Ислам Айман Сапарбайқызы (аты-жөні) білім беру бағдарламасының бағыты 7M017- тілдер және әдебиет бойынша педагогтарды даярлау Магистрлік диссертация



бет4/6
Дата30.03.2023
өлшемі44,53 Kb.
#173343
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Шлеекова - копия

Зерттеу жұмысының пәні – жалпы орта білім беретін мектепте шетел тілі сабағында диалогтік оқытуды қолданып оқыту арқылы оқушыларға сөйлеу әрекетінің түрлерін бір – бірімен байланыста меңгерту әдістемесі.
ҚОРЫТЫНДЫ

Дүниежүзілік ақпараттық білім беру кеңістігінің құрылуымен, әлемдік ғаламдану процесінің жеделдеуімен байланысты егеменді еліміздің білім беру жүйесін модернизациялау бағытында ауқымды іс-шаралар жүргізіле бастады. Заман өзгерісіне қарай мектептерге қойылатын талап та ондағы оқыту және тәрбиелеу әдіс-тәсілдері де өзгерді. Қазақстан Республикасының «білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттың және жалпы адамзаттың құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді.


Мектеп қашанда қоғам талабына сай болуға ұмтылады және қазіргі қоғамға өз бетімен шешім қабылдай алатын адамдар қажет. Білім беруде диалогтың маңызы зор, мұғалім оқушылармен тікелей байланыс жасайды, ой тастайды, әр түрлі деңгейдегі сұрақтар қояды.
Балаға күштеп білім беруден гөрі, баланың білімге деген құштарлығын ояту ең маңызды мақсат. Сондықтан баланың білім алуға деген құштарлығын ояту үшін қазіргі заманда мұғалім көп ізденіп, сабақтың тиімді өтуіне жұмыс жасауы қажет. Білім сапасы оқушының білімге деген құштарлығымен, қызығушылығына тікелей байланысты. Сабақ барысында оқудың белсенді әрекет әдістерін қолданудың нәтижелілігін осыдан көруге болады.
Ағылшын тілін оқытуда жаңа технологияларды, техникалық құралдарды сабақта жан-жақты қолдану, оқытушының көптеген қиындаған қызметтерін жеңілдетіп, осы іскерліктің ұстанымды жаңа тәсілдерінің пайда болуына мүмкіндік туғызады. Осындай жаңа жолдардың біріне Мерсердің диалогтік оқыту әдістемесінің зерттеушілік әңгімесі арқылы тіл үйретуді жатқызуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет