«ҚҰҚЫҚТАНУ НЕГІЗДЕРІ» пәні бойынша олимпиаданың аудандық
кезеңін өткізу шарттары
«ҚҰҚЫҚТАНУ НЕГІЗДЕРІ» пәні бойынша
аудандық олимпиаданың
негізгі мақсаты оның қатысушылары арасында
конкурстық іріктеу арқылы
олимпиада жеңімпаздарын анықтау болып табылады.
Тапсырмалар мазмұны 9-11 сынып
оқушыларының білімдері мен
қабілеттеріне қойылатын бағдарламалық
талаптарға сай келеді, алайда,
аудандық олимпиаданың пәндік қазылар
алқасына тек мектептік
материалдарды ғана емес, сонымен қатар факультативтік бағдарламаларды
меңгеру талабы қойылады, жеңімпаз-қатысушылардың жұмысын бағалауда
жоғарыда аталған жалпы деңгейлерге сәйкес бағалауға барынша жоғары тәсіл
қолданатын болады.
***
Аудандық олимпиада 9-ші, 10-шы және 11-ші сынып оқушылары үшін
бір күн ішінде өткізіледі және бір кезеңнен тұрады.
Олимпиада тест түрінде өткізіледі (25 тест). Әрбір дұрыс жауап 2 (екі)
балмен бағаланады. Дұрыс жауаптар 100% болғанда ең жоғарғы балл 50 бірлікті
құрайды.
Тест өткізу уақыты – 60 мин.
Тест парағында түзетулер мен өзгертулерге жол берілмейді (дұрыс немесе
бұрыс жауапты белгілеу), бұлай болған жағдайда жауап дұрыс деп танылмайды.