Субути сипаттар сегіз. Олар мыналар:
1. Хаят.
«Тірі болу»
деген мағынаны білдіреді. Алла Тағала
тірі әрі тірілігі мәңгі. Әр нәрсеге, өлі топыраққа, жалпы
жаратылысқа жан беріп, тіршілік иесі еткен Алла екені
сөзсіз. Бұл сипат Ұлы Алладан бір мезет болса да ажы-
рамайды. Өйткені Оның кемелдігі тек қана мәңгі тірі
болу арқылы жүзеге асады. Бұл сипатқа қарама- қайшы
мағынадағы өлі болу – Алла Тағала үшін әсте мүмкін емес.
Алла Тағаланың Тірі болу сипаты Ілім, Қалау, Құдірет
және басқа сипаттарымен тікелей байланысты. Өйткені
60
ИМАНИ ГҮЛ
тірі болмағанның бір нәрсені білуден, қалаудан және жа-
ратудан мақұрым қалатыны айтпаса да түсінікті.
Ұлы Жаратушымыз тірі әрі мәңгі дедік. Себебі,
жаратылыстағы кез келген жансыз нәрсенің өз-өзінен
тіршілік иесі болуы мүмкін емес. Демек, Ұлы Жарату-
шымыз – барлық жан иелеріне рух беріп, тіршілік бетіне
шығарған тіршіліктің шынайы иесі, әрі қайнар бұлағы.
«Фурқан»
сүресінің 58-ші аятында:
«Мәңгілік
өлмейтін тірі Аллаға тәуекел ет»
- делінген.
2. Ілім.
Бұл сипат
«білу»
деген мағынаны білдіреді. Ұлы
Алланың ілімі жаратылғандардың ілімі секілді таяз, шек-
теулі әрі кейіннен жиналған емес. Оның ілімі шексіз, еш
құралды қажет етпейді және барлық нәрсені қамтитындай
өлшеусіз. Иә, Алла Тағала – әр нәрсені білуші. Ол жарияны
білгені секілді құпияны да біледі. Жалпыны білгені секілді
жалқыны да біледі. Үлкенді білгені секілді кіші де біледі.
Барлық өткен заманды толық білгені секілді келешекті
де біледі. Жердің астындағыны білгені сияқты көктегіні
де біледі. Көзге көрінетінді білгені сияқты көрінбей жа-
сырын көмес қалғанды да біледі. Барлық болып-кеткенді
білгені тәрізді бүкіл болатынды да біледі. Себебі, оның
ілімі кейіннен үйрену, оқу арқылы пайда болмаған. Оның
ілімінің бастауы жоқ – әзәли. Міне, сондықтан Оның
ілімі үшін үлкен мен кішіні, жария мен құпия арасында
еш айырмашылық жоқ. Оның ілімінен ешбір нәрсе тыс
қалмайды. Құранда:
«Ғайб әлемінің (көместің) кілттері
тек Оның құзырында. Оны Өзінен басқа ешкім білмейді.
Және Ол жердегі, теңіздегі барлық нәрсені біледі. Тіпті
бір жапырақ түссе де Ол міндетті түрде одан хабардар.
Жердің қараңғы қабаттарындағы бір тал дән де, құрғақ
|