Құқықтану және жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері пәнінен дәріс жұмысы Дайындаған: аға оқытушы, заң ғылымдарының магистрі


Құқық ұғымы, оның теориялық негіздері, белгілері құықтық нормалар құрылымы,құықтық қатнастар, құқық бұзушылық және заңды жауапкершілік



бет4/6
Дата16.01.2022
өлшемі27,06 Kb.
#112294
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
1-Тақырып. Дәріс. Құқықтану және жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері. Ақпанбаев 3b01c85b18acea84ddaa8283e036c0c3

3. Құқық ұғымы, оның теориялық негіздері, белгілері құықтық нормалар құрылымы,құықтық қатнастар, құқық бұзушылық және заңды жауапкершілік.

Құқық дегеніміз- жалпыға бірдей міндетті, мемлекттің күшімен қамтамасыз етілетін, қоғамдық қатнастарды реттейтін, заңды және басқа да құжаттарда анықталған нормалар жиынтығы. «Құқық» терминінің көптеген мәні бар,ол заң ғылымында, күнделікті өмірде және қызмет бабында қолданылады. Кең мағыналы түсінікті болғандықтан, әрбір адамның құқықтың мәні туралы қандай бір пікір қалыптасатыны сөзсіз. Заң ғылымында «құқық» термині бәрнеше мағынада қолданылады. Біріншіден, «құқық»-ресми түрде танылған жеке және заңды тұлғалардың заң сүйене отырып,әрекет жасау мүмкіндігі. Мысалы, азаматтардың еңбек ету бостандығы, білім алу, меншік иесі болу, кәсіпкерлікпен шұғылдану құқығы. Заңды тұлғалардың да құқықтық мүмкіндіктері болады. Осы келтірілген жағдайларда «құқық» түсінігі субьективтік (тұлғалар) мағынада қолданылады.

Екіншіден, “ құқықтық” дегеніміз құқық нормаларының жүйеге келтірілген жиынтығы. Бұл объективтік мағынадағы құқық, себебі, олардың жаалуы жеке адамның еркіне байланысты емес. Сонымен, объективтік мағынадағы құқық жеке нормаларға бөлінбейтін, тұтас құбылыс болып саналды. Құқық туралы конституция былай дейді: “Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституциясының, соған сәйкес заңдардың, өзгеде нормативтік-құқықтық актілердің, Республиканың халықаралық шарттық және өзгеде міндеттемелерінің, сондайақ Республика Конституциялық Кеңесінің және жоғарғы соты нормативтік қаулыларының нормалары болып табылады’’ (4 бап). Үшіншіден, “құқық” термині оқу пәнін білдіретін ұғым ретінде қолданылады. Құқық пәндері түрлі салаларға бөлінеді: конституциялық құқық, әкімшілік құқық, қылмыстық құқық, қаржылық құқық, т.б. Құқық саласы-өзара туыстас қоғамдық қатынастарды реттейтін құққтық нормалардың жиынтығы. Мысалы, азаматтық құқық мүліктік және мүліктік емес қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.



Құықтың белгілері жүйелелігі, нормативтік сипаты,формальді анықтылығы,мемлекетттің күшіне сүйенуі, жалпыға бірдей міндеттілігі,адамдардың еркін білдіруі және өзгермелілігі. Құқықтың қызметі:реттеу, қорғау және тәрбиелеу. Заң дегеніміз жалпыға бірдей міндетті, мемлекеттік органдар қабылдаған нормативтік актілер жиынтығы.

Құықтық нормалардың құрылымы:гипотеза, диспозиция, санкциядан тұрады.

Адам қоғамында сан алуан қатынастар, яғни байланыстар туындайды.Осы қатынастарды реттеу, тәртіптік ережелер, қағидалар, нормалар негізінде болады. Норма дегеніміз мінезқұлықтың, жүріс-тұрыстың мөлшері үлгісі эталоны. Нормативті реттеу жүйесі қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардан тұрады. Олар әлеуметтік және әлеуметтік техникалық нормаларға бөлінеді. Қоғамның әлеуметтік нормалары дегеніміз–қоғамдық қатынастарды реттейтін, қоғамдық пікір күші ықпалымен немесе мемлекеттің мәжбүрлеуімен қаматамасыз етілетін, қоғамдағы адамдардың мінез-құлқы, жүріс-тұрыстары ережелерінің жүйесі. Әлеуметтік нормаларға жататындар құқық нормалары, мораль, имандылық, өнеге нормалары, қоғамдық ұйымдар (корпoрoтивтік) нормалары, әдет-ғұрыптар дін нормалары және т.б. Әлеуметтік техникалық нормалар–техникалық құралдар пайдалану, қолдану ережелері, санитарлық-гигиеналық нормалар, агрономиялық нормалар және т.б.



Құқық пен мораль тығыз байланысты. Осы екі құбылыстың жалпылама ерекшеліктерін және айырмашылықтарын көрсету қажет. Жалпылама ерекшеліктері құқық пен мораль экономикалық базиске жасалған қондырма болып табылады, қоғамдық қатынастарды реттейді, әлеуметтік-экономикалық мүдделердің ортақтығына бірлігіне негізделеді. Құқық пен мораль көпшілік жағдайларда ерікті түрде жүзеге асырылады және асырылуының ішкі кепілі - адамның ар - ұяты мен намысы. Құқық нормаларының талаптары моральдық талаптарға негізделеді. Мысалы, Қазақстан Республикасының Конституциясының 27-бабында былай айтылған: “Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата -ананың табиғи құқығы әрі парызы. Кәмелетке толған еңбекке қабілетті балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға міндетті”. Бұл бапта құқық нормасының талабы және мораль нормасының талабы бірдей көрініс табады.
Құқықтық қатнастар дегеніміз қатысушыларыныңсубъективті құқықтары мен заңда көсетілген бостандықтары болатын, құқықтық нормалар мен заңда көсетілген айғақтарға сәйкес туындайтын, ерік ықтиярды білдіретін қоғамдық қатнастар.Құық бұзушылық- құқыққа қарсы кінәлі мінез-құлқы болған әрекет.

Қоғам әрқашан тәртіпке негізделіп, арқа сүйеп қалыптасып, тіршілік етеді. Қоғамда тәртіп болмаса, ол құлдырайды, яғни, келешегі болмайды. Мұны адамдар ежелден-ақ жақсы түсінген. Сондықтан да қоғамда тәртіп орнатудың жолдарын қарастырған. Дегенмен, керісінше қоғамдық тәртіпті бұзуға бейім азаматтар да аз болмаған.

Осыдан келіп – құқық бұзушылық орын ала бастады. Құқық бұзушылық – қоғам өміріне тән дерт. Адам баласы өмір сүрген ортада ол да әрқашан орын алады. Бұл объективтік құбылыс.

Құқық бұзушылық заңды, оның қағидаларын құқықтық нормалар жүктеген міндеттерді бұзу, тыйым салынған әрекеттерді жасау. Ол адамдардың іс-әрекеті, қылығы, мінезі немесе әрекетсіздігімен сипатталады. 

Заңды жауапкершілік – жеке адам, қоғам, мемлекеттің мүддесін қорғайтын бірден-бір жол болып табылады. Ол құқықтық нормалардың бұзылуы нәтижесінде пайда болып, құқық бұзуға мемлекеттік күштеу шарасын қолдану нысанымен сипатталады. Құқық бұзушыға жауапкершіліктің белгілі бір шарасы көзделген құқықтық норманың санкциясын қолданудан тұрады.

Заңды жауапкершіліктің заңды негізі – құқық бұзушылық болып табылады. Егерде субъектінің іс-әрекеті құқық бұзушылықтың белгілеріне сәйкес келмесе онда ол заңды жауапкершілікке тартылмайды.

Заңды жауапкершілік күрделі әлеуметтік құбылыс. Мұнда кем дегенде екі жақ қатысады: мемлекет және құқық бұзушы. Олардың арасында құқық қорғаушы қатынас қалыптасады және екі жақта заң шеңберінде, қолданылып отырған жауапкершіліктің құқықтық нормаларының нақты санкциясының негізінде жүзеге асады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет