1.2. Бизнес әңгіме мақсаттары мен міндеттері
міндеттері талап бизнес сөйлесулерді жүргізу, бірінші, біреуі ықылас жатқызуға болады сөздермен әңгімелесуші басқа тұлғаға әсер ағымдағы бизнес жағдайды өзгерту үшін әрекет немесе топтар немесе бизнес, басқа сөзбен айтқанда қарым-қатынас, жаңа жағдайды жасау үшін немесе жаңа бизнес Әңгіме тараптардың арасындағы іскерлік қарым-қатынас; Екіншіден, қажеттілік пікірлері мен талдау негізінде тиісті шешімдер басшылары Қызметкерлердің есептілігі.
басқа салыстырғанда 1) жылдамдығы: ауызша байланыс бизнес әңгіме түрлері артықшылықтары бар Ескертпелер сұхбаттасушы жауап мақсаттарға қол жеткізу үшін үлес; 2) ескере отырып, бастығы құзыретін арттыру, сыни сараптау және пікірлер, ұсыныстар, идеялар, қарсылық және сын бағалау әңгіме білдірді; 3) неғұрлым икемді, сараланған тәсілді мүмкіндігін Әңгіме м тінм нін түсіну нәтижесінде талқылау тақырыбына,
№5тақырып:
Сөйлеу тілі адамдардың бір-бірімен күнделікті қатынасында пайдаланылады. Сондықтан, онда тілдің коммуникативтік функ-циясы баса сезіледі. Сөйлеу стилі белгілі бір жағдайда тікелей жасалатын қатынас стилі болғандықтан, ол сөйлеудщ ауызша формасымен тығыз бай-ланысты. Ауызша сөйлеуде еркіндік басым келеді. Яғни үйреншікті жағдайда адамдар қысылмай еркін сөйлейді. Өйткені онда күнделікті өмірге байланысты мәселе сөз болады. Сондықтан сөй-леу тақырыбына сай түрмыста көп жүмсалатын үйреншікті сөздер мен сөз тіркестері қолданылады. Бұл сөйлеу — тіліне тұрмыстық сипат беріп, оны қарапайымдандырады.
Өмірдің барлық саласында сөйлеу тілі кеңінен пайдаланылады, бірақ оның атқаратын қызметі және тілдік жүйенің пайдаланылуы бір текті больш келмейді. Солай болғандықтан сөйлеу тілін зерт- 1 Қарапайым сөйлеу деген мағынада. Ал карапайым сөзінің мағынасы өте кең Ол ресми емес, кенеттен дайындықсыз тұрмыста сөйленген сөздің түрлерінің бәрін қамтиды. Бұл ұғымды біз әзірше шартты түрде алдық Орыс тілінде оны В. В. Виноградовтын, термині бойынша, “Обыходно-бытовой стиль” деп жур. Ол термин әлі де орнығып, бекімегенге ұксайды. Мәселен, О. В С и р о т и н и н а оны былай тусіндіреді: “Видимо, бытовой тип и обыходно-бытовая речь — это разные стороны одного того же явления. Тип речи связано с ее характером, термин “обыходно-бытовая речь” отображает, прежде всего тематику и условия общения” (“Вопросы социальной лингвистики” деген мақалалар жинағында, Л, 1969, 387-бет).
тегенде оның формасын, түрін және стилін ескерген жөн (мәселен күнделікті тұрмыс тақырыбы мен ғылыми тақырыпта сөйлеу үлгілері және жиналыстарда, радио мен телевизорда сөйленген сөз т.б.).
“Тэжірибені жетілдіре берсең, оған есең кетпейді”,— дейді әкем. Әкем ұзақ жылдар бойы осың совхозда шопан болып істеді. Ал, менің де экенің құттытаяғын қабылдап алғаныма алты жыл болды. Содан бері өзім қабылдаған міндеттемемді артығымен орындап жүрмін. Көрсеткішім де төмен болып көрген емес. Ецбек жолында талай-талай қиыншылықтар да кездесті. Оған өз басым мойымадым. Он айдың ішінде облысымыздын, ауыл-селоларын түгел дерлік аралап, концерт қойдық. Біздіқ көрші Солтүстік Қазақстан, жа-қында құрылған Торғай облыстарында болып өнер көрсетуіміз шеберлігімізді арттыра түсті десек, асыра айтқандық болмас еді. Біз болган. екі облыстың да көрермендері жылы қабылдап, аудандық,, облыстық газеттерде біз жөнінде игі тілек білдірген мақалалар жарық көрді1.
Мұнда әңгіме шаруашылық пен өнер саласы туралы болған-дықтан, сол салаларға қатысты кәсіби сөздер (қарамен берілген) көбірек қолданылған. Бірақ жоғарыда келтірілген мысалдардағыдай осында қарапайым, тұрпайы сөздер мен диалектизмдер кездеспейді. Өйткені радиодан сөйленген сөздер формасы жағынан ауызша болып, тілдік кұралдарды пайдалануда әдеби норма мұқият ескеріледі. Сонымен, сөйлеу тілінің қарапайым түрінің-лексикасының құ-рамына көбінесе қарапайым, тұрпайды_сөздер және диалектизмдер мен кәсіби сөздер енеді.Бұлар, әсіресе, алдын ала дайындықсыз, кенеттен сөйлегенде қолданылады. Сөздердің ауыспалы мағынада қолдану амалы сөйлеу тіліне мәнерлегіштік әрі бейнелегіштік қасиет береді. Ауыспалы мағынадағы бейнелі сөздер, сол сөз болатын зат не құбылысқа адаңдардың жағымды не жағымсыз көзқарасын білдіру құралы болып саналады. Сөйлеу тілінің эмоционалдық касиеті басым болғандықтан, бұл құралдар сөйлеуде жиі пайдаланылады. Сонымен бірге, сөйлеу стилінде әдетте, олардың көп қайталанып, тұрақталған түрлері жұмсалады.
Сөйлеу тілінде жұмсалатын ауыспалы мағынадағы сөздер де құрамы жағынан әр түрлі: қарапайым, тұрпайы және жалпылама қолданылатын сөздер болып келеді.
№6 тақырып:
Кез келген әңгіменің құндылығы мен өзектілігі, негізінен қозғаған тақырыбына қарай, сол тақырыпты ашу деңгейіне орай бағаланатыны белгілі. Ендеше, біздің әңгімеміздің төркіні - үштілділік мәселесі болмақ.
Аталмыш тақырыпты жан-жақты зерттеу барысында Елбасымыздың, көптеген лингвист ғалымдардың, қоғам қайраткерлерінің пікірлеріне сүйене отырып, өз ойымызды дәлелді түрде жеткіздік.
Үштілділік жөніндегі сөз Елбасымыздың “Тілдердің үштұғырлығы мәдени жобасын кезеңдеп жүзеге асыруды қолға алуды ұсынамын. Қазақстан бүкіл әлемге халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар - қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі - жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі” деген салиқалы үндеуінен бастау алған болатын. Сонымен қатар Нұрсұлтан Әбішұлы: “мектептерге ағылшын тілінен шетелдік оқытушыларды тарту қажет. Кез келген ортанқол мектептің балаларға ең жоғары деңгейде шет тілін оқып үйренуіне жағдай жасайтындай дәрежеге қол жеткізуіміз міндет” [1] - деп етекше атап көрсеткен.
Үштілділік - нақты тұлға, ұжым, халықтың белгілі бір қоғамда қарым-қатынас үдерісінде қажет болған жағдайда үш түрлі тілді алма-кезек қолдану құбылысы.
Біз үштілділікті тәуелсіз еліміз үшін стратегиялық мәні ерекше құбылыс деп бағалаймыз, сондықтан да бұл құбылысты төрттілділік пен бестілділіктен бөліп қараймыз, үштілділіктің кез келген сыңары ретінде кез келген шет тілін алуға болар еді, бірақ біз бұл жерде де қоғамның нақты сұранысы басым түскен қазақ, орыс, ағылшын тілдеріне ерекше мән берген жөн деп түсінеміз [2].
Бүгінгі таңда мемлекетімізде үштілділік мәселесін нақты іс түрінде жүзеге асыру керек пе? Әрине, керек. Еліміз бен жерімізге ие болатын жастар үш тілді де қатар меңгеруі тиіс. Бірақ бұл үш тілдің тұғыры бірдей деген сөз емес. Қазақстанда бір ғана тұғырлы тіл бар, ол мемлекеттік тіл – қазақ тілі. Тұғыр сөзі діңгек, қазық деген мағынада қолданылады. Бір шаңырақты көтеру үшін үш діңгек керек емес. Бір діңгекпен көтерген шаңырақтың жан-жағынан уықтар қадалып, оның беріктігін қамтамасыз етеді. Біздің алтын діңгегіміз, тұғырымыз – қазақ тілі, ал жан-жағынан өзге тілдер мемлекеттік тілді қолдап уық секілді қадалады. Бірақ кейбіріміз үштілділік үдерісі жөнінде басқаша көзқарас танытып жатамыз. Мұның себебі осы бір сөздің мағынасын түсінбеуден келіп шығады. Бірқатары осы бағытты ұстануға оң көзбен қарап, құптаса, енді бірі өз қарсылықтарын білдіруде.
Атап айтсақ, саясаттанушы Т.Әбдуәлидің: «Мемлекет басшысы жаһандану жөнінде мәселе көтергенде де өре түрегелдік. Жаһандану дегеніміз қарапайым сөзбен айтқанда жоғары деңгейге жеткен елдермен қарым-қатынасымызды нығайту. Соның бірі - тілдік коммуникация. Бұл үшін халықаралық қатынас тілі болып жүрген ағылшын тілін үйренуге жастарымызды жатпай-тұрмай баулуымыз керек. Оның қажеттілігін уақыт өткен сайын өткір сезініп келеміз» [3] деген ойын оқытушы Т.Тәңірбергенқызы ары қарай жалғастырады: «Ағылшын тілін үйренгеннен біз мәңгүрттенбейміз. Ағылшын тілі қазақ тілін үйренуге ешқандай кедергі жасамайды. Тек соны түсіне білуіміз керек. Себебі, ағылшын тілі мемлекеттік тілмен бәсекелес емес» [4].
Ия, расында да, ағылшын тілі қазақ жерінде өз үстемдігін жүргізе алмайды. Қазақстанда тек қазақ тілі ғана билік құра алады. Ағылшын тілі – қазақ жерінің жаңа әлемге ашар есігі. Үштілділікті үрейлі кейіпте елестететін кейбір ағаларымыз «мұны ең соңғы өлу деп те қорқатындығын» [5] жасырмайды. Жоқ! Біз өзге тілдерден қорықпауымыз керек. Керісінше, сол тілдерді пайдалана отырып өзімізді өзгелерге таныта білуіміз қажет. Мәселен, М.Әуезовтың «Абай жолы» романы ағылшын тіліне аударылмаса Абайдай ғажап ақынымызбен қалай мақтанар едік?
Ағылшын тілін үйренгеннен біз мәңгүрттенбейміз. Ағылшын тілі - әлемдік бизнес тілі, мемлекеттік тіл – ұлт тілі. Мемлекеттік тілде сөйлеу - әрбір Қазақстан азаматының борышы. Ағылшын тілі қазақ тілін үйренуге ешқандай кедергі жасамайды. Тек соны түсіне білу керек.
Әлемдік ғаламдандырудың өткізгіші, ғаламдандыру тілі болып танылған ағылшын тілін білу - ағылшын тілді елдермен тиімді байланысқа түскен әлемдік деңгейде өз орнын ойып тұрып ала бастаған Қазақстан үшін қажеттілік. Қиындық туғызатыны - аталған үш тілді меңгерген мамандардың кездесе бермейтіні. Ендеше, аталған компоненттерден тұратын, яғни қазақ, ағылшын, орыс тілі қатысқан үштілділік сөйлермендерін дайындау кезек күттірмейтін мәселе. Мәселені түбегейлі шешу үшін Қазақстанның жоғары оқу орындарында ағылшын, қазақ тілінен маман болып шыққан қазақтілді қазақ және басқа ұлт өкілдерін үштілділікке ыңғайлап қайта дайындаудан өткізіп, оларға үштілділік маманы деген құжат табыс еткен жөн.
Соңғы деректерге сүйенсек, Қазақстанда 98 амеркандық пен 81 ағылшын тұрады, амеркандықтардың 78-і ағылшынның, 71-і өз ұлтының тілін меңгерген. Бұл күллі тұрғынның 1 пайызын құрайды. Ұлт деңгейінде алсақ, ағылшын тілін меңгергендердің тең жартысын жергілікті қазақтар құрайды. Басқаша айтқанда, ағылшын тілін меңгерген қазақ саны – 53 743, бұл – ұлт арасындағы үлкен көрсеткіш және күллі қазақтың 0,7 пайызы деген сөз.
Әрине, әр көтерілген мәселенің оң және теріс жағы болады, әр тұлғаның өзіндік жеке пікірі болады, бірақ анау айтты, мынау айтты деген негізсіз, дәлелсіз күдіктен арылып, бой көтеріп отырған мәселенің маңыздылығының қаншалықты қажет дәрежеде екенін айқындап, нақты зерттеп алғанымыз жөн сияқты.
Егер біз Ахмет Байтұрсынов айтқандай, қазақ тілін дұрыс жұмсай білсек, ол қоғамдағы тілге жүктелетін қажеттілігіміз болса өтеуге жарайтын бай тіл. Мәселе тілдің міндетін дұрыс түсініп, өз міндетімізді атқаруда болып отыр. Ұлттық өркендеп, тіліміз өз еліміздегі және халықаралық дәрежедегі позициясын нығайтқан кезде біздің сөздеріміз де өзге тілдерге енетіндігіне, тіліміздің әлемдік ақпарат кеңістігінен өз орнын иеленетіндігіне күмән келтірмеуге болады. Дәл бүгін де қазақ тілінің әлем тілдерінің ешқасысынан да кем түспейтін, бірнеше ғасырлық даму тарихы бар, ұлттық әдеби тіл деңгейіне дейін дамып жетілген ұлы тіл екендігіне еш күмән жоқ.
№7 тақырып
Біздің елдің болсын, шетелдердің қоғамтану ғылымдарында болсын ұзақ жылдар бойы үлкен саяси қопарылыстар тұрсын, өткір қайшылықтар, терең дағдарыстар болса, мемлекеттің қалыпты, ойдағыдай дамымағандығы, жетілмегендігі, ауруы болып саналды. Ол үшін мемлекет тұрақты, тепе-теңдік жағдайында бірқалыпты дамуы керек сияқты болып көрінді. Сондықтан тұрақтылық қоғамның негізгі мақсаттарының, құндылықтарының бірі саналатын. Ал, шын мәнінде, бұл дұрыс түсінік емес еді. Себебі, қоғамда әр түрлі топтар, таптар, жіктер болатындығы туралы өткен тарауларда айтқан болатынбыз. Олардың өзіндік мақсат-мүдделері, талап-тілектері, арман-аңсарлары, мұқтаж-қажеттіктері болады. Олар, сөз жоқ, сәйкес келе бермейді. Осыдан келіп араларында айырмашылықтар пайда болады. Олар дер кезінде шешілмесе, шиеленістерге, жанжалдарға айналады. Шиеленіс деп әрбір қарсы жақты қолайсыздыққа ұшыратып, істі насырға шаптыратын қарама-қарсы мүдделердің, пікірлердің, көзқарастардың қайшы келуін, елеулі келіспеушілікті, өткір таласты айтады. Шиеленіске адамзат өте ертеден-ақ көңіл аударған. Мысалы, б. з. б. VII—VI ғасырларда қытай фәлсафашылары дүниедегі нәрселердің бәрінің қозғалыс көзі оң (ян) және теріс (инь) бастаулардан тұрады деп есептеді. Ежелгі грек фәлсафашысы Герак- лит заттар мен құбылыстардың дамуы қарама-қарсылықтардың күресінен туады деді. Макиавелли қоғамдық процестердің дамуыңда қайшылықтардың пайдалылығын атап көрсетті. Гегель қарама-қарсылықтардың қайшылықтары мен күресін жоғары бағалады. Саяси шиеленістер теориясына әсіресе көп көңіл бөлген — марксизм. Маркс пен Энгельс "Коммунистік партияның манифесінде": "Ерікті мен құл, патриций мен плебей, помещик пен крепостной, мастер мен кіші мастер, қысқасы, езуші мен езілуші бірімен-бірі ылғи антатонист болып, бірде жасырын, бірде айқын түрде үздіксіз күресіп келді, бұл күрес әрқашан бүкіл қоғам тұрмысын революциялық түрде қайта құрумен немесе күресуші таптардың жалпы жойылуымен тынып отыратын" деген. Олар тап күресі таптық қоғамдардың дамуының зандылығы және қозғаушы күші деп есептеді. Осы ғасырдың 50 жылдарында американдық Льюис Козер әлеуметтік шиеленістерге құндылықтар, мәртебе, билік, қаржы-қаражат үшін күресті жатқызды. Мұндай көзқарас Батыс саясаттарында кең тараған. 60 жылдары немістің әлеуметтанушысы Ральф Дарендорф "қоғамның дау-дамайлық үлгісін" алға тартты. Ол "Индустриалдық қоғамдағы таптар мен таптық шиеленістер" деген еңбегінде билікті бөлуге байланысты адамдар арасында теңсіздік пайда болады, олар кикілжіңге әкеледі. Соның нәтижесінде қоғамда құры- лымдық өзгерістер жасалады. Капитализм біртіндеп терең өзгерістерге ұшырайды. Оларды өздері жүзеге асырады, сондықтан К. Маркс айтқан революциялық төңкеріске жол берілмейді делінген. Американың әлеуметтанушысы Кеннет Баулдинг "шиеленістің жалпы теориясын" жасады. Оның ойынша, әлеуметтік шиеленістің мәні адамның қалыптық реакциясына байланысты. Қандай кикілжің болмасын, тітіркендіргіштер, қоздырғыштардың әрекеттері арқылы реакцияларды, құндылықтарды, жеке адамдардың құштарлықтарын өзгертуге болады. Соның арқасында қоғамдық құрылыс түбірімен өзгеріске ұшырайды. Қазіргі кезде қоғамдағы шиеленістер көптеген ғалымдардың назарын аударуда. Сондықтан осы мәселемен арнайы айналысатын конфликтология деген ғылым пайда болды. Ол мейірімсіздікке, төзімсіздікке, озбырлыққа әкелетін, қоғамды бүліндіріп, тығырық қатірейтін саяси шиеленістердің шығу зандылықтарын біліп, реттеу жолдарын іздестіріп, оның алдын алуға бағытталады. Соған орай, ол саяси және қоғамдық қатынастарды жетілдіруді де қарастырады. Әлеуметтік шиеленістердің бірнеше себептері бар. Ең бірінші, жалпы себебіне адамдардың теңсіздігі жатады. Себебі әркімнің қоғамдағы мәртебесі, қызметі, билікке қатынасы әр-түрлі. Біреулер билік етеді, екіншілері оларға бағынады, дегендерін істейді. Дарендорф: "Бұл қайшылық әрқашан болған және бола бермек, сондықтан Маркстің коммунистік қоғамда таптар, дау-дамайлар болмайды деуі бекер сөз" дейді. Шиеленістің екінші себебіне кажеттілік, мұктаждыктың, талап-тілектің өтелмеуі немесе канағатгандырғысыз өтелуі жатады. Үшіншіден, адамдар өздерін белгілі бір әлеуметтік, этникалық, діни, т. б. бірлестіктердің мүшесіміз деп санайды. Бұл олардың өмірдегі орнын айқындайды және өздерінің жағдайын басқалардан төмен сезініп, мүдделеріне қысым жасалды деп ұғады. Мысалы, Ресейдің кейбір халықтары, Солтүстік Ирландиядағы католиктер, Канададағы Квебек провинциясы, Испаниядағы баскілер және т. с. с. Батыстың көптеген саясатшылары шиеленістер (төртінші) себебін адамның санасынан іздейді. Мысалы, жеке адам мен қоғамдық құндылықтар туралы түсініктері сәйкес келмеуі, өмірден адам бір нәтижені күтуі, шындығында басқаша шығуы, адамдардың өзара түсініспеушілігі, олардың ішкі сезімдерінің жетілмегендігі, т. т. с Шиеленістер қоғам өмірінде маңызды рөл атқарады. Әлеуметтік бақылауға алынған шиеленіс адамдар, топтар арасында пайда болған дау-дамайлардьі уақытында ушықтырмай, асқындырмай шешуге септігін тигізеді. Әлеуметтік шиеленістер сан алуан келеді. Олар мемлекеттер, ұлттар, ұйымдар, жұмысшылар мен әкімшілік басшылары, ері мен әйелі және т. с. с. арасында кездеседі. Олар әр түрлі топтастырылады, жіктеледі. Мысалы, оларға қатынасатын субъектілерге байланысты мемлекеттер, ұлттар, діндер, нәсілдер арасындағы; қатынасатын жақтарға байланысты саяси, экономикалық, идеологиялық, экологиялық, сауда, қаржы, әскери, мәдени; қамтыған шеңберіне қарай халықаралық, аумақтық, жергілікті болып бөлінеді. Оларды антагонистік және антагонистік емес, негізгі және негізгі емес, шындыққа жататын және жатпайтын, ұзақ уақыттық және қыска мерзімді, т. т. етіп те бөліп жүр. Саяси шиеленістер өзінің даму барысында бірнеше кезеңдерден өтеді. Алғашқы кезеңінде кикілжіңдерге негіз туадьі. Қоғамның кейбір салаларында қиындықтар пайда болады. Оларға айтарлықтай мән берілмесе, ерби түседі. Мысалы, адамдардың өмір сүру деңгейі төмендейді, құқық сақтау, адамгершілік тәртіптері бұзылады. Әділетсіздікті бұрынырақ сезетін қарсы жақтың алдыңғы қатарлы адамдары өздерінің келіспеушіліктерін білдіре бастайды. Келесі кезенде келіспеушілік, наразылық ашық айтылып, алғашқы қақтығыстар болуы мүмкін. Билікті халық мойындағанда, оның заңдарын дұрыс деп түсініп, өз еріктерімен орындағанда билік. Сонда оның беделі де, халықты бағындыратын сиқырлы сыры да болады. Ал мынадай кикілжіңде басқарушы төбе топтың әр түрлі қылмыстары ашылып, беделдері кетіп, оларға сенімсіздік туады. Одан кейін екі жақтың арасында ашық қарсыластық, қақтығыстар болуы мүмкін. Екі жақты да көптеген адам- дар қолдап, дау-дамайдың шеңбері кеңиді. Егер мұның бәріне жол табылып, шешілмесе, дау-жанжал өркениетгі түрден шығып, қарулы қақтығысқа айналады. Мысалы, Югославиядағы, Таулы Карабахтағы, грузин-абхаз шиеленістері сияқты. Біраз жағдайда билік басындағылар қайшылықты байқаса да байқамаған сыңай білдіреді. Ондайда кикілжің бықсып, жанып өрістеуі, тіпті өртке айналуы мүмкін. Соңдықтан шиеленісті шешу керек. Бұрын одан екі жолмен құтылғысы келетін. Біріншісі, қоғамның "таза" даму қисынына сәйкес келмегенді өз арасынан аластап, сыртқа ығыстырып шығару арқылы құтылғысы келді. Екіншісінде, керексіз жағдайды, құрылымды тура басып-жаншып құрту, жою арқылы құтылғысы келді. Екеуінде де қайшылық шешілген сияқты алдамшы түсінік туады. Ал, шын мәнінде, бұл ауруды ішке тыққанмен бірдей. Сондықтан қазір көбінде шиеленістерді дер кезінде шешуге тырысады. Оның екі жолы бар. 1. Шиеленісті мәмілеге келу арқылы бейбіт жолмен шешу. Мәміле деп дау-жанжалға қатысушы жақтардың өзара кешірімділік білдіріп, ымыраға келуін айтады. Онда екі жак бірін-бірі ұғынысып, өзара кешірімділік жасап, ортақ келісімге келуге тырысады. 2. Зорлық негізінде бітістіру, келістіру. Мұндай жағдай бір жақтың күші айтарлықтай басым болғанда, екінші жақ жеңілгенде немесе оны толық жойып жібергенде туады. Екі жақты татуластырудың кең тараған түрі — келіссөздер. Ол арқылы қарсы жақтың пікірі, дәлелдері белгілі болады, күштің арақатынасы айқындалады, келісімнің шарттары анықталады. Дағдарыс жағдайынан шығу үшін оның мәнін, ерекшеліктерін, әлеуметтік негізін және т.б. зерттеп білген жөн. Қоғамдағы саяси шиеленіс көбіне занды оппозицияның бар жоғына да байланысты. Бұрынғы Кеңес заманында көппартиялық пен оппозицияға қалыпты жағдайдан тыс, ерсі нәрсе сияқты қарайтын. Ал демократиялық елдерге олар қажетті шарт. Олар болмаса, билік органдарына сенімсіздік туады, олар бюрократияланады. Оппозицияда әр топтың талап-тілектері, көзқарастары ескеріледі. Соңдықтан ағылшын фәлсафашысы Джон Милль демократиядан оппозицияны алып тастаса, диктатура калады деп тегін айтпаған. Дегенмен, шиеленіс болған соң одан қайткен күнде де шығу керек. Ол азаматтық келісім негізінде шешілуге тиіс. Оның екі жолы бар. Біріншісі — араздық, жаулық, күдіктілік қалпын бұзып, сенім жағдайын туғызу. Екіншісі — барлық деңгейде адамдардың қарым-қатынас тетіктерін қалыптастыру. Зорлық зорлықты тудырады. Сондықтан одан аулақ болып, өркениетті жол іздеген абзал. Америкалық саясатшы Г. Райфф әрбір есі дұрыс адам ортақ мүдделер тауып, шиеленістерді реттей, жөнге келтіре білуі керек деген. Батыстың тәжірибесі жеке адамның еркіндігіне, коғамның ашықтығына, заңның билігіне негізделеді. Біз үшін олардың бәрін толық орындай қою әлі қиын. Бірақ соған тырысқан жөн. Себебі, олар ел тағдыры үшін маңызды шарттар. Сонымен саяси шиеленістер қоғамның дамуына тән қасиет. Олардың жекелеген түрі ғана қиратып, бүлдіруге әкеледі. Олай болмау үшін өсіп келе жатқан дау-дамай, кикілжіңдерді дер кезінде ашып, реттеген, одан да жақсысы олардың алдын алған ләзім. Оған саяси және қоғамдық өмірдің демократиялық жағдайында ғана қол жеткізуге болады. Сондықган америкалык саясатшы Сеймур Липсет (1922 жылы туған) тұрақтылық пен демократияны медальдің екі жағы деп өте дұрыс санайды.
№8 тақырып
Құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің жұмысын құжаттармен тығыз байланысты. Мамандардың айтуынша, жұмысн құжаттарын жасау және әртүрлі деңгейдегі жұмыскерлер жұмыс істеу кезінде 30 проценттен 70 процентке дейін уақыттары кетеді. Талапқа сәйкес, қызметтік құжат қатаң қалыптасқан. Олар нақты жасалған, көп тілде және артық, керексіз сөздер болмауы қажет. Іскерлік қарым-қатынас қағидасына сәйкес тәжірибеде құжаттар мен жұмыс істеуде бүкіл әлемде бірдей және құқық қорғау органдарының қызметкерлері тек бір-бірімен ғана емес, сонымен қатар басқа мемлекеттің қызметкерлері мен, халықаралық қылмыспен күрес қызметкерлерімен байланыста болады. Барлық қызметтік құжаттарды былай бөлуге болады: нұсқаулы (нұсқау, шешім, бұйрық); анықтама (қызметтік хаттар, жазба, телефонограммалар және т.б) және ұйымдық (жарғы, дәреже, нұсқау). Қызметтік құжаттардың ішіндегі ең көп таралған түрі бұл – бұйрық. Бұйрық нақты, түсінікті және талапқа сәйкес болуы керек. Оның құрамы тақырыпша сияқты және көмектес септігінде тұрады. Қылмыстық құжаттардың ішіндегі үлкен орын алатын құжаттың бірі бұл іскерлік хат,ол әртүрлі себептерде қолданылады. Сауатты-түсінікті құралған хат керекті нәтиже алуға мүмкіндік береді. Қызметтік құжатты құрған кезде маңызды талаптарды орындау керек. орындаушы жеткізетін хабарды, қоятын сұрағын өзі нақты білу керек; хат нақты, дәл, қисынды болу тиіс; хат түсінікті, жеткілікті аргументті болуы тиіс; хат бейнетарапты жазылуы тиіс және эмоциялық рең болмау керек; қыметтік хаттың көлемі; салақ жасалған хат, орфографиялық, синтактистік және стилистикалық қателермен жаман әсерлер болмауы керек. Хатты бағалау хаттың мазмұнын ғана емес, сондай-ақ конвертпен және жазылған бланкаға байланысты болады. Қызметтік хат белгілі бір бланкта, стандартарға сәйкес, керекті ревервтері бар қағазда жасалады. Оған келесі реквезиттер қолданылады: ведоство атауы, ұйымның атау, почта және телеграф мекен-жайы, телефон және факс нөмірі, күні, құжат индексі. Іскерлік хат- бұл жалғыз іскерлік құжат, бұған атау берілмейді. Мұнда ұйымның атын қысқартуға болмайды, бірақ ресми қысқарту рұқсат етіледі, бұл іскерлік хаттың реквизиті ретінде қажет. Хатты алушының аты және адресі бланктың үстінгі оң жағында белгіленеді. Іскерлік әдепті құжаттын анық, дәлелденген, обьективті және түсінікті болу керек. Қызметтік құжаттарда дұрыс жазылмаған сөздермен, терминдермен, қысқартылған сөздермен, шет сөздерді қолданудың дұрыссыздығымен күресу керек. Әрине, әрбір құқық қорғау органдарында және бөлімшелерінде құжаттарды жөндеудің өз дәстүрі бар, бірақ әрбір құжат, дәл, нақты, дәлелдемелі, обьективті жазылу тиіс, ал мазмұны іскерлік талаптарға сәйкес болуы тиіс. Сұхбат. Шет елде іссапарында, құқық қорғау органының қызметкері өз қызметін ресми адамдармен тиісті қызметтік дәреже деңгейінде, басты мақсатынан және іссапар тапрсымасынан орындаудан бастайды. Бұл байланыс кезінде, сұхбат өзіне мұқият дайындықты талап етеді. Байланысқа дайындалғанда және байланысты өткізу уақытында үш негізгі тірек орынды еске түсіру қажет. Біріншіден, пайдалы іскерлік көрісу, бұл әңгімелесушінің тыңдауына шеберлік қызықтыру. Екіншіден, өзара кездесу құбылысында, сенімділік ортасын жасау.Және үшіншіден, бұл іскерлік уақыт кезінде ақпаратты өнерлі пайдалану әдісі. Сұхбат ең алдымен алдына қойған мақсаттарға және нұсқауларға байланысты әртүрлі сипатқа ие болады.
Төлқұжат, куәлік (білімі туралы, Баяндаухат, түсінікхат коммерци-
тууы туралы, жүргізуші т.б.) ялық хат, сұрату хаттары т.б. Ендеше бүгін осы қызмет бабында дайындалатын қызметтік хаттарға тоқталамыз (2-слайдты көрсету: ҚЫЗМЕТТІК ХАТТАР). Дәптерімізге бүгінгі күн мен тақырыпты жазып алайық. Осы қызметтік хаттардың анықтамасына тоқталып жазып алайық (3-слайд).
Қызметтік хаттар - бұл қандай да бір мәселе туралы мекемелермен, ұйымдармен және жеке тұлғалармен пікір алмасу құралы қызметін атқаратын, әр түрлі мазмұндағы құжаттардың үлкен тобының жинақталған атауы.
Ақпараттық-анықтамалық құжаттарға хаттар, жеделхаттар, телефонограммалар, актілер, анықтамалар, мағлұмат хаттар мен түсінік хаттар, арыздар т.б. жатады. Ішкі, тысқы ақпараттық -анықтамалық қатынас хаттар басқару құжаттары көлемінің 80 пайызын құрайды.Бастамалық хаттарға мыналар жатады: сұрау салу хаттары, өтініш хаттары, ескерту және хабарлама хаттары, жарлық хаттар, ілеспе хаттар. Жауап хат түрлері: ақпараттық, түсіндірме, рұқсат, тыйым салу хаттары т.б. Жоғары мекемелер мен ұйымдардан түсетін хаттардың мазмұны әдетте нұсқау, түсіндіру, ресми сұрау салу түрінде болады. Салаға бағынышты мекемелер хабарлар, сұратулар жібереді. Тең дәрежедегі қатарлас мекемелер өтініш, ұсыныс, растау, хабарлар т.б. алмасады.
Хаттар арнайы қағаздарға (Қосымшаны қараңыз) толтырылады және мынадай деректемелерден тұрады: қабылдаушы, бұрыштама, бақылау белгісі, мәтін тақырыбы, мәтін, қосымшаның бар екені туралы белгі, қолы, орындаушы туралы белгі, мәліметтердің магнит таспасына аударылғаны туралы белгі, хаттың келіп түскені туралы белгі. Хат мәтіні, әдеттегідей, екі бөліктен түрады. Алдымен хатты жазуға себеп болған жағдайлар (фактілер, оқиғалар, өзге құжаттарға сілтемелер) көрсетіледі, содан кейін қорытынды, ұсыныс,өтініш- тілектер жазылады.
Мәтінді қүрастыруда мынадай грамматикалық үлгілер пайдаланылады: өтінемін, өтінеміз, кәсіпорын өтініш жасайды, басшылық пен еңбек ұжымы өтініш жасайды, ұсыныс енгіземіз, ұсынамыз, хабарлаймыз, түсіндіреміз, мәлім етеміз т.с.с. Жіберілетін (шығыс) хаттарға мүдделі лауазым иелері бұрыштама белгі соғады. Мысалы, қаржы мәселесі бойынша хатқа бас бухгалтер белгі соғады. Бұрыштама белгілер кәсіпорынның өзінде қалатын хат көшірмесінің алдыңғы бетіне қойылады. Егер құжат екі адрес бойынша жіберілетін болса, алдыңғы екі данасы арнаулы кағазға басылып, көшірмесі жай қағазға түсіріледі, яғни, барлығы үш дана болады.
Кей жағдайда хат мөрмен куәландырылады. Қабылданатын (кіріс) хаттарға келіп түскендігі туралы белгі және кәсіпорынның басшы қызметкерлерінің тапсырманы орындауға алғандығы туралы бұрыштама белгі қойылады.
Онда орындаушының тегі, есімі, әкесінің аты, тапсырма мазмұны және орындау мерзімі көрсетіледі. Бұрыштамада міндетті түрде уақыты, қолы тұрады.Мысалы: У.С. Әбеновке Жауап жобасы
мерзіміне негізделіп дайындалсын. 01.05.97. Егер құжатты орындаушылар саны бірнеше адам болса, олардың бәрі де бұрыштама белгіде көрсетіледі. Бірінші аталған адам орындауға жауапты болып саналады.
Белгі оң жақтан «қабылдаушы» мен «мәтін» деректемелерінің аралығына қойылады. Қызметтік хаттың құрылымы. Қызметтік хатты жазудың қалыптасқан тәртібі бар . Ол әркез сақталуы керек. Әдетте хат мынадай бөлітерден тұрады:
Хат жазылатын парақтың сол жақ шетінен кемінде 2 см-дей, он жақ шетінен кемінде 1см орын қалдырылады. Ал төменгі және жоғарғы жағынан қалдырылатын орын біркелкі, кемінде 2 см. орын қалдыру қажет.
Хатты парақтың я бланкінің бір жақ бетке сыйдырған дұрыс Егер хат бірнеше беттен тұратын болса, бет нөмірі қағаздың оң жақ жоғарғы бұрышына қойылады. Жазылу мақсатына қарай, хатта айтылатын мәселенің ерекшелігіне байланысты қызметтік хаттың бірнеше түрі болады. Олар: Ресми хат - белгілі бір мекеменің атқаратын жұмыстарына байланысты мәселелердің жазбаша хабарлануы.
Жеке хаттар- бұл хаттардың ерекшелігі айтылатын мәселе өрісінің кеңдігі және қызметтен тыс мәселелерге де арналатындығы. Бұл хаттар жеке тұлға атынан жазылады. Ұсыныс хат-қызметкерді белгілі бір қызметке ұсыну жөнінде басшыға жазылған хат Сұраныс хат-белгілі мекемеден керекті ақпаратты немесе құжатты жіберуді сұрау мақсатында жазылатын хат. Жолдама хат -белгілі бір құжатпен бірге жіберілетін қосымшаның немесе қосымшалардың құрамы, мазмұны, көлемі, саны туралы ақпарат берілген хат. Баяндау хат - мекеме басшысының атына жазылған белгілі бір мәселе туралы жан-жақты баяндалған құрастырушының ұсынысы мен талап-тілегі келтірілген. Циркуляр хат - белгілі бір мекеменің бөлімшелеріне атқаратын қызметіне байланысты таспырма беру санатындағы бір мезгілде жөнелтетін хат. Шағым хаттар- белгілі бір мекеменің немесе мекеме қызметкерінің заңсыз іс әрекетін көрсету, соған орай шара қолдануды сұрау мақсатында жазылады.
Жеделхаттар-ақпарат бру әдісі жағынан бірдей, әр түрлі мазмұндағы құжаттардың жалпы түрдегі жинақтама атауы. Түсінік хат қандай да бір фактінің, оқиғаның себептерін түсіндіретін құжат.
Ілеспе хат- адресатқа қоса жіберілген құжаттар туралы ақпарат беретін, ілесіп жүретін құжат .
Ескертпе хат -қандай да бір міндеттеменің, жүргізілген іс-шаралардың орындалу мерзімінің жақындағаның немесе өтіп кеткендігі туралы жазылатын хат түр Шақыру хаты - адресатты қандай да бір шараларға шақыратын хат түрі Жауап хат -жауап талап ететін хаІІІ. Сабақты бекіту.Енді осы қызметтік хаттарға қандай құжаттар жатады екен (топтастыру стратегиясы бойынша, тақтамен жұмыс).
Сендер атап өткен қызметтік хат түрлері біздің іскерлік қоғамдағы маңызы зор құжаттар болып табылады. Мұндай хаттарды сауатты жаза, орынды пайдалана білу алдағы өмірлеріңе қажет бірден-бір мәлімет. Бұл сабақтың мақсаты да – қызметтік хаттарды сауатты жаза білуге және болашақ өмірлеріңде қолданысын дұрыс пайдалануға үйрету. Осы аталған хат түрлерінің дұрыстығын келесі слайдтан тексеріп көрелік (4-слайд). «Бақытты сәт» ойыны. Ескерту: Ойында оқушылар екі топқа бөлінеді, әділ-қазылар сайланады. Әрбір турда дұрыс жауап берген топқа жұлдызша беріледі. Соңында көп жұлдызша жинаған топ жеңімпаз атанады.
1-тур. «Бой сергіту» сұрақтары. Оқушыларды екі топқа бөліп, әрбір топқа 7 сұрақтан қойылады. Егер сұрақ қойылған топ сұраққа жауап бере алмаса, бұл сұраққа басқа топқа жауап беруге болады.Шапшаңдық қажет.
№9 тақырып
Достарыңызбен бөлісу: |