Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры имани гүЛ ҚАйрат жолдыбайҰлы алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет133/237
Дата06.06.2022
өлшемі3,36 Mb.
#146094
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   237
Байланысты:
имани гүл

ИМАНИ ГҮЛ
Екіншіден, Алланы да басқа бір Алла жаратты де-
сек, сол жаратқан Алланы да басқа бір Алла жаратуы 
тиіс. Оны да басқа бір Алла... Міне, осылайша алғашқы 
қойған сұрағымыз тізбектескен күйі шексіздікке дейін 
жауапсыз жалғаса береді. Қашан еш жаратылмаған, бас-
тауы жоқ мәңгі бір Алланы қабылдаймыз, сол уақытта 
жауабы табылмаған сұрағымызға нүкте қойылып, жан 
жүрегіміз жай табады. Мысалы, нөл санының оң жағына 
миллиондаған нөлдерді қатар қойсақ та, олардың ешбір 
мәнді иеленбесі белгілі. Ал егер кез-келген бір санды 
қойсақ, сол нөлдер бірден мағынаға ие болады. Дәл осы 
мысалдағы сияқты барлық жаратылыс атаулының түп 
негізін – бастауы жоқ, мәңгілік жалғыз Аллаға тіреген 
кезде ғана, шынжырдың өріміндей бір-біріне қосақталған
сауалымыз баян табады. 
Иә, адамның не нәрсесі болсын шектеулі. Көзінің 
көре алатын аясы, құлағының есту қабілеті – бәрі, 
бәрі шектеулі болғаны секілді оның ақыл-ойы да 
шектеулі. Ал осындай шектеулі ақылмен шексіз Алла-
ны қалай ғана толық түсінбекпіз? Ол – жаратушы, біз – 
жаратылғанбыз. Жаратылған нәрсе Жаратушысын 
«неге 
толық түсінбеймін?»
деп шағым айта ала ма? Біздегі 
ақыл да, жан да кейіннен жаратылған. Солай бола тұра біз 
тіпті қарапайым жаратылған 
«жанның»
өзін толық түсіне 
бермейміз. Енді жаратылған нәрсені жете түсіне алмай 
жатып еш теңдесі жоқ Ұлы Жаратушымызды қалай толық 
түсінбекпіз?! Пенденің шектеулі ой-санасы Оны қалай 
қамтымақ? Белгілі ойшыл Анри Бергсон былай дейді: 
«Ақылдың ең соңғы тоқтамы – өзінің әлсіздігін мойын-
дауы».
Рас, ақыл өзінің жетер жерін, шамасын білуі тиіс. 
Сахаба Әбу Бәкір Сыддық: 
«(Алла Тағалам!) Сені 
толық түсіне алмауымды мойындауым – сені толық 
түсінуім»
десе, Абай атамыз: 


218
ИМАНИ ГҮЛ
Күні-түні ойымда бір-ақ тәңірі
Өзіне құмар қылған оның әмірі.
Халиққа махлұқ ақылы жете алмайды,
Оймен білген нәрсенің бәрі – дәһрі
108
-деп түйсе, тағы 
бір өлең жолдарында:
«Ақылға сыймас Ол Алла,
Тағрифқа
109
тілім қысқа-ақ»
110
деп, осы ақиқатқа 
үлкен ой салады. Ал философ Декарт былай дейді: 
«Адам 
– тұтастай шектеулі жаратылыс. Ал осындай шектеулі 
адам шексіздікті мүлдем түсіне алмайды». 
Алланың мәңгілік сипатын қабылдағысы келмеген 
өркөкірек материалистер сол сипатты жансыз материяға 
телімек болады. Алайда, мәңгілік сипатын шынайы Иесі 
Аллаға беру бір басқа да, оны қателесіп күнде өзгеріске 
ұшырап, пәнилікке бас иіп жатқан жансыз материяға беру 
бір басқа.
108
Абай, Қалың елім, қазағым, 153-бет. Атамұра баспасы, 
Алматы 2002 ж.
Халиқ – Жаратушы, Махлұқ – жаратылыс, Дәһрі – арабша «уақыт, 
заман» дегенді білдіреді. Алланы мойындамай, ақыретті жоққа 
шығаратын дінсіздерге де «Дәһри» делінеді. Бұл жерде хакім 
Абай «Дәһрі» сөзін «уақытша, пәни, кейіннен жаратылған» де-
ген мағынада қолдануы ықтимал. Яғни, адам санасының «біліп, 
түсіндім» деген нәрселері кейіннен жаратылған пәни дүниелерге 
жатады. Ал Алла кейіннен жаратылмағандықтан, Оны толық 
түсіну мүмкін емес дегенді меңзеп тұр. «Халиққа махлұқ ақылы 
жете алмайды» дегені де сондықтан.
109
Тағриф – түсіндіру.
110
А.а.е, 189-бет.


219


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   237




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет