марғасқа жүзіне қарап іштей сүйсініп, шексіз 
риза болып отырды. Орта жүздің ғана емес, бар қазақтың 
төбесінен шалқып тұтанғалы тұрған шамшырағы секілді, тағдыр 
оны осы кесапат халге дүниеге атын шығару үшін әдейі душар 
етіп қойғандай екен.
 
 
Абайды ол алғаш жиырмадан жаңа асқан балаң жігіт кезінде 
көріп  еді,  ондағы  түрінен  өзгермегені  –  әсем  қиылған  қызғылт 
еріндері  мен  төңірегіне  нұр  шаша  қарайтын  жарқырауық  үлкен 
көздер. Одан бергідегі өзгерісі – шықшыт сүйектері, мойны-басы 
етейіп,  мұрнының  дөңі  ұлғая,  сақал-мұрты  ұзара  қалыңдай 
түсіпті.  Бұл  көргенде,  жасында  ол  қараторылау  сықылды  еді, 
қазір  толысқандыкі  ме,  екі  бетінің  ұшына  иман  үйіріліп,  кең 
маңдайы  қақтаған  күмістей  теп-тегіс  жазылып,  дүйім  ажары 
сыртына біте ақшыл-күрең тартыпты» – деп екінші біреуге әңгіме 
айтқызу арқылы кейіпкердің қиыншылықтарды жеңу жолындағы 
істерін суреттейді. Бұл орайда жазушы тек қана Абай бейнесінің 
ғана  емес  Михаэлис,  Шәкәрім,  Шоқан,  т.б.  болмыс-бітімін, 
рухани жан-дүниесін, талай тағдырлары өзгіріске ұшыраған  тар 
кезеңдеріне  көбірек  назар  аударған  тұстары  кездеседі.  Жазушы 
кейіпкерлерінің  осы  тұстағы  психикалық  құбылыстарын  тірі 
қозғалысымен,  сыртқы  портретінің  кейбір  деталь-штрихтерімен 
қоса-қабат  алып  суреттейді.  Абайдың  Әбіш  қайтыс  болғанда 
оның  алыс  бір  қияда  көз  жұмғанын,  ең  қуатты  тамыры  үзіліп 
кеткенін  жазушы  шебер  суреттеген.  Осы  мезгілсіз  хабарды 
естігендегі  Абайдың  ішкі  жан  құбылысы  былай  берілген: 
«Абайдың  оны  естігенде  жылаған  да,  артық  күйінген  де  жоқ. 
Құлама  жар  жиегіне  келіп  қалғанын  жаңа  байқаған  жандай, 
алдына  үңіле  қарап  тұрып  қалыпты.  Әлдебіреулердің  сабырлық 
тілеп  көңіл  айтып  жатқандары  жар  астындағы  бас  айналар 
сол терең  шатқал табанынан талмаусырап жетіп тұр», 
–  деп 
жылаулы  жұрттың  жұбатуын  да,  көңіл  айтуын  да  тілемеген 
Абайдың үмітінің ең қараңғы түбіне жаққан жалғыз шырағының 
сөнуі осылай бейнеленеді. 


24 
 
 
Соңғы жылдардағы романдарында қаламгер қазақ қоғамына 
еңбегі  сіңген  қайраткерлер  туралы  осы  тарихи  тұлғалар 
характерін жасау үшін сол кезеңдегі тарихи жағдайды, әлеуметтік 
ортаны  терең  зерттеп,  әрқилы  тарихи  материалдарға  үңіліп,  осы 
қоғам  қайраткерлерінің  толық  бейнесін  жасап  шығарған. 
Абайдың  азаматтық,  күрескерлік,  мәмілегерлік  рухына  қатысы 
бар,  саяси-әлеуметтік  оқиғаларды  жинақтап,  іріктеп  алу  жағы 
сәтті  шыққан.  Әр  қилы  тарихи  оқиғаларға,  халық  аузындағы 
аңыз-әңгімелерге  сүйене  отырып,  Абайдың  ішкі  жан-дүниесі, 
адамгершілік 
парасаты, 
мәмілегерлік 
саясатындағы 
қалтарыстарға  қатысты  тұстарды  орынды  және  осы  әлеуметтік 
оқиғаларды  іріктеп,  жинақтауда  да  ұқыптылық  байқалады. 
Шығарма    соңында: 
«Абайдың  айтатыны  да  осы:  «Басыңа  һәм 
өзіңе  өзгешелік  бермек  –  адам  ұлын  бір  бұзатын  іс»,-
 
деп. 
Өзгеден  артылам,  өрлігімді  танытам  деп  нәрсіздікке, 
арсыздыққа  баратынын  айтып  ескертіп  отыр.  Өзіңе  сақтық, 
қатаң  талап,  өзгеге  аяушылық  пен  мейірім  керек.  Тірлігіңде 
сүйенген, сенген дәуреніңді жалған етпесін. Оны жалған ететін 
болса,  кеңшілігі  тәңірден  ғана  күтілсін.  ...Осы  деп  білеміз  біз  – 
адамзатқа  мирас  Абай  тағылымы»,-
  деп  қорытындылап, 
халқының  бүгінгі  рухани  өміріне  қатысты  өткен  замандағы 
тарихи шындықты жастарға айтып, түсінікті етіп бедерлеген. 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет