62
ИМАНИ ГҮЛ
3. Сәмғ.
Алла Тағаланың көрмегі, естімегі
біз секілді көзбенен, құлақпенен емес.
Абай
Бұл сипат
«есту»
дегенді білдіреді. Ұлы Иеміздің
естіп, білуі жаратылғандардікі сияқты шекті, нұқсан әрі
себеп-құрал, дәнекерге мұқтаж емес. Иә, Алла Тағала
әр нәрсені естіп біледі. Оның
бір нәрсені естуі басқа
нәрселерді естуіне бөгет емес. Өйткені Алланың бұл
сипаты кейіннен пайда болмаған. Алла Тағаланың естуі
жаратылғандардың естуіне мүлдем ұқсамайды. Себебі,
жаратылғандардың естуі кейбір ағзалардың, құралдардың
көмегі арқылы жүзеге асады. Ал Алла Тағала ешбір
құралға, ешбір себепке тәуелді емес. Міне,
сондықтан
ең жасырын, ең құпия дыбыстар да Оның естуінен тыс
қалмайды.
Алла Тағаланың өзіне жалбарынған құлдарының жа-
сырын және құпия әр түрлі зікірлерін, дұға-мінәжаттарын
қабыл етіп, хикметіне сай мұқтаждықтарын қамтамасыз
етуі – Оның әр нәрсені толық еститіндігінің дәлелі.
Есту сипатына қарама-қайшы мағынадағы – естімеу,
саңырау дегендер кемшілік болғандықтан, барлық кемел
сипаттардың шынайы иесі, күллі нұқсан сипаттардан пәк
Алла Тағала үшін мүмкін емес.
Достарыңызбен бөлісу: