Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры имани гүЛ ҚАйрат жолдыбайҰлы алматы, 2011


«Жек көрген нәрселерің сендер үшін



Pdf көрінісі
бет196/237
Дата06.06.2022
өлшемі3,36 Mb.
#146094
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   237
Байланысты:
имани гүл

«Жек көрген нәрселерің сендер үшін 
қайырлы болуы мүмкін. Ал жақсы көрген нәрселерің 
сендер үшін жаман болуы мүмкін. Алла біледі, сендер 
білмейсіңдер»
181
, - делінеді. Сондықтан кейбір сұраған 
нәрселеріміз берілмеген жағдайда дұғам қабыл болмады 
дегеннен гөрі, тілегімнің орындалмауы мен үшін қайырлы 
шығар деп Жаратқанның жазғанына риза болған жөн.
Кейде асығыстық жасап, әлі пісіп жетілмеген 
нәрселерді уақыты келмей жатып шикілей жинап алуды 
қалаймыз. Алла Тағала осындай көңілі мен сезімдеріне 
ұнамды әр нәрсені сұрай беретін құлына ненің керекті, 
ненің қажетсіз, дүниесі мен ақыретіне қай нәрсенің пайда-
лы, қайсысының зиянды екенінін жақсы білгендіктен, оның 
тілегін Өзінің хикметіне қарай береді яки сұрағанынан 
да абзалын нәсіп етеді. Мысалы, біреу Алла Тағаладан 
ер бала тілеуі мүмкін. Ал Алла Тағала оған қатардағы 
қарапайым ер баладан да қайырлы қыз бала нәсіп етуі 
мүмкін. Имранның әйелі Жаратушыдан ұл бала тілейді. 
Алайда, Ұлы Жаратқан оған ұл баладан да қайырлы қыз 
сыйлайды. Олай дейтініміз, ол болашақ Иса пайғамбарды 
дүниеге әкелетін Мәриям анамызды босанған болатын. 
Дұғаның негізгі мақсаты – ғибадат пен құлшылық. 
Сондықтан кейде оның қарымы ақыретте сауап ретінде 
беріледі. Дұға жасаған құл өзінің әлсіздігін, мұқтаждығын 
мойындап, Жаратушысының өзінің сол мұқтаждығын 
көріп, дұғасын естіп тұрғандығына кәміл сенгендіктен, 
иман дәрежесі арта түседі. Әрі бүкіл әлемді құдірет 
қолында ұстаған Ұлы Сүйенішті паналағандықтан, 
құлазыған көңілі байыз табады. Құл дұға жасаған уақытта 
өзінің әлсіздігін, әлжуаздығын, ал Жаратушысының 
181
Бақара сүресі, 216-аят.


318
ИМАНИ ГҮЛ
құдіреттілігін түсінгендіктен, оның өзі бір ғибадат. Кез-
келген ғибадатта осы мағыналар көрініс береді емес пе? 
Мысалы, құл басын сәждеге қойған уақытта өзінің төмен, 
әлсіз екенін іс жүзінде көрсетіп, ал Алла Тағаланың 
құдіретті, ұлы екенін паш етеді. Пайғамбарымыз 
хадисінде: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   237




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет