«Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика» пәнінен Әдістемелік жинақ



бет2/27
Дата22.04.2023
өлшемі1,2 Mb.
#175169
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Байланысты:
«Û?òèìàëäû?òàð òåîðèÿñû æ?íå ìàòåìàòèêàëû? ñòàòèñòèêà» ï?í³íåí ?

Постреквизиттер:
«Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика» - практикалық есептері комбинаторикалық әдістерді қолдану арқылы шешуге болатыны және болашақ мамандарға негізгі математикалық білім беретін пән- кездейсоқ оқиғалардың заңдылықтарын қарастыратыны ескертіледі.
Осы пәннің әдістері практиканаң сан алуан салаларында кеңінен қолданылып, физика, химия, биология құбылыстарының, техника мен экономика процестерінің заңдылықтарын жан – жақты және терең түсінуге орасан зор ықпалын тигізуде.
Пәннің мақсаты: Математикалық талдаудың моделдеуі және ғылыми негізін кездейсоқ оқиғалар мен процесстерде олардың сипаттамалық қасиеттерін үйретуде студенттердің білімін қалыптастыру.
Пәннің міндеті:
- ықтималдықтар теориясы мен матматикалық статистиканың негізгі ұғымдары мен заңдылықтарын және олардың түрлі салаларда қолданын зерттеу;
- нақтылы есептерді шешу тәсілдері мен әдістерін меңгеру;
- табиғи процестердің математикалық модельдерін түзе және түзілген модельді сынақтау тәсілдерін таңдай білу;
- ғылыми және ақпаратты әдебиеттерді пайдалана білу;
- математикалық интуицияны дамыту;
- математикалық мәдениеттілікті тәрбиелеу.
Студенттер білуі керек: Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистиканың негізгі ұғымдары мен заңдылықтарын еркін қолдануға;
- математикалық есептерді қоя білуге;
- ықтималдықтар модельдерін құра білуге;
- қолайлы ықтималдық тәсілдерді және есеп шешімінің алгоритімін таңдай алуға;
- сапалы статистикалық зерттеулер жүргізуге;
-жүргізілген талдаулар негізінде қолдануға қажетті және тиімді іс жүзінде нұсқаулар ұсынуға- міндетті.
М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің механика-математика факультетінің ықтималдықтар теориясы кафедрасын басқарған аса көрнекті математик, тамаша педагог Б.В. Гнеденконың бұрынғы КСРО ғана емес, басқа да көптеген әлем елдерінің студент жастарының ықтималдықтар теориясын оқып үйренуіне негіз болған «Ықтималдықтар теориясы курсы» атты оқулығының 6-басылымының алғы сөзінде жазған "Мен математикалық пәндермен, әсіресе ықтималдықтар теориясымен алғашқы танысыу кезінде өзіндік теориялық-ықтималдықтық интуицияны, абстрактылы идеялар мен әдістерді практикалық жағдайлармен ұштастыру қабілетін дамытуға көмектесетін көптеген мысалдарды қарастыру қажет деп есептеймін. Бұл жетістік әрбір математикке, әсіресе қолданбалылық бағыттағы ғылыми-зерттеу институттарында жұмыс істеу күтіп тұрған математик студенттердің басым көпшілігіне қажет. Оның үстіне бүгінгі күні көптеген мамандар ықтималдықтар теориясымен танысуға мәжбүр, өйткені олардың күнделікті жұмысында теориялық-ықтималдықтық концепциялар аса қажет" деген ой – пікірін еске ала отырып іске кіріс.
Педагогика ғылымының кандидаты: Баймаханова. Л.А

Мазмұны


  1. Алғы сөз...................................................................................................... 3

  2. Дәріс оқулар ....……………………………………………………………..7

  3. Практикалық сабақтар..........……………………………………………...61

  4. Студенттің өздік жумысы.....................………………………………......74

  5. Пайдалынылған әдебиет тізімі..................................................................83



2 ДӘРІС ОҚУЛАР
Дәріс сабақтардың құрылымы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет