Азаматтық қоғамды қалыптастырудың маңызы неде? Біз тұтынушы ретінде өз құқығымызды білеміз бе? Отбасының әлеуметтік мәні неде?
Тапсырма Мәтінді және өз біліміңізді пайдаланып, сұрақтарға жауап беріңіз.
Азаматтыққоғам– билікпен халықарасындағы алтынкөпір. Азаматтық қоғамды дамыту демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет құрудың маңызды шарты болып табылады. Қоғамдық өрлеу, демократиялық даму, экономикалық өркендеу азаматтардың қоғамдағы тыныс-тіршілігінің барлық маңызды салаларына қатысқан жағдайда ғана мүмкін болады. Ал билікке деген сенім мен құрмет – татулық пен келісімнің, саяси тұрақтылықтың және орнықты дамудың берік іргетасы. Бүгінде елімізде үкіметтік емес ұйымдарды нығайту жүйелі және үдемелі сипатқа ие болды деп нық сеніммен айта аламыз.
ӘлисұлтанҚҰЛАНБАЙ,«ЕгеменҚазақстан» Азаматтық қоғам институттарына не жатады?
Азаматтық қоғамды дамыту үшін не қажет деп ойлайсыз? Үкіметтік емес ұйымдар азаматтық қоғам құруда қандай рөл атқарады?
1.Төмендегі жағдаятты оқып, сұрақтарға жауап беріңіз.
Дүкенде тұтынушыға сапасыз және бүлінген өнімді (айранды) сатты. Оны үйге келгенде анықтады. Пайдалану мерзімі өтіп кеткен. Тұтынушы өнімді қайтадан дүкенге апарды, бірақ сатушы тауарды басқа өнімге айырбастамады және ақшаны қайтармады.
Тұтынушы қандай қателік жасады? Осы жағдайда тұтынушы өз құқықтарын қалай қорғай алады? Тұтынушының талап ете алатын 3 құқығын көрсетіңіз.
1. 2.
ҚР Неке және отбасы заңы аясында отбасының маңыздылығын Қ.Аманжоловтың өлең жолдарын пайдаланып эссе жазыңыз.
«Отбасы – шағын мемлекет,
Мен – президент, сен – премьер». Қ.Аманжолов Критерийлер:
Неке және отбасы құқығы туралы жазу;