Байланысты: 598d605b-380b-11e3-9dea-f6d299da70eeықтималдық теориясы
§2. Оқиғалар классификациясы Сынау жүргізгенде А оқиғасы пайда болуы да, пайда болмауы да мүмкін болса, ондай оқиғаны кездейсоқ оқиға дейді.
Мұндай оқиғаларға моентті лақтырғанда тиын жағымен жоғар қарап түсуі (А оқиғасы), кубты лақтырғанда алты жағының бірінің жоғары қарап түсуі (А оқиғасы) т.т. мысал бола алады. Өйткені қай жағдайдың шығатынын алдын ала айта алмаймыз.
Сынау нәтижесінде оқиға (А оқиғасы) сөзсіз пайда болатын (пайда болмайтын) болса, ондай оқиғаны ақиқат (мүмкін емес) оқиға дейді. Кубты лақтырғанда алты нөмірінің бірі (7-ші нөмірлі жағы) үстіне қарап түсуі (А оқиғасы)- ақиқат (мүмкін емес) оқиға. Ақиқат оқиғаларды U әрпімен, мүмкін емес оқиғаларды V әрпімен белгілеу қабылданған.
Сынау жүргізгенде оқиғаның бірі пайда болғанда, екіншісі пайда болмайтын екі оқиғаны үйлесімсіз оқиғалар дейді. Мәселен, 1-параграфтағы екінші мысалда А1,А2 (бірінші және екінші нөмірлі жақтар) оқиғалары- үйлесімсіз оқиғалар. Бұл мысалдағы кез келген екі-екіден алынған оқиғалар да үйлесімсіз.
Кез келген екі-екіден алынған оқиғалар үйлесімсіз болса, ондай оқиғаларды қос-қостан үйлесімсіз дейді.
Сынау жүргізгенде оқиғаның бірі пайда болғанда екіншісінің де пайда болуы мүмкін болатын екі оқиғаны үйлесімді оқиғалар деп атайды. Мысалы, кубтың жұп нөмірінің шығуы (А оқиғасы) және үш санына еселік нөмірдің шығуы (В оқиғасы) үйлесімді. Өйткені кубтың 6-нөмірінің шығуын көрсететін А6 оқиғасы А оқиғасы пайда болғанда да, В оқиғасы пайда болғанда да пайда болуы мүмкін.
Сынау нәтижесінде оқиғалардың тек әйтеуір біреуінің сөзсіз пайда болуы ақиқат болса, ондай оқиғаларды жалғыз ғана мүмкіндікті оқиғалар дейді. Мысалы, сынау нәтижесінде кубтың алты жағының біреуі (А оқиғасы) шығуы сөзсіз, сондықтан А1, А2, А3, А4, А5,А6 оқиғалары жалғыз ғана мүмкіндікті оқиғалар, бұлар оқиғалардың толық тобын (системасын) құрайды деп атайды. Сондықтан бұл оқиғалар қос-қостан үйлесімсіз және оқиғалардың толық системасын құрайды. Жаттығулар
Екі жақ болып дойбы ойыны өткізілді. Бір жағының ұтуы, ұтылуы немесе екі жақтың тең түсуі- кездейсоқ оқиға.
Мұғалімнің белгілі бір оқушыдан сұрауы-сынау. Оқушының5,4,3,2 баға алуы- кездейсоқ оқиға.
Ауа райын бақылау –сынау. Бүгін қар, жаңбыр жаууы- кездейсоқ оқиға.
Оқушының тәртібін бақылау сынау. Оның сабаққа кешігіп келуі –кездейсоқ оқиға .
Нысананы көздеп ату- сынау. Нысанаға тию (А оқиғасы) не тимеу (В оқиғасы)- кездейсоқ оқиға. Осы мысалдағы мәлімет бойынша оқиғалардың толық тобын сипаттап беріңіз.
4-класс математика кітабының кез-келген бетін ашу –сынау. Осы бетте «жиын» сөзінің кездесуі-кездейсоқ оқиға. Бұл беттегі сөздер қай жағдайда оқиғалардың толық тобын құрайды?
Мына төмендегі оқиғалардың қайсысы кездейсоқ, ақиқат, мүмкін емес болады: 1) бірінші кездескен автомашина нөмірінің жұп болып келуі қандай оқиға? 2) жәшіктің ішінде ылғи ақ шарлар бар. Кез келген бір шар алынды, оның түсі: а) қызыл болуы, б) ақ болуы қандай оқиға болады?
1-ден 20-ға дейінгі сандарды 20 карточкаға жазып алып , оларды әбден араласьырып барып, ішінен 2 карточканы алғанда төмендегі қос сандар (оқиғалар) шықты; олар үйлесімді ме әлде үйлесімсіз бе:
1)4және7 сандары;
2) жұп және 15 сандары;
3) тақ және 3-ке еселік сандар;
4) жай сан және 5-ке еселік сандар?