Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры имани гүЛ ҚАйрат жолдыбайҰлы алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет97/237
Дата06.06.2022
өлшемі3,36 Mb.
#146094
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   237
Байланысты:
имани гүл

ӨЛГЕННЕН КЕйІН ҚАйТА ТІРІЛУГЕ 
ИМАННЫҢ ПАйДАЛАРЫ
1. Өлімнен кейін қайта тірілуге толық иланған кез 
келген адамның қоғамдағы ең сенімді тұлғаға айналары 
сөзсіз. Себебі оның сенімі бойынша, Ұлы жаратушы-
сы өзінің істеген әрбір ісін көріп тұр. Бұған қоса барлық 
қимыл-әрекеттері екі жағындағы періштелер тарапынан 
үнемі жазылып, есепке алынуда. «Зилзала» сүресінде 
айтылғандай: 
«Кімде-кім тозаңдай жақсылық істесе, 
жақсылығының қарымын сөзсіз алады. Ал кімде-кім 
тозаңдай жаманшылық істесе, оның жазасын тарта-
ды».
Істеген әрбір ісінің, басқан әрбір қадамының, 
сөйлеген әрбір сөзінің ертең ана дүниеде есебін беретінін 
ойлап, жүрегімен бек сенген адам жаманшылық атау-
лыдан, жалпы күнәдан алыс жүреді. Өйткені иманды 
адам істеген қиянаттарының жазасынан бұл дүниеде 
құтылғанымен, ана дүниеде құтылмайтынын ойлап, 
күнәларының есеп күні алдынан 
«қайдасың»
деп аттан 
салып, жағасынан алып, масқара ететініне кәміл сенеді. 
Бұған қоса ана дүниеде қайта тірілетініне сенген кез кел-
ген адам өзін жаратқан Ұлы Иесінің ризашылығын алып, 
жәннатында сый-сыяпатқа кенелуі үшін барлық өмірін 
ізгі істермен өрнектеп, жақсы амалдармен кестелеуге ты-
рысып бағады. Мұндай сенімге ие болған жеке тұлғадан 
да, қоғамнан да жаманшылық күтудің өзі орынсыз. Жеке 
тұлғаның, отбасының, кез келген қоғамның, тіпті жалпы 
дүниенің бейбітшілікті ту етіп, бақытты ғұмыр кешуінің 
жалғыз жолы – ақыретке, өлгеннен кейін қайта тірілуге 


161
ИМАНИ ГҮЛ
деген шынайы сенім. Жалпы әлемдегі істелініп жатқан 
зұлымдыққа, бейкүнә жандардың бостан-босқа төгілген 
қанына, әділетсіздікке, барлық жаманшылық атаулыға 
«Жетер енді, тоқта!»
деп, тосқауыл бола алатын 
жалғыз күш – қайта тірілуге деген осы сенім. Өйткені 
бұл сенім әр тұлғаның ар-ұжданында, жүрегінде әрбір 
ісін қадағалап тұратын ең әділ күзетші іспетті. Ақиқат 
тек күште деп саналатын және әділетсіздікке, ұрлық-
қарлыққа, жемқорлыққа, парақорлыққа толы қазіргі мына 
дүниеде бұл сенімнің қаншалықты қажет екені айтпаса 
да түсінікті. Қазақ атамның 
«Құдайдан қорықпағаннан 
қорық»
деуі де бекер емес.
2. Ақыретке кәміл сенген адам ешқашан өлімнен 
қорықпайды. Өлім – ол үшін жоқ болып, шіріген сүйекке 
айналып, мәңгілікке көз жұму емес. Керісінше, екінші бір 
мәңгілік өмірге көшу, жалған дүниеден бақи негізгі дүние-
ге қоныс аудару. Өлім құбылысы – ақырет сенімін толық 
қабылдаған адам үшін мәңгілік өмірдің, шексіз бақыт-
тың басы болмақ. Кезіндегі ең күшті мемлекеттердің бірі 
Иранды жеңіп, тізе бүктірген Сағд ибн Әби Уаққас өзінің 
жетістігінің себебін былай деп түсіндіреді: 
«Мұсылман 
әскерлер шейіт болып, мәңгілік бақытқа қауышу үшін 
ешнәрседен қорықпастан өлімге жүгіреді. Ал жаудың 
әскерлері болса, керісінше, өлімнен қашып, әрбір қадамын 
өлімге деген үреймен басады»
.
Иә, ақыретке сенбеген адам үшін өлімнен 
қорқынышты еш нәрсе жоқ. Өйткені олар үшін өлім – 
жоқ болып, тіршілік бетінен мәңгілікке өшу деген сөз. 
Мұндай жандар өлімді ойлап кетсе, ұйқылары қашып, 
өне-бойлары суып, мазалары кетеді. Әсіресе, өмірлерінің 
соңына таяп қалған ақыретке сенімі жоқ қарттар мен 
айықпас ауруға шалдыққан жандар үшін өлім өте 
қорқынышты. Қалған аз ғана өмірлері де олар үшін 


162


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   237




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет