Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры имани гүЛ ҚАйрат жолдыбайҰлы алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет24/237
Дата06.06.2022
өлшемі3,36 Mb.
#146094
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   237
Байланысты:
имани гүл

ТАБИҒАТ ЖӘНЕ ТАБИҒАТ зАҢДАРЫ 
ЖАРАТУШЫ БОЛА АЛМАС
Заң мен сол заңды қоюшының бірдей болмасы анық. 
Табиғат заңдарының табиғатты жаратуы мүмкін емес. 
Табиғат өзінде болмаған қасиет пен ерекшеліктерді 
басқа бір жаратылысқа беруі тіпті мүмкін емес. Мысалы, 
адамдағы сана мен түрлі сезімдер табиғатта жоқ. Олай 
болса, өзінде жоқ нәрсені табиғат адамға қалай берсін? 
Адамды табиғат қалай жаратсын? Көрмейтін, естімейтін, 
сезбейтін су, топырақ, ауадан құралатын табиғат өзінен 
де керемет адамды және басқа жаратылысты жаратуы 
мүлдем мүмкін емес. Жаратылысты табиғат жаратты деу 
– табиғат өз-өзін жаратты деумен бірдей. Себебі табиғат 
дегеніміз, ол – топырақ, су, ауа, ағаш, тас. Ал енді суды, 
ауаны, ағашты, топырақты, тасты табиғат жаратты 
деуіміз, өз-өзін жаратты деген күлкілі жауап емес пе?
Табиғат заңдары мен нәтижелері және 
жаратылыстағы себептер мен салдарлары
Табиғат заңдары мен себептері өте әлсіз, ілімсіз, са-
насыз, сезімсіз бола тұра нәтижелері өте керемет, жүйелі, 
тамаша. Демек, табиғат заңдары мен жалпы себептер-
ден пайда болатын нәтижелерінің арасында байланыс 
болғанымен, жер мен көктей сәйкессіздік бар. Мысалға, 
кішкентай бала саусағына ілген жіппен бір жүк маши-
насын сүйрегенін көрсек, себеп пен нәтиже арасында 
сәйкессіздік болғандықтан, әлгі машинаны сүйреп бара 
жатқан кешкентай бала емес, басқа бір жасырын қуат
бар деген тұжырымға келер едік. Міне дәл осы секілді 
жан-жағымызда болып жатқан себептер мен салдарлар, 


52
ИМАНИ ГҮЛ
нәтижелер арасында бізді таң қалдырып, тамсандыратын 
өте үлкен сәйкессіздік бар. Жібек тәріздес, өте жіңішке 
тамырларымен нәзік өсімдіктер қатты тастар мен қара 
жерді қақ жарып шығады. Өте жұқа, нәзік жапырақтар 
ми қайнатар аптап ыстыққа күйместен, қурамастан 
тіршілігін, жасылдығын сақтап қалады. Өте әлсіз сперма 
мен адам баласының мына дүниеге келуі арасында байла-
ныс болғанымен, өте үлкен сәйкессіздік бар. Олай болса, 
мұндай керемет жаратылыстарды жаратқан әлсіз, соқыр, 
білімсіз себептер мен табиғат заңдары бола алмасы анық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   237




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет