Итальян тілінде бәрімізге «buona fortuna» «Әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану» пәні бойынша №1 межелік бақылау сұрақтары


Саяси көшбасшының атқаратын қызметтері



бет50/54
Дата11.04.2022
өлшемі152,67 Kb.
#138763
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   54
Байланысты:
ӘСМ 1 РК

Саяси көшбасшының атқаратын қызметтері - әр түрлі топтардың басын біріктіріп, мүдделерін үйлестіру, топтастыру; халықтың, топтардың қажеттіктерін өтейтін және қарыштап алға басуға мүмкіндік тудыратын саяси бағыт-бағдарлама жасау; қоғам алдындағы мақсаттарды жүзеге асырудың әдістері мен тәсілдерін айқындау; халықты ынталандыру арқылы қажетті өзгерістерді іске асыру; жұртшылықпен, әр түрлі ұйым, топтармен тығыз байланыс жасау негізінде өзін-өзі саяси ұйымдастырудың тұрақты түрлерін қамтамасыз ету; әділдіктің, заңдылықтың, тәртіптің кепілі болу.
Саяси көшбасшылықтың жіктелуі - Неміс ойшылы М.Вебер саяси көш бастаушыларды топтастыруға алғаш қадам жасады. Ол саяси серкелерді былай жіктеуді ұсынды:
1) билік әкеден балаға мирас ретінде қалатын әдет-ғұрып жетекшілігі;
2) ерекше қадір-қасиеті, қабілетіне (ақылдылығына, батырлығына, т.б.) байланысты билік басына келген харизматикалық топ бастар;
3) Конституция негізінде сайлау арқылы басшылық орынға келген саяси серкелер.
55.Партиялық жүйелері және олардың жіктелуі.
Саяси партия белгілі бір таптың немесе халықтың бір тобының мүддесін білдіретін және билікті қолға алу,ұстап тұру мен пайдалану арқылы жүзеге асыруды алдына мақсат етіп қоятын белгілі бір идеология негізіндегі адамдардың ұйымдасқан тобы.
Белгілері:

  • Белгілі бір идеологияға ие болып,оның тасымалдаушысы болып табылады.

  • Саясаттың түрлі деңгейлерінде құрылымданған адамдардың тұрақты,ерікті және ұзақ мерзімді бірлестігі.

  • Саяси билікті алып,жүзеге асыруды алдына бағыт етіп қояды.

Типологиясы:
1)Әлеуметтік өзгерулер қатынас сипатына байланысты

  • Революциялық реформистік

  • Радикалдық самарқау

  • Прогрессивті реакциялық

2)Әлеуметтік базасына байланысты

  • Жұмысшылар

  • Шаруалар

  • Кәсіпкерлік

3)Идеологиялық тұғырнамасына байланыысты

  • Социал демократиялық

  • Коммунистік

  • Либералдық

  • Консервативтік

  • Конфессионалдық

  • Монархиялық

  • Ұлтшылдық

4)Саяси билікке қатысына қарай

  • Билеуші

  • Оппозициялық

  • Рсеми

  • Бейресми

  • Көшбасшы

  • Аутсайдерлік

  • Монополиялы билік етуші

  • Коалициялық

5)Құрылымы мен ішкі ұйымдасуына қарай

  • Кадрлық

  • Бұқаралық

  • Парламенттік

  • Парламенттік емес

  • Авангардтық идеалы

  • Мүдделі сасяи билікке ұмтылмайтын партиялар



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет