Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры имани гүЛ ҚАйрат жолдыбайҰлы алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет228/237
Дата06.06.2022
өлшемі3,36 Mb.
#146094
1   ...   224   225   226   227   228   229   230   231   ...   237
Байланысты:
имани гүл

ИМАНИ ГҮЛ
пен қараны, дүние мен ақыретті, тозақ пен жұмақты, 
адамдықтың асыл қасиеттері мен құндылықтарын, Ұлы 
Жаратушының бізді екі дүниеде де бақытты ететін, 
адамзатты тура жолға бастайтын ескірмейтін заңдарын 
қайдан біліп, кімнен үйренетін едік? Осының бәрін бізге 
тұнық күйінде үйреткен хазіреті Мұхаммедке (с.а.у.) са-
лауат айту – біздің Оған деген шексіз алғысымыз бен 
сүйіспеншілігіміздің рәмізі. 
Салауат – сан ғасырлар бойы жалғасып келген әрбір 
үмбетінің 
«Уа, Пайғамбарым! Мен де сенің үмбетіңмін»
,- 
деп көкірек кере қуаныштан жар салуының көрінісі. 
Салауат – сан ғасырды артқа тастаса да, үмбетінің 
Пайғамбарына деген түгесілмес сағыныш сазының әуені. 
Салауат – үмбетінің Оған (с.а.у.) бір қадам болса да 
өзін жақын сезінуінің шарасы болса керек.
Екіншіден, үмбетінің әрбір істеген жақсылығының 
сауабы Пайғамбарымыздың да амал дәптеріне жазылып 
отырады. Сол себепті, Оның 
«махмуд мақамы» 
биіктеген 
сайын биіктеп, ақыретте көптеген үмбетіне шапағат 
ете алатын болады. Салауат арқылы Пайғамбарға Алла 
Тағаладан береке, рақым тілеп, асқақ дәрежесінің одан 
сайын биікке көтеріліп, мейірімінің үстем етілуін сұрау 
– Оның (с.а.у.) ақыретте шапағатына кенелуімізге себеп 
болады. Үмбеті Оған салауап айтқан сайын оның биіктегі 
дәрежесі одан әрі асқақтап, шапағат ету ауқымы кеңейе 
түседі. 
Хақ Елшісі Мұхаммед (с.а.у.) хадисте: 
«Қиямет күні 
адамдардың маған ең жақыны – мына дүниеде маған 
көп салауат айтқан адам»
231
- деген. Пайғамбарына са-
лауат айтып, сәлем жолдаған құл, иншалла, ана дүниеде 
пайғамбарға анағұрлым жақын тұрады. Сөйтіп Хақ ал-
дында есебімді қалай беремін деп ақ тер, көк терге 
231
әт-Тирмизи. Салат/357.


369
ИМАНИ ГҮЛ
түсіп абдыраған құл күтпеген жерден пайғамбарының 
кең шапағатына ие болады. Сондықтан салауат айтудың 
пайдасы Пайғамбарымыздан бұрын Оның үмбеті, бізге 
тиеді. Шындап келгенде, салауат айтуға Ол емес, біз 
мұқтажбыз. 
Үшіншіден, біз пайғамбарымызға салауат айтқан сай-
ын Алла Тағала бізге он рет салауат айтады. Он күнәміз 
кешіріліп, дәрежеміз он есе көтеріледі.
Әнас атты сахаба риуаят еткен хадисте 
Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   224   225   226   227   228   229   230   231   ...   237




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет