Ислам діні және салт дәстүр



Дата21.12.2022
өлшемі14 Kb.
#163829
Байланысты:
Ислам діні және-WPS Office
Ғылыми ұғымдар мен түсініктер білім

Ислам діні және салт - дәстүр.
яғни Құдайға серік қосу. Келін сәлем салу арқылы Алла тағалаға серік қосып тұрған жоқ ата–енеге сый–құрмет, ізет көрсетіп тұр деген қарапайым түсінікті ұққысы келмесе не айтуға болады. Жалпы серік қосу мен ізетті шатастырмау керек. Серік қосу деген не? Егер «Құдай көп» десең, ол серік қосу болады. Бұл жерде келін ата–енеге ізет көрсетіп тұр ғой. Бұл – ата–бабадан келе жатқан қазақтың керемет дәстүрлерінің бірі. Сондықтан ата–баба дәстүріне шабуыл жасауға жол бермеуіміз керек. Ал ұлттың құндылығы – мәңгі өзімен бірге жасасып келе жатқан тілінде, салт–дәстүрінде, ұлттық өнерінде. Оларды бір–бірінен бөліп те қарай алмаймыз. Себебі, олар бірін–бірі толықтыра отырып, тұтас бір ұлттың болмысын құрайды. Біздің қазақтың ұлттық және діни дәстүрлерінің саналы әрі тәрбиелі ұрпақ қалыптастырудағы рөлі ұшан–теңіз. Тәрбие ана құрсағынан басталып–ақ кетеді дейді ғылыми тұжырым. Олай болса, бала дүниеге келмей тұрып басталатын «Құрсақ шашу», бала дүниеге келе салысымен болатын «Сүйінші сұрау», «Азан шақырып ат қою», «Шілдехана тойы», «Бесікке салу», «Қырқынан шығару» – бәрі–бәрінің өзіндік тәрбиелік орны, маңызы бар екені анық. Бүгінде жарты әлемнің ғалымдары мойындаған көшпенді мәдениетінің әлемдік өркениетте ықпалы, үлесі жайлы ойласақ, қазақ халқының ұлттық ұстанымы, түсінік–танымы, салт–дәстүрі, өмір сүру қағидалары еріккеннің ермегі емес екеніне толық көзіміз жетер еді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет