Қытай Халық республикасының Гансу провинциясына қарасты Ақсай қазақ
автономиялы ауданы — 1954 жылы 27 сəуірде құрылған əкімшілік аудан. Орталығы —
Хоңлиууан қаласы. Жер көлемі 33733 км2. Ауданда қазақтардан басқа қытай, дүнген,
тибет, монғол, салар сияқты ұлттар да мекендейді. Жалпы халық саны 10000, қазақтар
саны 3600 адам, жалпы халық санының 40 пайызын ұстайды.
Қытайдың Гансу провинциясындағы қазақ диаспорасының қалыптасуы ХХ ғасырдың
бірінші жартысындағы Шыңжаң өлкесінің билеушісі Шың шыцай жүргізген терорлық
саясатпен тікелей байланысты.
Өткен ғасырдың 30 жылдарында Қытайдағы Шыңжаң өлкесінің билеушісі Шың шыцай
Шыңжаң өлкесінде тоталитаризмдік режим орнатып, халықты қырып ˗ жойып, қуғын ˗
сүргінге ұшыратқаны анық. 1934 — 1939 жылдары Шыңжан губернаторы
Шыңшыцайдың қазақтарға қолданған қатаң саясатының нəтижесінде Алтай аймағына
қарасты Шіңгіл ауданындағы жəне Құмыл аймағына қарасты Мори, Баркөл
аудандарындағы қазақтардан 30 мыңға жуық адам Шыңжанның шығысындағы Гансу
өлкесіне босып кетті.
1954 жылы 27 сəуірде Ақсай қазақ автономиялы ауданы құрылды. Орталығы
Боложуанжиң кенті болып белгіленді. Сонымен бір уақытта автономиялы ауданға
қарасты 5 ауыл құрылды. Жаңа құрылған ауылдарға жаңа заман талабымен Бейбіт,
Демократ, Ынтымақ, Құрлыс деген аттар берілді, қалған бір ауыл бұрынғысынша
Добагу атанды.
Осыдан бастап бұрынғы босқын қазақтар өздері еркін өмір сүретін мекенге ие болып,
бейбіт өмірлерін бастады. 1998 жылы аудан орталығы Хоңлиууан қалашығына
көшірілді. Қазір Ақсай қазақ автономиялы ауданнына қарасты 2 ауыл, бір қала, 14
əкімшілік қыстақ бар. Ақсай қазақ автономиялы ауданындағы қазақтардың тұрмысы өте
жақсы, экономикалық деңгейі жағынан Қытайдағы барлық қазақ аудандарының алды
деуге əбден болады.
1955 жылы тұңғыш ауылдық мектеп ашылды. Қазақ балалары аралас мектептерінде
қытай тілінде білім алады. Ауданда бір орта, бір бастауыш мектеп жəне бір бала бақша
бар. Аудан орталығында 400 адам қатар тұрып намаз оқитын «Ақ мешіт» деген мешіт
те бар.
Мұндағы қазақтар дінін, ұлттық салт-дəстүрлерін жақсы сақтаған. Соның айғағы ретінде
Ақсайдағы Қазақ ұлттық мұражайын атауға болады.
Ақсайда 1992 жылға дейін таза қазақ тіліндегі мектептер болған. Кейінгі өзгерген
саясаттар бойынша ондағы мектептер қытай тілінде білім беретін болды. Сондай-ақ,
ауданда ойын-сауық үйірмесі құрылып, 2003 жылдан бастап ақындар айтысын
дамытуды қолға алды. Ақсайдағы қазақтар қазақ ұлтының дəстүрлі мəдениетін жақсы
сақтаған, қыз ұзатып, келін түсіргенде киіз үй тігіп той тойлағанды тамаша дəстүрге
айландырған. Бұдан тыс үлкен жиын-тойларда қазақтар қазақтың ұлттық киімін киіп
шығуын да тамаша дəстүрге айландырған.
Ақсай ауданында кен өндірісін дамыту жақсы орынға қойылған. Аудан өңірінде
өндірілетін тасмақта кені ауданның басты кіріс қайнары болып табылады. Тасмақтадан
тыс Ақсай жерінде темір, мырыш, жез, шырымтал сияқты 41 кен түрі бар.
Ақсай жері шөлді жəне үстірттік өңірлерге бейімделген жануарлардың қасиетті мекені.
Бұл өңірде жабайы түйе, құлан, қодас, арқар, аю, ақбұғы, ұлар, қоңырқаз, тырна,
дуадақ сияқты елеулі қорғалатын аң-құстардың түрлері бар. Қанамбар қорығы қос
оркешті жабаиы түйені негіз еткен мемлекеттік қорық болып табылады.
Ақсай ауданында ұлттық мəдениеттің қорғалуы мен дамытылуы жақсы жолға
қойылған. Ауданда ұлттық көрме орталығы, кинотеатр, этнопарк, мұражай, ипподром,
спорт сарайы сияқты жаңа құрлыстар бой көтеріп ұлттық мəдени қимылдардың
кедергісіз өткізілуіне тамаша шарт жағдайлар əзірленген. Осындай шарт жағдай
астында 2013 жылы қыркүйек айында Ақсай қазақ автономиялы ауданында қазақ
күресінің IX кезекті Азия чемпионаты өткенін атап өтуге болады.
Гансу өлкесіндегі Ақсай қазақ автономяилы ауданының көрінісі көркем, жер
байлықтары мол, ұлттық салт-дəстүр ерекшеліктері қою түске ие. Өткен замандарда
киіз үйде тұратын қазақтардың тұрмыс шарт-жағдайы тым мəз емес болатын. Ал қазіргі
кезде барлығы өзгерген, халықтың күнкөрісі жоғары деңгейге көтерілген, малшылардың
барлығы отырақтанып сапалы салынған жер үйлер мен қабат үйлерде тұрады.