327
ИМАНИ ГҮЛ
жеткізе алдық па? Исламды өзінің шынайы келбетінде
насихаттап, нағыз мұсылманшылықты тазалығымен,
білімімен, экономикасымен, бірлігімен, тірлігімен,
қысқасы, күллі асыл қасиеттерімен іс-жүзінде көрсете
білдік пе? Бұл сұрақтарға
«иә»
деп жауап бере алма-
сымыз айдан анық. Ендеше, ғылымнан артта қалып,
сауатсыздық жайлаған, экономикада басқаларға тәуелді,
саясатта тізгінді басқаға ұстатқан, өз арасындағы бірлігі
бұзылған қазіргі ислам әлемін қай батыс елі үлгі алып,
«мұсылманшылық па, шіркін, қандай керемет»
деп
исламға жүгірсін? Әрине, біз бұл жерде ислам әлемінің
қазіргі жағдайы олардың хақ дінді іздемеулеріне толық-
тай сылтау бола алады деуден де аулақпыз.
Дей тұрғанмен, өз жағдайымыз осындай
болғандықтан, мұсылман емес мемлекеттердегілер-
дің бәрін тозаққа толтыру сияқты тар түсініктен
аулақ болғанымыз жөн. Басқа мемлекеттерде шала-
шарпы, тиіп-қашып жүйесіз жасаған мардымсыз
насихаттарымызға иек артып, олардың исламға жаппай
бет бұруын күтуіміздің жөні жоқ.
Олай болса, ақыретте өзгелерден бұрын біз
мұсылмандар
«сендер неге жеткізбедіңдер»
деген сұраққа
тап боларымыз ақиқат. Сондықтан бар мүмкіншілігімізді
әлемге хақ діннің жайылуы үшін, мұсылманшылықты
шынайы келбетін іс-жүзінде таныту үшін сарп етуіміз
ләзім.
Бір күні, иншалла, ислам әлемі дүниедегі өзінің
бұрынғы тұғырына қайта оралады. Алла Тағала Құранда
өзінің соңғы дінін тәмамдайтынын уәде еткен.
Достарыңызбен бөлісу: