Итальян тілінде бәрімізге «buona fortuna» «Әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану» пәні бойынша №1 межелік бақылау сұрақтары



бет41/54
Дата11.04.2022
өлшемі152,67 Kb.
#138763
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   54
Байланысты:
ӘСМ 1 РК

4. Саяси элита. Бұл қоғамның ең саяси белсенді бөлігі. Оған саясатқа және саяси қызметке өздерін кәсіби түрде бағыштаған және осы іске өз күш-жігері мен уақытының басым бөлігін жұмсайтын адамдар кіреді. Әлеуметтік саяси элита біртекті емес, оған әр түрлі әлеуметтік топтардың әлеуметтік белсенді өкілдері кіреді. Бұқарадан саяси элитаны өте жоғары әлеуметтік және саяси белсенділігі, саяси іс-әрекетте пайдаланылатын форма, әдістер, құралдардың барлық ресурстарын қолдану арқылы саяси мәдениетті мазмұнды түрде игеруге талаптануы ерекшелеп тұрады. Мемлекеттік билік, оның саясаты, оны іске асырудағы жетістіктер мен сәтсіздіктер қоғамдағы саяси элиталардың күрес объектісі. Бұқарамен байланыс, оның саяси сезіміне көңіл бөлу, әлеуметтік жүріс-тұрысқа әсер ету — міне бұның бәрі саяси элитаның билік жолындағы күресінің құралдары болып табылады.
41. Саясат субъектілері ретінде ұлт және этникалық топтарға анықтама беріңіздер.
Ұлттық саясат, ұлттық қатынастар саласындағы осы заманғы зерттеулер адамзаттың ұлттық-этникалық құрамы тұрғысынан оның – сан алуандығын дəлелдейді: əлемде үш мыңнан астам халықтар (этностар), ұлттар жəне ұлттар ретінде қалыптасқан адамзат қауымы өмір сүреді. Барлық этникалық топтардың саны кейбір деректер бойынша он мыңға жуықтайды. Мемлекеттер санының екі жүзге жуық болуы да қызғылықты дерек. Осы мəселені ашудағы бастау нобайы ұлттық қатынастар мелекеттен бөлек немесе онымен қосарлы өмір сүрмейді деген пікір де бар. Ұлттық жəне этникалық-ұлттық қатынастар қалай болғанда да мемлекетпен жанама өмір сүреді жəне бірыңғай тұтас саясатты — саясаттың объектісі мен субектісі ретінде ұлттық құрылымды қалыптастырады. ""Этнос", "ұлт" ұғымдарын анықтау жөніндегі тұжырымды көзқарастар. Көптеген ғалымдар этникалық қауымдарды əлеуметтік құрылымдар деп ұғынады. Этникалық терминологиясы тек ұлт пен ұлысты ғана емес, сонымен бірге тайпаны да қамти отырып, əдетте, ұлтқа қатысты "рудан жоғары тұрған" деген мағынаны білдіреді. Ұлтты барабар ұғыну үш негізгі көзқарасты: биологиялық, əлеуметтікмəдени жəне саяси-құқықтық көзқарасты білдіреді. Биологиялық көзқарас басты басым ұлттың қандас туыстығын (ортақ қаңдастығын) тануға негізделеді. Мұндай көзқарас Германия, Жапония, Израиль елдеріне тəн болып келеді. Биологиялық негіз табиғи тіршілік иесі ретінде адамда болатыны баршаға мəлім. Аға-аналар этносы баланың сыртқы кейпіне, тіпті оның мінезі белгілеріне өзінің ізін қалдырады. Сонымен бірге, қалай дегенмен де ұлт шыққан тегімен ғана емес, сондай-ақ əлеуметтік факторлармен — мəдени ортаның ерекшеліктерімен, тəрбие жүйесімен жəне басқаларымен де анықталады. Əлеуметтік-мəдени көзқарас адамдардың үлкен тобының ортақ тілінен, мəдениетінен, дінінең дəстүрлерінен, əдет-ғұрыптарынан бастау алады. Мұның өзі ұлтты өздері үшін рухани мəдениеттің ортақтығы, тарихи дамуының, ділінің ортақтығы сипатты болатын адамдар қауымы ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Саяси өмірдің, тəжірибесі көбіне мынаны дəлелдейді: ұлттар діни қауыммен теңестіріледі. Мəселен, саяси əдебиетте "араб ұлты" ұшырасады, Египеттің, Ливияның, Палестинаның, Сауд Арабиясының, Ирактың арабмұсылмандарының көптеген мəдени белгілері мен дəртүрлері жағынан бірбірінен өзгешеліктері бола тұрса да, оны ислам дінімен байланыстырады. Ұлтты саяси-құқықтық тұрғыда қарастырған жағдайда, тең азаматтық, яғни белгілі бір мемлекет азаматтарының қауымдастығы ретінде түсіңдіріледі. Еуропа Кеңесі ауқымында жасалған Азаматтық туралы конвенцияда "азамат" ұғымы "сол адамның этникалық шығу тегін көрсетпестен, мемлекет пен адамның құқықтық қатынастары" ретінде анықталады. Ұлттар туралы айтқан кезде халықаралық құқықта нақ сол азаматтық, немесе саяси ұлт жайында əңгіме болады. Ұлт дегеніміз тарихи қалыптасқан адамдар қауымын — белгілі бір мемлекет азаматтары ұғымын білдіреді, бұл ұлтқа өзін белгілі бір ұлт қауымына жатқызуға жəне өзін басқа ұлттан өзгеше етуге мүмкіндік беретін экономикалық өмірінің, тілінің тұрақты бірлігі, мəдениеті мен дəстүрлерінің ерекшеліктері, сондай-ақ жеке — дара жəне топтық санасы мен сезімі тəн болады. Қоғамның ұлттық, құрылымын белгілі бір қоғамның ауқымында болатын ұлттардың, ұлыстардың, этникалық топтардың жиынтығы ретінде қарастыруға болады
Ұлт дегеніміз:
1) əлеуметтік əрекеттер мен байланыстар
2) бір территорияда тарихи топтасқан адамдар жиынтығы
3) бір территорияда тілі, мəдениеті, тұрмыстық ерекшелігімен топтасқан адамдар бірлестігі
4) адамдардың бір-біріне əсерін ықпал етуін сынап көретін жəне əрекет ететін процесс
5) əлеуметтік жалпылықтың бір түрі
42. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-саяси құрылымына сипаттама беріңіздер.
Қазақстан – Республика Конституциясында бекітілген өзінің жеке және ерекше мемлекеттік формасы бойынша тәуелсіз мемлекет. Президент мемлекеттің саясатын анықтау құқығымен мемлекет басы болып табылады. Қазақстан Республикасының үкіметі атқарушы, заң шығарушы және сот үш өкімет тармағынан құралады. Президент осы үш тармақтың үшеуінің де қызметін еркін үйлестіру өкілеттігіне ие. Сайып келгенде, Қазақстан өзінің басқару формасы бойынша Президентік республика болып табылады. Қазақстанның Үкіметі атқарушы тармақ өкіметін басқарады. Республиканың Жоғарғы заң шығарушы органы болып табылатын екі палаталы парламент заң шығарушы тармағының өкіметін басқарады. Өкіметтің Соттық тармағы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотымен басқарылатын жалпы юрисдикциясы бар соттар жүйесімен ұсынылады. Қазақстан Республикасының Конституциялық нормалары орындалуының бақылауы бойынша міндеттерді Конституциялық Кеңес орындайды. Республиканың Бас Прокуратурасы және Ішкі Істер Министрлігі тұсындағы құқық қорғау органдар жүйесі заң бойынша бақылау мен мемлекеттік тәртіпті іске асырады. Қазақстан – әкімшілік-территориялық бірлік болып келетін аймақтарға бөлінген унитарлы мемлекет.
Әлеуметтік жүйе және оның элементтерінің құрылымы. Адам – әлеуметтік жүйенің негізгі элементі. Мемлекеттік ісін басқарудағы азаматтардың құқықтық субъектіліктері. Азаматтардың мемлекет ісін басқаруға қатысуға заңдық кепілі. Азаматтардың бірлесуге қатысты ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары, олардың құқықтық мәртебесі. Халықты әкімшілік-аумақтық және өндіріс қағидалары арқылы бөлу – әлеуметтік жүйені құрылымдаудың негізі. Қоғамдық тіршіліктің негізгі аялары (экономикалық, әлеуметтік, әкімшілік-саяси). Мемлекеттік басқарудағы салалық және функциональдық бастама. Мемлекеттік басқарудағы объект (әлеуметтік жүйе және оның құрамының элементтері) және субъктілердің (мемлекеттік аппарат) өзара байланыстары. Мемлекеттік басқару жүйесінің сыртқы ортасы.
43. Билікке саяси институт ретінде анықтама және сипаттама беріңіздер және оның мәнін түсіндіріңіздер.
Билік адамзат қоғамымен бірге пайда болды және оның даму барысында әлі де бола бермек. Оның алғашқы пайда болуын қазіргі саяси ғылымда мемлекеттің пайда болуымен байланыстырады. Билік көп салалы, көп мағыналы құбылыс. Мысалы, мәжбүр ету күш билігі, жетекшінің, ата-ананың, мұғалімнің, әкімшіліктің, заңның, мемлекеттің билігі және т.б.Билік деп біреудің екіншілерге өз әмірін жүргізіп, олардың іс- әрекеттеріне, қызметіне, тағдырына ықпал етуін айтады. Бұл жалпы билік туралы түсінік. Ал билік деген ұғым үлкен екі топқа бөлінеді: саяси билік және саяси емес билік.Саясаттанудың объектісі тек ғана саяси билік. Саяси билікке заңның, мемлекеттің, үкіметтің, жалпы қоғамның өмірімен байланысты биліктер жатады. Сонымен қатар саяси биліктің өзі де бір мағыналы, бір салалы емес.Себебі саяси биліктің түрлері өте көп. Мысалы, монархияның билігі (патша, император, король, хан, шах, сұлтан), бір партияның билігі, әскери топтың, диктатураның билігі, фашистік билік Саяси биліктің тағы бір түрі – сайланған билік, яғни, халық билігі.Осыған байланысты, саяси биліктің өзі екі түрге бөлінеді: заңды (легитимді), сайлаулы билік, демократиялық билік және заңды емес (легитимді емес), сайланбаған, демократиялық емес билік. Саяси билік қоғамдағы аса күрделі процесс болғандықтан, оның көріністері де сан алуан болып келеді Негізгі бөлім Саяси биліктің маңызды қырлары:
• адамдарды нақты іс-әрекетке ояту қабілеті, үстемдік етуші субъектілер мүдделері мен мақсаттары негізінде әрекеттер жасату;
• адамдардың билікке тиімсіз іс-әрекеттерінің алдын алу қабілеті;
• нақты күштердің үстемдігін көрінбеген жағдайдың өзінде жүзеге асыру мүмкіндігі;
• тұтастығы, барлық жерде мәжбүрлеу түрінде өмір сүру қабілеті. Мұндай мәжбүрлеу жеке үстемдік ретінде қабылданбайды.
44. Нақты мысалдар негізінде саяси биліктің формалары мен іске асырылу әдістерін атап көрсетіңіздер.
Саяси биліктің құрылысы, басқа да белгілері, қасиеттері әр уақытта тарихи, ұлттық, тіпті елдің географиялық өзгешеліктерімен байланысты болады. Мысалы, Англияда осы күнге дейін монарх пен лордтар палатасының сақталуы, АҚШ-тағы штаттардың уәкілдерінен қалыптасқан сенат палатасының 43 болуы, Жапониядағы императорлық дәстүрлердің сақталуы Қоғамда билік өзара тығыз байланыстағы 3 деңгейде ұйымдастырылып, қызмет етеді:
1. Жоғары орталық саяси институттар, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдарды басқару органдары кіретін өте ірі деңгей.
2. Орта буынды аппараттар мен мекемелерді қамтитын және аймақтық, облыстық, аудандық шенбердегі жергілікті әкімшілік билік кіретін орта деңгей.
3. Адамдар, кішігірім топтар, ұйымдар, одақтар, өндіріс және басқа ұжымдар арасындағы қоғамдық қатынастардың негізі, арқауы болып табылатын, саяси және қоғамдық өзін-өзі басқару өрісін құрайтын кіші деңгей.
Ал демократиялық саяси жүйе ойдағыдай өз ісін атқару мақсатында, мемлекеттік билікті заң шығарушы, атқарушы, сот билігі деп үш тармакқа бөледі. Оның негізін салушы ағылшын ойшылы Джон Локк(1632 - 1704) пен француз ғалымы Ш.Л. Монтескье (1689 - 1753) болды.
Заң шығарушы билік (парламент) заң шығарумен, оны бекіту, өзгерту немесе жоюмен айналысады. Ол заң қабылдайды, салық салуды анықтайды, үкіметті тағайындайды, бюджетті бекітеді, соғыс ашып және әскермен қамтамасыз етеді, сауданы реттейді, сотты ұйымдастырады халықаралық келісім шарттарды қабылдайды, саясаттың маңызды ішкі және сыртқы бағытын анықтайды. Конституция атынан оның жұмысына арнайы органдар бақылау жасайды.
Атқарушы билікке үкімет пен әкімшілік жатады. Оларды заң шығарушы өкілдік органдар қалыптастырады. Атқарушы билік заң шығарушы биліктің бақылауында болып, олардың алдында есеп береді. Оның жұмысы заңға негізделіп, заң шеңберінде іс істеуі керек. Сырттай қарағанда ол заң шығарушы билікке тәуелді. Бірақ іс жүзінде ол саяси жүйенің маңызды бөлігіне айналған және қоғамдық өмірде зор рөл атқарады. Үкімет саяси шешімдер қабылдайды, ал әкімшілік ол шешімдерді жүзеге асырады.
Сот билігі адамдардың құқығын қорғайды, заң бұзушылықтан сақтайды, парламент не президент қабылдаған заңдардың, конституциялы жарғылардың сәйкестігін анықтайды. Оны халық немесе өкілетті мекемелер қалыптастырады. Ол заң шығарушы немесе атқарушы билікке тәуелсіз. Өз жұмысында тек заңды ғана басшылыққа алады. Егер жоғарғы сот мемлекеттік органның немесе қызмет адамының шешімін конституцияға қарсы десе, ол шешім толығымен күшін жояды. Соттың маңызды принциптеріне жариялылық, айыпкердің өзін қорғауға және сот үкімін бұздыру туралы шағым арыз беруге құқығы жатады.
45.Егеменді Қазақстандағы мемлекеттік билікке сипаттама беріңіздер.
Қазақстан Республикасы — президенттік басқару формасы бар демократиялық, құқықтық, унитарлы, зайырлы мемлекет.ҚР саяси билігі бірнеше билік табынан тұрады:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет