Құқықтану кафедрасы студенттерге арналған пән бағдарламасы (Syllabus)



бет2/2
Дата24.05.2017
өлшемі289,44 Kb.
#16921
1   2
БЕКІТЕМІН

Тарих және құқық факультетінің деканы

_______________ А. А. Акишев

«____»_______________2012 ж.

Құрастырушы: с.ғ.к., доцент ________ Бегимтаев А.И.

Құқықтану кафедрасы
СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus)
Әкімшілік құқық пәнінен

050301 - «Құқықтану» мамандығы бойынша оқитын студенттерге арналған

Бағдарлама «____»____________ 20__ ж.

бекітілген жұмыс бағдарлдамасы негізінде құрастырылған


Құқықтану кафедрасының отырысында мақұлданған Хаттама №____

«___» ________ 2012 ж.

Кафедра меңгерушісі_______________ Г. Б. Ахмеджанова «___»________2012 ж.
Тарих және құқық факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды

Хаттама № ___ «____»_________2012 ж.


ОӘК төрағасы ________________ Ш.К. Сулейменова 2012 ж. «__»_____
© Торайгыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

1 Оқытушылар туралы мәліметтер және байланысу ақпараттары

Оқытушылар жөнінде мәлімет

Бегимтаев А.И.– Құқықтану кафедрасының с.ғ.к., доцент (дәріс, тәжірибе, СӨЖ).

Кафедра Ломов көшесі 64 мекен-жайы бойынша 417 аудиторияда орналасқан, байланыс телефоны 67-36-77, қосымша 1168.
2 Пән бойынша ақпарат
Пән 7 семестрде 3 апталық мерзімде оқытылады.

Пәннің жалпы жүктемесі 135 сағатты құрайды. Соның ішінде 18 сағаты аудиториялық сабақтарға (12 сағаты дәріс сабақтарына ижәне 6 сағаты – тәжірибелік сабақтарға), 117 сағаты – студенттердің өзіндік жұмысына (СӨЖ) бөлінген.

Аудиториялық сабақтардың уақыттары күнтізбелік жоспар бойынша белгіленген сабақ түрлерімен өтеді.
3 Пәннің еңбек сыйымдылығы


Семестр

ККред.

саны


Аудиториялық сабақтар түрлері бойынша байланыс сағаттарының көлемі

Студенттің өздік жұмысына бөлінген сағаттар саны



Бақылау нысаны

барлығы

дәріс

тәж

зерт

студ

жеке

барлығы

ОСӨЖ


7

3

18

12

6

-

-

-

117

9

емтихан

Барлығы




135





4 Пәннің мақсаты мен міндеттері

4.1 «Әкімшілік құқық» пәнінің мақсаты :

1) студенттерге әкімшілік жауапкершілік түрлері және әкімшілік заңнамасының табиғаты мен негізі туралы терең жан-жақты түсінік алуға жету;

2) студенттерге әкімшілік процессті терең оқыту;

3) әкімшілік заңнамасының даулы сұрақтарын және әкімшілік жауапкершілік институтының маңызды мәселелерін талдауды қарастыру;

4) тәжірибелік қызметке кәсіби жоғары мамандарды дайындау, болашақ заңгерлердің шығармашылық тұлғалық қабілетін қалыптастыру.

5 Пәнді оқу бойынша негізгі міндеттер:

1) оқытылып отырған пән бойынша студенттерге бастапқы білім беру;

2) студенттерді әкімшілік құқық бойынша ғылыми-шығармашылық жұмыстарға үйрету;

3) студенттерді нормативтік-құқықтық актілердің мағынасын түсінуге және өмірдегі жағдайларға әкімшілік нормаларды қолдануды үйрету.



Студенттің курсты оқу бойынша алынатын минимум білімі, біліктігі және тәжірибесі.

Пәнді оқу бойынша сіз:

бұл пән бойынша негізгі теориялық ережелерін білетін боласыз:


  • әкімшілік жауапкершілік бойынша істерді қарастыратын органдар түрлері және олардың қызметтері;

  • әкімшілік жауапкершілік бойынша істерді қарастыратын органдардың қызметін реттейтін заңнаманың теориялық ережелері;

  • әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша өндірісті қамтамасыз ету шаралары;

тәжірибе жинайсыз:

  • нормативтік-құқықтық материалмен жұмыс істеу;

  • жағдайлы тапсырмаларды шешуде теориялық білімді қолдану;

  • процессуалды құжаттар толтыру (әкімшілік құқық бұзушылық бойынша хаттама, әкімшілік құқық бұзушылықты істеу фактісі бойынша түсіндірме және т.б.)

білетін боласыз:

1) әкімшілік заңнамасының актілерін дұрыс талдау;

2) оқу есептерін шешу.

6 Пререквизиттер:

- «Конституциялық құқық» (адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары);



- «Әкімшілік құқық» (әкімшілік процесс сатыларын қарау, әкімшілік заңнамасын терең оқыту және әкімшілік жауапкершілік институтының маңызды мәселелерін талдауды қарастыру);

7 Постреквизиттер:

Берілген пән бойынша алынған білім, біліктілік және тәжірибе келесі пәндерді оқуға қажет: Мемлекеттік басқару және қызмет, ҚР азаматтық іс жүргізу құқығы және т.б.




8 Тақырыптық жоспар

«Әкімшілік юстиция» пәнінің тақырыптық жоспары Жалпы орта білім базасындағы сырттай 050301 Құқықтану




Тақырыптыңаталуы

Сабақтардың түрлері бойынша

сағаттар саны

дәріс

тәж.

СӨЖ

1

Әкімшілік-құқықтық мәжбүрлеу мемлекеттік мәжбүрлеудің бір түрі ретінде

2

1

12

2

Әкімшілік құқық бұзушылық

2

1

12

3

Әкімшілік процесс

1

0,5

12

4

Әкімшілік жауапкершілік


1

0,5

12

5

Әкімшілік өндіріп алу


1

0,5

12

6

Әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша өндіріс

1

0,5

12

7

Әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша өндірістің сатылары

1

0,5

12

8

Кәмелетке толмағандардың құқықтарына қол сұғатын және кәмелетке толмағандармен жасалатын әкімшілік құқық бұзушылықтар

1

0,5

11

9

Әкімшілік құқық бұзушылық бойынша істерді шешуге уәкілетті мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар

1

0,5

11

10

Атқару саласында адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың әкімшілік-құқықтық нысаны

1

0,5

11

ВСЕГО

12

6

117

135



9 Пәннің қысқаша сипаттамасы

Әкімшілік құқық конституциялық және азаматтық құқықтармен қатар Қазақстан құқығы жүйесінің негізгі салаларының бірі болып табылады.Оның мұндай орын алатын себебі «әкімшіліктің» әрқашанда және қазір де сөзсіз үлкен қоғамдық, тіпті өмірлік зор маңызы бар деп айтуға болады.

Бұл жағдайда дұрыс ұғынып, бағалау үшін «әкімшілік» термині administratio деген латын сөзінен алынғанын, оның мәні «басшылық», басқару болып табылатынын негізге алу керек.Қазіргі кезенде біздің қоғамдық ұйымды құрайтын барлық бөліктердің келісімді, тәртіптелген қызметін қамтамасыз ету өзінің негізгі міндеті болатын мемлекеттік басқару біртұтас мемлекеттік биліктің салаларыңың бірі биліктің механизімі болып табылады.Бұл механизім бүкіл Республика көлемінде атқарушы билікті нақты жүзеге асыратын мемлекеттік әкімшілік.

Атқарушы билік органдары, немесе атқарушы органдар заңнамаларды орындауды, яғни олардың талаптарын іске асыруды қамтамасыз ете отырып, іс жүзінде әкімшілік етеді, яғни экономикалық, әлеуметтікәне әкімшілік, саяси өмірдің аяларын басқарады.Олардың қызметінің әкімшілік, яғни басқарушылық, атқарушылық, соттан тысқары сипаты бар.


10 Курс компоненттері

10.1 Дәріс сабақтарының тізімі және мазмұны

1-тақырып. Әкімшілік-құқықтық мәжбүрлеу мемлекеттік мәжбүрлеудің бір түрі ретінде.

Құқықтық мәжбүрлеудің түсінігі.

Құқықтық мәжбүрлеудің түрлері және оның сипаттамасы.

Әкімшілік мәжбүрлеудің ерекшеліктері.



2-тақырып. Әкімшілік құқық бұзушылық.

Әкімшілік құқық бұзушылықтың түсінігі және белгілері.

Әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы.

3-тақырып.Әкімшілік процесс

Әкімшілік процесс: негізі мен түрлері.Әкімшілік -процессуалды қызметтің нормативтік-құқықтық негізі.

Әкімшілік –іс жүргізушілік өндіріс: негізгі белгілері, қағидалары, құрылымы.

Әкімшілік-юрисдикциялық өндіріс: негізгі белгілері, қағидалары, құрылымы.



4-тақырып.Әкімшілік жауапкершілік

Құқықтық жауапкершіліктің түсінігі мен белгілері.

Әкімшілік жауапкершіліктің айрықша белгілері.

Әкімшілік жауапкершіліктің құқықтық негізі.



5-тақырып.Әкімшілік өндіріп алу

Әкімшілік өндіріп алудың түсінігі мен мақсаттары.

Әкімшілік өндіріп алу жүйесі.

Әкімшілік өндіріп алуды тағайындаудағы жалпы қағидалар.



6-тақырып.Әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша өндіріс

Әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша өндірістің түсінігі, міндеттері және қағидалары.

Әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша өндірістегі дәлелдемелер.

Әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша өндірісті болдырмайтын жағдайлар.



7-тақырып. Әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша өндірістің сатылары.

Әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша өндіріс сатыларының жүйесі.

Әкімшілік құқық бұзушылық істерді қозғау және қарау.

Әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша қаулыларды қайта қарау.

Әкімшілік өндіріп алуды тағайындау туралы қаулыны орындау.

8-тақырып. Кәмелетке толмағандардың құқықтарына қол сұғатын және кәмелетке толмағандармен жасалатын әкімшілік құқық бұзушылықтар.

Кәмелетке толмағандармен жасалатын әкімшілік құқық бұзушылықтардың түрлері.

Кәмелетке толмағандардың құқықтарына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар.

9-тақырып.Әкімшілік құқық бұзушылық бойынша істерді шешуге уәкілетті мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар.

Әкімшілік құқық бұзушылық бойынша істерді шешуге уәкілетті органдардың түрлері.

Лауазымды тұлғалардың әкімшілік өндіріп алуды қолданудағы құзыреті.
10-тақырып. Атқару саласында адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың әкімшілік-құқықтық нысаны.

Атқару саласында адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың әкімшілік-құқықтық нысанының негізі.

Атқару саласында адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың заңнамалық кепілдіктер.

Атқарушылық биліктегі заңдылықты және тәртіпті қамтамасыз ету.


10.2 Тәжірибелік (семинар) сабақтардың тізімі мен мазмұны

1-тақырып. Әкімшілік-құқықтық мәжбүрлеу мемлекеттік мәжбүрлеудің бір түрі ретінде.

Әкімшілік мәжбүрлеу шаралары және оның айрықша белгілері.

Кәмелетке толмағандарға қатысты қолданылатын әкімшілік-құқықтық мәжбүрлеу.

2-тақырып. Әкімшілік құқық бұзушылық.

«Жазаланушылық және кінәлілік» белгілерінің әкімшілік құқық бұзушылық сипаттағы мағынасы.

Әкімшілік құқық бұзушылық құрамындағы элементтердің сипаттамасы.

3-тақырып.Әкімшілік процесс

Әкімшілік процесстің түсінігі мен негізгі белгілері.

Азаматтардың үндеулерін қарау ерекшеліктері.

4-тақырып.Әкімшілік жауапкершілік

Әкімшілік жауапкершіліктен босату негіздері

ҚР ӘҚБтК 35-бабы бойынша жекелеген санаттағы тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту ерекшеліктері.

5-тақырып.Әкімшілік өндіріп алу

Әкімшілік өндіріп алудың негізі.

Әкімшілік өндіріп алу түрлерінің сипаттамасы.

Әкімшілік жауапкершілікті жеңілдететін және ауырлататын жағдайлар.



6-тақырып.Әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша өндіріс

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама.

Әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша өндіріске қатысушы тұлғалар.

7-тақырып. Әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша өндірістің сатылары.

Әкімшілік құқық бұзушылық бойынша іс қозғау негіздері.

Әкімшілік құқық бұзушылық бойынша істерді қарау мерзімі.

Әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша қабылданатын шешімдердің түрлері.



8-тақырып. Кәмелетке толмағандардың құқықтарына қол сұғатын және кәмелетке толмағандармен жасалатын әкімшілік құқық бұзушылықтар.

Қоғамдық тәртіпті қорғау саласында кәмелетке толмағандармен жасалатын әкімшілік құқық бұзушылықтар.

Көліктегі кәмелетке толмағандармен жасалатын әкімшілік құқық бұзушылықтар.

9-тақырып.Әкімшілік құқық бұзушылық бойынша істерді шешуге уәкілетті мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар.

Әкімшілік істерді территориалдық белгі бойынша қарастыру.

Әкімшілік істерді қараудың түрлік белгілері.

10-тақырып. Атқару саласында адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың әкімшілік-құқықтық нысаны.

Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың әкімшілік-құқықтық нысанының даму жолдары.

Адам мен азаматтың заңнамалық құқықтары мен бостандықтарының сипаттамасы.

Жастардың құқықтарын қорғау әдістері.


10.3 Студенттердің өзіндік жұмыстардың мазмұны

Студенттің өзіндік жұмысының мазмұны




СӨЖ түрі

Есеп беру нысаны

Бақылау түрі

Сағаттағы көлемі

1

Дәріс сабақтарына дайындық

Дәріс конспектісі

Сабаққа қатысу

15

2

Тәжірибе сабақтарына дайындық

Жұмыс дәптері

Сабаққа қатысу

15

3

Студенттердің өз бетінше дайындалатын жоспарда көрсетілмеген тақырыптар тізімі

Конспект

Конспектілерді тексеру

35

4

Семестрлік тапсырмаларды орындау

Конспект

С/т қорғау

27

5

Бақылау шараларына дайындық




1 МБ, 2 МБ

25

Барлығы: 117



Студенттердің өз бетінше дайындалатын жоспарда көрсетілмеген тақырыптар тізімі:

1-тақырып. Әкімшілік-құқықтық мәжбүрлеу мемлекеттік мәжбүрлеудің бір түрі ретінде.

  1. Әкімшілік қалпына келтіруші шаралар және оның түрлері.

  2. Психикалық, материалдық және күш көрсету мәжбүрлеу шараларының айрықша белгілері.

2-тақырып. Әкімшілік құқық бұзушылық.

  1. ҚР ӘҚБтК 330, 332 - баптарымен көзделген құқық бұзушылықтардың құрамы бойынша талдау.

2. ҚР ӘҚБтК 333, 336 - баптарымен көзделген құқық бұзушылықтардың құрамы бойынша талдау.

3-тақырып.Әкімшілік процесс

  1. Азаматтардың үндеулерін қарау мерзімі.

  2. Азаматтардың үндеулерін қарауды жүзеге асыратын органдар.

4-тақырып.Әкімшілік жауапкершілік

  1. Әкімшілік жауапкершілік мемлекеттік мәжбүрлеудің бір түрі ретінде және оның сипаттамасы.

  2. Әкімшілік жауапкершіліктің ерекше және арнайы субъектілері.

5-тақырып.Әкімшілік өндіріп алу

  1. Әкімшілік өндіріп алуды тағайындауда мерзімдерді есептеу тәртібі.

  2. Мүліктік зиянның орнын толтыру тәртібі.

  3. Шетел және азаматтғы жоқ азаматтарды әкімшілік жауапкершілікке тарту тәртібі.

6-тақырып.Әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша өндіріс

  1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасының сипаттамасы.

  2. Әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша өндірістің заңдылығы бойынша прокурорлық қадағалау.

7-тақырып. Әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша өндірістің сатылары.

  1. Әкімшілік құқық бұзушылық бойынша істерді қарау орны.

  2. Әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша қаулыларды орындауға жіберу.

8-тақырып. Кәмелетке толмағандардың құқықтарына қол сұғатын және кәмелетке толмағандармен жасалатын әкімшілік құқық бұзушылықтар.

  1. Кәмелетке толмағандарға қатысты әкімшілік өндіріп алуды тағайындау ерекшеліктері.

  2. Кәмелетке толмағандарға қатысты қолданылатын тәрбиелеу шараларының түрлері мен мазмұны.

9-тақырып.Әкімшілік құқық бұзушылық бойынша істерді шешуге уәкілетті мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар.

  1. Әкімшілік құқық бұзушылық бойынша істерді шешуге уәкілетті органдарды саралау.

  2. Әкімшілік құқық бұзушылық бойынша істердің ведомстволық бағыныстылығы.

10-тақырып. Атқару саласында адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың әкімшілік-құқықтық нысаны.

  1. Атқарушылық биліктегі «заңдылық және тәртіп» түсініктері.

  2. Мемлекеттік бақылау және қадағалау заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету тәсілі ретіндегі түсінігі.


11 Әдебиеттер тізімі
Негізгі әдебиеттер

1 Бахрах Д. Административное право : учебник для студ. вузов, обучающихся по спец. 021100 «Юриспруденция» / Бахрах, Д., Россинский, Б. В., Старилов, Ю. Н. - 3-е изд., пересмотр. и доп. - М. : Норма, 2007. - 815 с.

2 Григорьев В. И. Административное право Республики Казахстан. Общая часть : альбом схем и толковый словарь : учебно-наглядное пособие / Григорьев, В. И. - Алматы : Юрист, 2009. - 102 с

3 Административное право РК: Часть Особенная: Учебник / Отв. ред. А.А.Таранов/ Алматы: Жетi Жарғы, 2009. - 272с.

4 Комментарий к КоАП РК под ред. А.А. Таранова. В двух книгах. Алматы: Изд-во Норма - К., 2008 г.
Қосымша әдебиеттер

5 Григорьев В. И. Административное право Республики Казахстан: Общая часть: альбом схем и толковый словарь : учебно-наглядное пособие / Григорьев, В. И. - Алматы : ЮРИСТ, 2003. - 104 с

6 Пралиева Г. К. Административное право Республики Казахстан : учеб.-практ. пособие / Пралиева, Г. К. - Алматы : Жетi жарғы, 2006. - 74 с

7 Кодекс Республики Казахстан об административных правонарушениях. Учебно-методическое пособие /В. Н. Лапшин, М. А. Кызылов.- Караганда, 2004.- 282 с.

8 Кодекс Республики Казахстан об административных правонарушениях (Общая часть): Альбом­ схем /Сост. В. Н. Лапшин, М. А. Кызылов. – Караганда, 2004. - 111 с.

12 Курс саясаты

Егер де сіз барлық сабақтарға кешігусіз келсеңіз, барлық сабақтарға дайын болсаңыз және сабақтарға белсенді қатыссаңыз, барлық тапсырмаларды мерзімінде және сапалы орындасаңыз, бақылау шараларының күнтізбелік кестесінде көрсетілген жоғарғы балды жинақтайсыз.

Бақылау шараларының кестесін, жүріс тұрыс ережелерін кез келген түрде бұзушылықтар мен сабаққа кешігіп келу жағдайлары орын алса, студенттер жауапкершілікке тартылады.

Оқу үрдісіне қатысу дегеніміз барлық сабақтарға қатысу, сабақтарда талданып жатқан оқу сұрақтарына (дәріс, тәжірибелік және ОСӨЖ сабақтары) белсенді түрде қатысу және әрдайым дайын болу дегенді білдіреді.

Сіздің тәжірибелік сабақтарға дайындығыңыз сұрақ қою, орындалған үй жұмысын орындау және топтың жұмысына қатысу арқылы тексеріледі. Егер де Сіз сабаққа дайын болмасаңыз, онда Сіз 0 балл аласыз. Сабақ өтіп кеткен соң оған дайындалу бағалануға жатпайды.

СӨЖ мерзімінде орындамау (сабаққа дайындалудан басқа) балдарды төмендетуге әкеліп соғады:

- аптаға кешігу жағдайында 1/3 баллға;

- аптадан артық кешіккен жағдайда 2 есеге.

Тәртіпті бұзу және сабаққа кешігіп келу балдардың жалпы суммасын 2 балға төмендетуге әкеліп соғады. Сабақтан шығарып жіберу үшін сіз 3 баллдан айырыласыз.

Әр семестрде пәннің өткен тақырыптары бойынша жазбаша бақылау жұмысы түріндегі екі межелік бақылау қарастырылған.

Егер де сіз сабақты немесе бақылау шарасын дәлелді себептермен босатсаңыз, онда оқытушы белгілеген жеке уақытта тапсыруға мүмкіндік беріледі.

Пән бойынша межелік бақылауға АҮ баллдары бар студенттер жіберіледі.

АҮ және МБ қорытындылары бойынша келесідей формуламен есептелетін, студенттің пән бойынша рейтинг анықталады:

М1(2) = АҮ1(2) * 0,7 + МБ1(2) * 0,3

Егер де студент МБ өтпесе немесе МБ бойынша 50 ден кем балл алса, онда рейтинг анықталмайды. Мұндай жағдайда декан МБ жеке тапсыру мерзімдерін бекітеді.

Жіберу рейтингінің бағасы семестр үшін ЖМ = (М1+М2)/2.

Оқу материалын зерделеу емтихан тапсырумен аяқталады. Пән бойынша қорытынды бақылауға жұмыс оқу жоспарының барлық талаптарын орындаған және жіберу рейтингін жинақтаған (50баллдан кем емес) студенттер жіберіледі.

Емтихан жазбаша тұрде екі кезеңде өткізіледі 1) тестілік тапсырмаларды орындау (30 тапсырма); 2) билеттер бойынша. Емтихан билеттері екі теориялық сұрақтан және бір ситуациялық есептен тұрады. Емтихандарда немесе тәжірибелік сабақтарда жазбаша жұмыстарды орындау кезінде көшіру аудиториядан шығарумен және пән бойынша ағымдағы баллдардың (АҮ) жалпы суммасынан «10» баллдың алып тасталуымен жазаланады.

Пән бойынша қорытынды баға білім алушыда рейтинг бойынша, сондай ақ, қорытынды бақылау бойынша да оң баға болған жағдайда ғана есептеледі. Қорытынды бақылауға дәлелді себептерсіз келмеу «қанағаттанарлықсыз» бағаға теңдестіріледі.

Қорытынды бақылау бойынша оң бағаны оны жоғарылату мақсатымен қайта тапсыруға рұқсат берілмейді.

Егер де сіз емтихан бойынша қанағаттанарлықсыз (50баллдан кем) баға алсаңыз, онда сіздің қорытынды рейтингіңіз анықталмайды, ал, емтихандық тізімдемеге «қанағаттанарлықсыз» бағасы енгізіледі.

Академиялық қарызының болуы жағдайында студенттер пәнді ақылы негізде қайта оқиды.



Сәттілік тілеймін!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет