ИМАНИ ГҮЛ
еркектің ұрығын өзінің әйелінің жатырына қойылуына
намыстанбаса, оны ұят деп қабылдамаса, ағасының ба-
ласын қарындасы немесе анасы тағысын тағы жақын
туысқандары туып беріп жатса бұл адам баласының
азғындауы емес пе?
• Жоғарыдағыларға қоса, сперма мен жұмыртқаны
түтікшеде ұрықтандырғаннан кейін оны үшінші бір
әйелдің жатырына қою жолымен дүниеге келген баланың
жаратылыс, болмыс, мінез-құлық, психология, ақыл-
есінің ақаусыз болатындығына ешкімнің кепілдік бере
алмасы және хақ
228
. Мұны алдағы уақыт көрсетеді. Бұл өз
алдына зерттеуді қажет ететін тақырып.
Қысқасы, суррогаттық тәсілмен дүниеге бала әкелу
мейлі діни тұрғысынан болсын, мейлі адамгершілік
жағынан болсын құптарлық іс емес екені айқын. Ислам
ғұламалары бірауыздан қолдан ұрықтандырудың бұл
тәсіліне «харам» деп анық пәтуа берген.
Иә, өмірде бала сүюдің қандай бақыт екені баршаға
аян. Алайда, міндетті түрде бала сүю керек екен деп
шариғат тыйымдарын аттап, адамгершілікке жат
қылықтарға бару дұрыс емес. Бұл тұрғыда батыстық
экспериментер мен адасулар бізге үлгі бола алмай-
ды. Батыста үйленбей-ақ балалы болуды қалайтын
әйелдер арнайы құрылған сперма банкаларынан белгілі
бір мөлшердегі қаражатқа қалаған адамының ұрығын
сатып алып балалы бола береді. Белсіз азаматтар өз
әйеліне осы сперма банкаларынан танитын яки таны-
майтын еркектердің ұрығын пайдалануына рұқсат ету-
де. Бедеу әйелдер күйеулеріне өзі мүлдем танымайтын
бөтен әйелдің жұмыртқа клеткаларын қолдануына разы
болуда. Керек десеңіз, шешесі қызының баласын, қызы
228
Мұхаммед Барада Ғазиюли, әл-ихсабус-синағи мин манзурин
исламии.
365
ИМАНИ ГҮЛ
шешесінікін, қарындасы ағасының баласын босанып
беретін жайттар да кездеседі.
Бүгінде батыста құрсақ аналар мен баласыз ерлі-
зайыптылар арасында бизнестік мақсатты көздеп
делдалдық жасайтын мекемелердің, әйелдердің
жұмыртқа клеткалары мен ер адамдардың спермала-
рын саудалайтын орталықтардың кең тарағандығы
баршаға мәлім. Бұлардың қай-қайсысы болма-
сын біздің адамгершілігімізге сыйыспайтын, келер
ұрпақ алдындағы адалдығымызға нұқсан келтірер
жиіркенішті істер екені сөзсіз. Сұрақтың жауабын
Шәкәрімнің:
«Ғылым деген бұл болса – адыра қалсын,
Демеске бара жатыр ішім толып»
229
- деген даналық
сөзімен тамамдайын.
229
Шәкәрім, Өлеңдер мен поэмалар, 139-бет. Жалын баспасы, А -
маты 1988 ж.
366
Достарыңызбен бөлісу: |