Искакова Ж. М., Симбаева С. О


Тәуелсіздік тақырыбындағы романдар



Pdf көрінісі
бет5/67
Дата19.12.2021
өлшемі0,89 Mb.
#103324
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   67
Байланысты:
ҚАЗІРГІ-ҚАЗАҚ-ӘДЕБИЕТІ-конвертирован

 
Тәуелсіздік тақырыбындағы романдар.  
Мақсаты: 
Тәуелсіздік  тақырыбындағы  романдардың 
идеясы  мен  көркемдігін  таныту.  Мазмұндық  –  құрылымдық 
ерекшеліктерін талдау. 
Негізгі  ұғымдар:  кейіпкер, 
халық  тарихы,  ұлттық  идея, 
образдар жүйесі, заманауи мәселе. 
Жоспары:  
1.
 
Б.Мұқайдың «Өмірзая» романы.  
2.
 
Романның идеясы, көркемдігі.  
3.
 
Кейіпкерлері. Алдияр Ақпанұлы, Аяған Қуатов тағдырлары. 
Ж.Әлмашұлының «Оянған ұрпақ» романы.  
4.
 
Романның тақырыбы мен идеясы.  
5.
 
Оқиға желісі. Кейіпкерлер жүйесі. 
 
 
Жазушы  Баққожа  Мұқайдың  Қазақстан  Мемлекеттік 
сыйлығын  алған  «Өмірзая»  (1998)  романы  «Бұл  еңбегімді  қазақ 
елінің  тәуелсіздігі  жолында  құрбан  болған  ерлердің  аруағына 
арнадым. Автор» деген арнаумен ашылады. Романда екі кейіпкер 
ерекше  көзге  түседі.  Бірі  –  «күйіп  тұрған  заманда  Кенесарыны 
қорғаймын  деп  күйген  «ұлтшылдығы»  үшін  жеті  жыл  қараңғы 
үйде отырып келген қарт профессор Алдияр Ақпанұлы. Екіншісі 
–  профессордың  шәкірті,  ғылым  кандидаты  Аяған  Қуатов.  Бұл 
енді  кегін  қуған  баласы  Сыздық  үшін  күйеді.  Жаратылысынан 
шыншыл  жан  шындық  десе,  ішкен  асын  жерге  қояды. 
Студенттерге оқыған дәрістерінде біз өз халқымыздың тарихынан 
гөрі,  Рим  империясының  тарихын  жақсы  білеміз.  Бізге  қазақ 
халқының  тарихы  керегі  жоқ.  Өйткені  біз  құлмыз,  –  деп 
ашынады.  Бірі  ұстаз,  бірі  шәкірт  –  екі  ғалым  Алдияр  мен  Аяған 
бейнелері  –  парасатты адамдардың образы.  Олар  ел мен жердің, 
ұлттың  намысын  жыртқан  күрескерлер.  Романды  «Өмірзая»  деп 
атағанда  жазушы  Алдияр  мен  Аяған  ұрпақтарының  өмірі  зая 
кетті  деуден  аулақ.  Жоқ,  олар  жоғалған  ұрпаққа  жатпайды. 


10 
 
Өмірзая – жетім жұлдыз. Бір өшіп, бір жанады. Ол күллі әлемнен 
теперіш көріп тұрған сияқты. Аяған сияқтылар – Кеңес тәртібінің 
сыртқа  тепкен  жетімдері.  Жазушы  шыншылдықты  жалаң 
көрсетпейді.  Оны  ұлттық  характер  табиғатынан  туындатады. 
Аяған  қай  нәрсені  де  ұлты,  халқы  тұрғысынан  бағалайды. 
Романның  қай  эпизоды  болсын,  бір  идеяның  айналасында 
ашылады.  Қазақтың  билікке  қолы  жетпей  тұрып,  жат  елдің 
қолынан  ақиқат,  әділет  табуы  мүмкін  емес.  Тәуелсіздік  –  ең 
қымбат, ең қасиетті байлығымыз деп ой түйеді автор.  
     «Өмірзая»  романы  –  тәуелсіздік  перзенті.  Романды  кешегі 
бодан  ел  турасында  жазылған  туынды  десек  те,  бүгінгі  күнге  де 
арналған. Бүгінге  ұлттық идея керек. Роман осы заманның талап-
тілегінен туған.  
    Ұлттық 
әдебиетіміз  тәуелсіздік  жылдары  ел  өмірінің 
өзгерістеріне  жіті  назар  аудара  бастады.  Ұлт  тағдыры  туралы 
толғану  Жолтай  Әлмашұлының  Қазақстан  Республикасының  он 
жылдығына  арналған  конкурста  ынталандыру  сыйлығын  алған 
“Оянған ұрпақ” (2002) романында орын алған. Романның сюжет 
желісі  бір  топ  қазақ  жастарының  студенттік  өмірінен  бастап, 
баспасөзге,  ел  тірлігіне  араласқан  жылдарын  қамтып,  соңы 
тәуелсіздік туын желбіреткен кезеңмен аяқталады.  
    Жастардың  ортасында  сүйіспеншілік,  махаббат  мәселесінің 
бірге жүретіні белгілі. Осы оқиға арналарын бйнелуде автор таза, 
шынайы  махаббатты  дәріптейді.  “Шын  сүйіспеншілік  ары  таза, 
пәк  жастардың  арасында  болады”  бұл  сөздерді  Алтай  мен  оның 
сүйген  қызы  Меруерт  қайталап  айтып  отырады.  Осы  жастардың 
қызу  талқылайтыны  өздерінің  болашағы,  өз  ұлтының  жайы. 
Жастардың  арасында  өз  қара  бастарын  ғана  ойлайтындары  бар. 
Ал,  Алтай,  Шаһарбектер  халқының  қамын  ойлаған  жолдарында 
көп  қиындық  көреді.  Желтоқсан  көтерілісі  кезінде  олардың 
жүректеріндегі  ұлтына  деген  сүйіспеншілік  лаулай  түседі.  Осы 
көтеріліс кезінде Меруерт шовинистердің соққысынан көз жұмса, 
Шаһарбек  сотталып,  камерада  көз  жұмады.  Ол  ұлтына 
жанашырлық  танытып,  қорғау  жолында  мерт  болды.  “Оянған 
ұрпақ”  өкілі  Шаһарбек  ұлтжанды  кейіпкер.  Ол  Мағжанды, 
Міржақыпты  үлгі  тұтады.  Қаншама  қуғын-сүргінге  ұшыраса  да, 
сенімінен, табандылығынан айнымайды.  


11 
 
Романда Кеңестік дәуірдің ащы шындығы кейіпкерлердің іс-
әрекеті,  мақсат  –  мұраты  арқылы  танытылып,  гуманизм, 
адамгершілік  мәселелері  көркемдік  шындық  заңдылықтарына 
сәйкес бейнеленген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет