Іскери қазақ тілі пәні бойынша оқыту бағдарламасы (Syllabus)



бет3/3
Дата25.06.2017
өлшемі496,81 Kb.
#19952
1   2   3

(қолы)

КЕЛІСІЛГЕН

Маман даярлаушы кафедра

Кафедра меңгерушінің аты-жөні, тегі

Қолы

Келісілген күні









































































Кафедра меңгерушісі ____________ А.Ф. Зейнулина 20____ж. «____» ________

1 Оқытушылар туралы мәліметтер және байланысу ақпараттары

Төлеген Хаметұлы Сматаев

Лингвистика магистрі, аға оқытушы

Қазақ тілі кафедрасы бас ғимаратта (Ломов к., 64) А- 456 аудиторияда орналасқан.

Байланысу телефоны: 8 (718-2) 67-36-85 (ішкі - 1327)

2 Пән туралы мәліметтер

Пәннің атауы – Іскери қазақ тілі

Курс 1 семестрге белгіленген.

Сабақ өткізілетін орны: деканат бекіткен сабақ кестесіне сай өткізіледі.
3 Пәннің еңбек сыйымдылығы

Семестр

Кредиттар саны

Аудиториялық сабақ түрлері бойынша қарым-қатынас сағаттарының саны

Студенттің өздік жұмысының сағат саны

Бақылау нысаны

барлы-ғы

Дәріс

практи-ка

Зертха-налық

студия-лық

жеке

барлығы

СРСП

1

1

45

-

15

-

-

-




30

Емтихан


4 Пәннің мақсаты және тапсырмасы

Мәтін мазмұнын түсініп сұрақ қою, сұраққа жауап беру; сөйлеу жағдаятына сәйкес сөздер мен сөз үлгілерін пайдаланып, қазақша тілдік қатынасты іс жүзінде асыру және кәсіби терминдерді қолдана білу.

Студенттердің бір-бірімен қарым-қатынасын іске асырумен қатар оның ой-пікірін, көзқарасын, танымы мен білімін аңғарту. Берілген жаттығулар мен тапсырмаларды өз бетімен жұмыс жасауға, тілді терең игеруге мүмкіндік жасау. Мәтінге қатысты тапсырмалар арқылы коммуникативтік дағдысын қалыптастыру. Іскерлік тілде жатық сөйлеуге, жазуға үйрету.

5 Білімге, икемділікке және машықтарға қойылатын талаптар

- практикалық курста берілген тақырыптарға қатысты актив сөздер мен пассив лексика кәсіби бағытта пікірлесуді жүзеге асыру;

- тілдік қатынастағы тірек сөздерді дұрыс меңгеру;

- сұхбат барысында дұрыс байланыстырып сөйлеуді үйрену;

- грамматикалық ережелер түсінікті, сауатты жаза алу.
6 Пререквизиттер

Іскери қазақ тілі пәнін оқымас бұрын студенттердің қазақ тілі пәнінен алған білімдері кем дегенде «қанағаттанарлық» деген баға болуы керек. Осы пәнді меңгеру үшін өз білімін көрсете алуы, сауатты жаза білуі, мәнерлі түрде оқи алуы, термин сөздерді игеруі сияқты талаптарды орындап, тілге деген құрметін, ықыласын білдіруі қажет.


7 Постреквизиттер

Пәнді меңгеру кезінде студент кез келген салада өзінің теориялық білімдерін жүзеге асыра алады. Іскерлік тілде жатық сөйлеуге, жазуға машықтанып, алдына қойылған тапсырмаларды орындай алады. Қызметтік орындарда хат алмасу, ақпарат, қызмет көрсету, тауарды жарнамалаудың жаңа мәдениетін қалыптастыру жолындағы құндылықтарымен де назар аудартады.



Пәннің тақырыптық Нысан

жоспары ПМУ ҰС Н 7.18.2/10


8 Пәннің тақырыптық жоспары




Тақырып атауы

Сағат саны

Тәжірибелік

СОӨЖ

СӨЖ

1

Қазақ тілінің ресми-іскери стилі

Мемлекеттік қызметкер: басқару мен қызмет жасаудағы тілдік стиль түрлері



1

1

2

2

Қазақ тілінің емлесі, өзіндік ерекшелігі (Дауыстылардың жазылуы. Дауыссыздардың жазылуы. Бірге жазылатын сөздердің емлесі, бөлек жазылатын сөздердің емлесі. Бас әріп емлесі. Сан есім емлесі).

1

1

1

3

Іскери тілдегі грамматикалық құрылым ерекшелігі (морфологиялық синтаксистік форма ерекшелігі)

1

1

1

4

Іскери стильдегі пунктуация

1

1

1

5

Тіл туралы Заң. Басқару қызметіндегі құжаттау, құжаттарды ұйымдастыру, түрлері мен топтары

1

1

1

6

Іскерилік құжаттамаға байланысты сөздер мен сөз тіркестері

2

2

2

7

Қызметтік тіл қатынасы. Іскери тілдегі синтагма, фраза, диалог, түйіндеме, тіл ұстарту

1

1

1

8

Қызметтік тіл мәдениеті

1

1

1

9

Мемлекеттік қызметкердің іскери сөздік қоры. Іскери қатынастағы сөздік қордың қолдану жиілігі

1

1

1

10

Іскери тіл ұстарту

1

1

1

11

Қазақша-орысша тіркесім сөздердің қолданысы

1

1

1

12

Іскери құжаттама мәтінінің мазмұны. Іскери құжаттама мәтінін жазу сауаттылығы

2

2

1

13

Маркетингтік және аудиторлық қызметтегі іскери қазақ тілі.Аударма сауаттылығы.Іскери кәсіби қазақ тілін ақпараттандыру жолдары.Аударма реквизиті.

1

1

1



Барлығы

15

15

15



9 Пәннің қысқаша сипаттамасы: «Іскери қазақ тілі» пәні І семестр, яғни сағат санына байланысты 15 апта бойы жүргізіледі. Аталған пән бойынша оқу жоспарына сай 1 кредит, 2 аралық бақылау алынады.

10 Курс компоненттері
Практикалық сабақтарының мазмұны
№1 тақырып. Қазақ тілінің ресми-іскери стилі.Мемлекеттік қызметкер: басқару мен қызмет жасаудағы тілдік стиль түрлері: стиль туралы түсінік, стильдің түрлері, ресми-іскери стильдің ерекшеліктері, қызмет жасаудағы тілдік стиль түрлерін ажырату.

№2 тақырып. Қазақ тілінің емлесі, өзіндік ерекшелігі: емле туралы түсінік, қазақ тіліне тән дыбыстар, дауыстылардың жазылуы, дауыссыздардың жазылуы, бірге жазылатын сөздердің емлесі, бөлек жазылатын сөздердің емлесі, бас әріп емлесі, сан есім емлесі.

№3 тақырып. Іскери тілдегі грамматикалық құрылым ерекшелігі. Морфологиялық: сөз құрамы туралы түсінік, қсымша, оның түрлері, жазылу нормалары. Синтаксистік: байланысу тәсілдері, мен формалары туралы түсінік.

№4 тақырып. Іскери стильдегі пунктуация: ресми-іскери стильдегі пунктуация ерекшелігі (қос нүкте, жақша, тырнақша, сызықша, дефис, көп нүкте, үтір және т.б.)

№5 тақырып. Тіл туралы Заң. Басқару қызметіндегі құжаттау, құжаттарды ұйымдастыру, түрлері мен топтары: Тіл туралы Заң, қолданыс аясы, басқару қызметіне байланысты тілдік саясат. Мемлекеттік тілдегі құжаттардың түрлері мен ресімделуі.

№6 тақырып. Іскерилік құжаттамаға байланысты сөздер мен сөз тіркестері: құжатты ресімдеу: өмірбаянға, түйінге, сауалнамаға, жеке іс парағына, өтінішке, баянхатқа, бұйрыққа, бұрыштамаға, қарарға, жеке еңбек шартына, сенімхатқа, ресми сенімхатқа, жеке сенімхатқа, қолхатқа, кепілхатқа, түсініктеме хатқа, қызметтік хаттарға, хабарламахатқа, еске салу хатқа, жауап хатқа, құттықтау хатқа, іскерлік хатқа, жарнамалық хатқа, шақыру хатқа, хабарландыруға, актілерге, жеделхатқа, телефонхабарға, баяндау хатқа, анықтамаларға, растау хатқа, бастама хатқа, ілеспе хатқа, мінездемеге, ұсынымға, хаттамаға, арызға, шағымға, шағым жауабына, талап-арызға қатысты сөздер мен сөз тіркестерін жинақтау, қолданымға енгізу.

№7 тақырып. Қызметтік тіл қатынасы. Іскери тілдегі синтагма, фраза, диалог, түйіндеме туралы түсінік. Тіл ұстарту: іскерлік қатынасым, этикалық қатынасым, кәсіби қатынасым лексикасы, диалогтық қатынасым.

№8 тақырып. Қызметтік тіл мәдениеті. Қызметтік тіл мәдениеті туралы, тіл мәдениетінің нормалары мен шарттары.

№9 тақырып. Мемлекеттік қызметкердің іскери сөздік қоры. Іскери қатынастағы сөздік қордың қолдану жиілігі. Сөздік қор және сөздік құрам туралы түсінік, ресми –іскери сөздер мен сөз тіркестерін жинақтау, сөздің қолдану аясын кеңейту, қолдану жолдарының сауаттылығы.

№10 тақырып. Іскери тіл ұстарту. Іскери тіл ұстарту туралы түсінік, тілдік практикум, іскерлік қатынастағы сұбат.

№11 тақырып. Қазақша-орысша тіркесім сөздердің қолданысы. Қазақша-орысша тіркесім сөздердің қолданысы: сөдіктердің түрлері, олармен жұмыс жүргізу.

№12 тақырып. Іскери құжаттама мәтінінің мазмұны. Іскери құжаттама мәтінін жазу сауаттылығы. Мәтін мазмұны туралы түсінік, іскери құжаттама мәтіндерінің түрлері, мәтін мазмұның ерекшеліктері: өмірбаян, түйін, сауалнама, жеке іс парағы, өтініш, баянхат, бұйрық, бұрыштама, қарар, жеке еңбек шарты, сенімхат, ресми сенімха, жеке сенімхат, қолхат, кепілхат, түсініктеме хаты, қызметтік хаттар, хабарламахат, еске салу хаты, жауап хат, құттықтау хаты, іскерлік хат, жарнамалық хат, шақыру хаты, хабарландыру, актілер, жеделхат, телефонхабар, баяндау хаты, анықтамалар, растау хаты, бастама хаты, ілеспе хаты, мінездеме, ұсыным, хаттамаға, арыз, шағым, шағымға жауап, талап-арыз.



№13 тақырып. Маркетингтік және аудиторлық қызметтегі іскери қазақ тілі. Аударма сауаттылығы.Іскери кәсіби қазақ тілін ақпараттандыру жолдары.Аударма реквизиті. Маркетингтік және аудиторлық қызметтегі іскери қазақ тілінің ролі, стандартқа байланысты сөздер мен сөз тіркестері, аудиторлық қызметке байланысты сөздер мен сөз тіркестерін қолдану формалары, іскери қазақ тілін ақпараттандыру жолдары. Аударма реквизиті: мәтін, аудару, аудару заңдылықтары.
11 СӨЖ түрлерінің тізімі




СӨЖ түрі

Есеп беру нысаны

Бақылау түрі

Сағатқа шаққандағы көлемі

1

Түйіндеме

Жазбаша

Құжат құрастыру

1

2

Хабарландыру


Жазбаша

Құжат құрастыру

1

3

Факс


Жазбаша

Құжат құрастыру

1

4

Жарнама

Жазбаша

конспект

1

5

Жеделхат

Жазбаша

Құжат құрастыру

1

6

Қолдау хат

Жазбаша

Құжат құрастыру

1

7

Ақпараттық хат


Жазбаша

Құжат құрастыру

1

8

Алғыс хат


Жазбаша

Құжат құрастыру

1

9

Ресми хат


Жазбаша

Құжат құрастыру

1

10

Визит карточкасы

Жазбаша

Құжат құрастыру

1

11

Шақыру хат

Жазбаша

Құжат құрастыру

1

12

Жеке хат

Жазбаша

Құжат құрастыру

1

13

Хат алмасу мәдениеті

Жазбаша

конспект

1

14

Хат алмасу жанры

Жазбаша

конспект

1

15

Келісім


Жазбаша

Құжат құрастыру

1

Барлығы

15



12 Студенттің өздік жұмысының мазмұны
1-тақырып. Түйіндеме.

Түйіндеменің реквизиттері, олардың дұрыс құрастырылуы негізге алынады. Үлгі арқылы өздерінің түйіндемелерін жазғызу.



2-тақырып. Хабарландыру.

Хабарландырудың жазылу тәртіптері. Құжат мәтіндерінің үлгілерімен жұмыс. Құжаттарды құрастыруда қолданылатын сөздер мен сөз тіркестерімен таныстыру. Үлгілер негізінде құжат құрастыртып, қателермен жұмыс жасату.



3-тақырып. Факс.

Факс арқылы жіберілетін құжаттардың мәтіндерін даярлау. Олардағы реквизит және олардың дұрыс орналасу тәртібін ескеру. Факс арқылы тағы да жіберілетін құжаттарға түсінік, талдау жасау.Оны қолайлы, әрі тез арадажеткізілуі , басқа да қолайлылығы туралы мәлімет беру.



4-тақырып. Қызметтік құжаттар. Жеке құрамның құжаттары: өтініш

Қызметкерлер құрамына байланысты құжаттар - жұмыс беруші мен жұмыскердің арасындағы қарым-қатынасты тіркейтіні мен ресімдейтінін баяндау. Қызметкерлер құрамына байланысты құжаттар: өтініштер, қызметкерлер құрамына байланысты бұйрақтар, кадрларды тіркеу жөніндегі жеке іс парағы, мінездеме, еңбек келісімі. Өтініштің тек мекеменің бірінші басшысының атына жазылатыны. Реквизиттері. Адресаттың ресімделуі. Жұмысқа қабылдау туралы өтініштің жазылу ерекшеліктері. Құжат үлгілерімен, оқулықтармен жұмыс. Қажет жағдайда құжат үлгілерін аударту. Жұмысқа қабылдау туралы және басқа мазмұнда өтініш мәтіндерін жаздыру. Қатемен жұмыс.



5-тақырып. Жарнама.

Жарнамалардың жазылуы, стильдік ерекшеліктері. Олардың безендірілулері мен таратылуы туралы мағлұмат ету. Жарнамаларды БАҚ арқылы, радио, теледидар арқылы таратылуы.

6- тақырып. Жеделхат

Жеделхаттың ресімделуі. Оның мәтіндеріне қойылатын талаптар. Жеделхат арықылы жіберілетін құжаттардың мазмұны. Алушы мен жіберушінің адресаттарына мән беру.



7-тақырып. Қолдау хат.

Қызметкерлерге байланысты қолдау хаттың жазылу ерекшеліктері, түрлері, реквизиттері, үлгілері. Үлгілерді аудару. Қажет сөздерді жазу. Қатемен жұмыс.



8-тақырып. Ақпараттық хат.

Ақпараттық хаттың үлгісімен, жазылу тәртібімен таныстыру. Қажет жағдайда құжат үлгісін аудару. Қажет сөздер мен сөз тіркестерін жаздырып жаттату. Оқу құралдарындағы үлгілермен таныстыру.

9-тақырып. Алғыс хат.

Хаттың мәнінін құрастыра алу. Ондағы тілек сөздермен жұмыс жасату. Түрлі жағдайларға байланысты айтылатын сөздер мен сөз тіркестерін игерту. Сауатты да мазмұнді жаздыруға машықтау сияқты талаптарды ескеру.



10-тақырып. Ресми хат

Қызметтік хаттың жазылу тәртіптері. Құжат мәтіндерінің үлгілерімен жұмыс. Құжаттарды құрастыруда қолданылатын сөздер мен сөз тіркестерімен таныстыру. Үлгілер негізінде құжат құрастыртып, қателермен жұмыс жасату.

11-тақырып. Шақыру хат.

Шақыру хаттың жазылу жағдайлары. Құжат мәтіндерінің үлгілерімен жұмыс. Құжаттарды құрастыруда қолданылатын сөздер мен сөз тіркестерімен таныстыру. Үлгілер негізінде құжат құрастыртып, қателермен жұмыс жасату. Сыпайгершілік сақтау сөздерін ескере отырып, құжат ресімдеу.



12 –тақырып. Жеке хат.

Жеке мәселеге байланысты жазылатын хаттың құрылымымен таныстыру. Стильдік нормаға сәйкес толтырып, ондағы реквизиттердің орналасу тәртібіне мән беру.

13-тақырып. Хат алмасу мәдениеті.

Мекеме, ұйым, кәсіпорындарда келісімдерді орындаудағы өзара жауапкершілікті атқара алатыны, жеке тұлғалардың мүдделері мен қажеттіліктерін ескере отырып, іскерлік қарым-қатынасты орнату мақсатын көздей отырып үйрету. Хат алмасу мәдениеттілігіне аса мән беру. Ішінара түсіндіретін ақпараттар мен ілмелердің жазылуына баса назар аудару, жұмыс жасау.



14-тақырып. Хат алмасу жанры

Іскерлік хат жазу өнерін үйрету. Кадр мәселесіне, мекеменің ішкі тәртібіне, жұмыс ережесіне байланысты нұсқаулықтар, фирманың ішкі және сыртқы мәселелеріне қатысты хаттарды реттеу, жазылу тәртібіне көңіл бөлу. Өзара қарым-қатынас жұмыстарын ұйымдастырып, талдау.



15-тақырып. Келісім

Сауда-саттық келісімдер, келісім-шарттар, тағы да басқа осыған ұқсас хаттарды ресімдеу.



13 Курс саясаты
Құрметті студенттер!

Сіздерді «Кәсіби қазақ тілі » пәнінің саясатымен таныстыруға рұқсат етіңіздер.

Студенттерге қойылатын талаптар:


  • дәріс сабақтарына, практикалық сабақтарға толық қатысу;

  • себепсіз сабақтарды босатпау, босатқан жағдайда оқытушы белгілеген уақыттарда тапсыру;

  • сабақтарға кешікпей келу;

  • сабақтарға белсенділік таныту;

  • практикалық сабақтарға дайындалып келу;

  • қосымша материалдармен жұмыс жасай білу;

  • сөздіктерді пайдалана отырып, түсініксіз, қиын сөздермен жұмыс жасай білу;

  • сабақ кезінде ұялы телефонды уақытша ажырату;

  • өз курстастарыңның оқуына ықпал жасау.

Топ жұмысына қатысудың сапалы болуы сандық көрсеткіштен де

маңызды. Аудиторияда оқылғанның бәрі талқыланады, студенттерге өз ойларын айтуға мүмкіндік беріледі, тәжірибелік сабақтардың орындалуы тексеріледі. Әр сабаққа міндетті түрде мұқият дайындалу, сондай-ақ берілген дәрістерді түгел оқу – парыз. Барлық тапсырма белгіленген уақытта орындалуы тиіс. Бұл тапсырманы орындау Сізге курсты толығымен меңгеруге, құжат түрлерімен танысуға, сауатты жазуға, құжаттарды дұрыс ресімдеуге (құрастыруға), т.б. сияқты білімдеріңізді кеңейте түсуге көмектесетін болады.

Кешіктіріліп орындалған тапсырма 1 ұпайға кеміп отырады.

Жазба жұмыстарын орындаған кезде көшіріп алуға тыйым салынады. Егер сіз бақылау шараларын өткізген уақытта бір себептермен қатыса алмасаңыз, онда сізге келесі сабақтың бас кезінде яғни біз талқылауға кіріспес бұрын өтуге мүмкіндік жасалады, әйтпесе сіз «0» деген ұпайға ие боласыз.

Курста аралық бақылау қарастырылған. Аралық бақылау

1-рейтингінің соңында (8 аптада), 2-рейтінгінің соңында (15 аптада) тест түрінде өткізіледі.

Емтихан семестр аяқталған соң, дәстүрлі түрде ауызша және жазбаша түрде қабылданады.


14 Әдебиеттер тізімі


  1. Қазақ тілі. IV деңгей / Құраст.: Т. Өмірзақ, Ә.Сансызбай, Ж.Имашева. – Астана. «Келешек-Пресс». 2006. - 208б.

  2. «Сөз сарасы». Қазақ тілінің ресми-іскери стилі бойынша әдістемелік құралы. – Астана: Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы. - Астана, 2009 ж. – 196 бет.

  3. Мемлекеттік тіл саясаты. – государственная политика. Алматы, 2005

  4. Қазақ граматикасы. Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис. Астана, 2002

  5. Мухамадиева Н.Қ. Іскерлік қазақ тілі: Оқу құралы. – Астана: Фолиант, 2007. -156 б.

  6. З.Қ.Ахметжанова, З.Ш. Ерназарова. Іскерлік қазақ тілі. – А., 2007.

  7. Дүйсембекова Л. Іс қағаздарын қазақша жүргізу. – Алматы: «Ана тілі», 2004 ж., - 208 б.



1 рейтинг (1 семестр)

Апталар

1

2

3

4

5

6

7

8

Барлығы

Бақылаудың барлық түрлері бойынша ең жоғарғы ұпай саны:

7

7

7

29

7

7

29

7

100

Сабаққа қатысуы


Бақылау формасы

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

16


Жоғарғы ұпай

2

2

2

2

2

2

2

2

Практикалық сабаққа дайындық

СӨЖ түрі

ҮЖ

1


Т

ҮЖ

3


Т

ҮЖ

5


Т

ҮЖ

7


Т

44

Бақылау формасы




Қ




Қ




Қ




Қ

Жоғарғы ұпай

5

5

5

7

5

5

7

5

Курс тақырыптары бойынша ағымдағы білімді бақылау

Бақылау формасы










Т1







Т2




40

Макс.балл











20







20




Межелік бақылау

Бақылау формасы






















МБ1



100

Макс.балл
























100

2 рейтинг (1 семестр)

Апталар

9

10

11

12

13

14

15




Барлығы

Бақылаудың барлық түрлері бойынша ең жоғарғы ұпай саны

8

8

30

8

8

30

8




100

Сабаққа қатысуы


Бақылау формасы

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ




14

Жоғарғы ұпай

2

2

2

2

2

2

2



Практикалық сабаққа дайындық



СӨЖ түрі

ҮЖ

1


Т

ҮЖ

3


Т

ҮЖ

5


Т

ҮЖ

7





46

Бақылау формасы




Қ




Қ




Қ







Жоғарғы ұпай

6

6

8

6

6

8

6




Курс тақырыптары бойынша ағымдағы білімді бақылау

Бақылау формасы







Т3







Т4







40

Макс.балл








20







20






Межелік бақылау



Бақылау формасы



















МБ2






Макс.балл




















100




100


Шартты белгілер: ҮЖ – үй жұмысы №1; Қ – оқу процесіне қатысу; Т1 – №1 тест;

Т – тексеру; МБ1 –№1межелік бақылау

20___ж. «___»____________ кафедра отырысында бекітілген. Хаттама №_____



Кафедра меңгерушісі ____________________ А.Ф.Зейнулина

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет