"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына сәйкес бұйырамын


-параграф. Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттары



бет4/14
Дата02.02.2023
өлшемі0,5 Mb.
#167155
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
«Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы» ҚР БҒМ (2)

2-параграф. Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттары
13. Оқыту нәтижелеріне бағдарлана отырып бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жаңартылған мазмұнына қойылатын талаптар:
1) білім беру ұйымының жылдық жұмыс жоспарының болуы және МЖМБС талаптарында айқындалған жалпы орта білім берудің базалық құндылықтарына, мақсаттары мен міндеттеріне сәйкестігі (бағаланатын кезеңге жылдық жұмыс жоспарларының көшірмелері қоса беріледі);
2) білім беру ұйымының басшысымен бекітілген жұмыс оқу жоспары мен сабақтар кестелерінің болуы және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8170 болып тіркелген) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларына (бұдан әрі – ЖББ ҮОЖ) және МЖМБС талаптарына сәйкестігі. Бағалаланатын кезеңге жұмыс оқу жоспары мен сабақтар кестелерінің көшірмелері қоса беріледі;
3) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8424 болып тіркелген) жалпы білім беретін пәндер бойынша үлгілік оқу бағдарламаларына (бұдан әрі – ЖББ үлгілік оқу бағдарламалары) сәйкес жүзеге асырылатын инвариантты компонент пәндерінің базалық мазмұнын игеру;
4) білім алушылардың таным мәселелерін шешуге және субъективті жаңа білімді меңгеруге, ұлттық дәстүрлерді, мәдениетті зерделеуге және жалпыадамзаттық құндылықтарды дарытуға бағытталған тәрбие жұмысын іске асыру (бағаланатын кезеңге тәрбие жұмысы жоспарының көшірмесі қоса беріледі);
5) білім алушылардың рухани-адамгершілік, азаматтық-патриоттық, көркемдік-эстетикалық, еңбек және дене тәрбиесін іске асыруды қамтамасыз ететін жиынтығында сабақтан тыс іс-әрекеттің әртүрлі нысандарын ұйымдастыру сабақтан тыс іс-әрекеттің әртүрлі нысандарын ұйымдастыру (бағаланатын кезеңге қосымша сабақтар кестелерінің көшірмелері, сонымен қатар спорттық, шығармашылық және мәдени конкурстарға, жарыстарға, фестивальдар мен байқауларға қатысу нәтижелері қоса беріледі);
6) білім алушылардың жеке мүдделері мен қажеттіліктерін ескере отырып, бейінді оқытуды іске асыру (оқытудың тереңдетілген және стандартты деңгейі);
7) ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушылардың ерекшеліктерін және жеке мүмкіндіктерін ескере отырып оқыту процесін ұйымдастыру (бағаланатын кезеңге жеке оқу жоспарлары мен бағдарламаларының көшірмелері қоса беріледі);
8) ЖББ ҮОЖ сәйкес жүзеге асырылатын вариативтік компоненттің факультативтері мен таңдау курстарын іске асыру (бағаланатын кезеңге вариативтік компонент сабақ кестелерінің көшірмелері, сонымен қатар зияткерлік олимпиадалар мен конкурстарға қатысу нәтижелері қоса беріледі);
9) "Өмір қауіпсіздігінің негіздері" міндетті оқу курсын зерделеу;
10) "Жолда жүру ережелері" міндетті оқу курсын іске асыру;
11) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 391 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілер тізілімінде № 11716 болып тіркелген) білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін (бұдан әрі – біліктілік талаптары) сақтау. Біліктілік талаптарының сақталуы бойынша барлық растайтын құжаттары (жабдыққа арналған жүкқұжаттардың және/немесе бухгалтерлік есептілік деректерінен негізгі құралдардың тізбесі көшірмелері), осы Өлшемшарттардың 10, 11, 12, 13, 14, 17-қосымшаларына сәйкес толтырылған кестелер, оның ішінде жалпы білім беру ұйымы бойынша оқу және оқу-зертханалық жабдықтар мен жиһаздардың болуы жөніндегі бейне материалдар қоса беріледі.
14. Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жаңартылған мазмұны бойынша білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар:
1) білім алушылардың апталық оқу жүктемесінің ең жоғары көлемінің сәйкестігі және сақталуы;
2) білім алушылардың инвариантты және вариативті компонентін (арнайы білім беру ұйымы үшін түзету компоненті) құрайтын оқу жүктемесінің жалпы көлемінің, сондай-ақ ЖББ ҮОЖ-мен белгіленген сыныптар бойынша апталық және жылдық оқу жүктемесінің сәйкестігі және сақталуы;
3) сыныптарды, оның ішінде инклюзивті білім беру шеңберінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушылардың ерекшеліктерін ескере отырып, топтарға бөлуге қойылатын талаптарды сақтау.
15. Білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар:
1) ЖБП үлгілік оқу бағдарламалары мен МЖМБС талаптарына сәйкес тиісті білім беру деңгейінің әрбір білім беру саласы (және оқу пәндеріне) бойынша білім алушылардың дайындық деңгейі (оқытудан күтілетін нәтижелер) (білім алушыларды қорытынды аттестаттау хаттамаларының, сондай-ақ ЖББ ҮОЖ инвариантты компонентінің әрбір оқу пәні бойынша бір бейне материал қоса беріледі);
2) 2, 3, 4-сыныптар үшін оны орындау мүмкіндігін ескере отырып (астрономиялық сағаттарда) үй тапсырмасына қойылатын талаптарды сақтау;
3) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 52 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №13137 болып тіркелген) білім алушылардың білімін бағалау өлшемшарттарына сәйкес білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауды жүзеге асыру мен қалыптастырушы және жиынтық бағалау талаптарын сақтау;
4) МЖМБС талаптарына сәйкес ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушыларды оқыту кезінде инклюзивті білім берудің (дамудың бұзылуын түзету және әлеуметтік бейімдеу) талаптарын орындау;
5) 4, 9, 11-сыныптардың білім алушыларымен күтілетін оқу нәтижелеріне қол жеткізуін айқындау және МЖМБС бекіткен тиісті білім деңгейінің мемлекеттік жалпы білім беру стандартының талаптарында көзделген білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеру бойынша оқыту нәтижелерін бағалау (білім алушылардың білік және дағды, білім сапасын бағалау ведомостарының көшірмелері, сонымен қатар осы Өлшемшарттардың 15 және 16-қосымшаларына сәйкес толтырылған кестелер қоса беріледі).
16. Оқу мерзіміне қойылатын талаптар:
1) тиісті деңгейдегі жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын игеру мерзімдеріне қойылатын талаптарды сақтау;
2) сыныптар бойынша оқу жылының ұзақтығына және оқу жылындағы каникул уақытының ұзақтығына қойылатын талаптарды сақтау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет