Қыту әдістемесі


КІРІСПЕ «Информатиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі» курсы болашақ информатика мұғалімдерін кәсіптік дайындаудың маңызды компоненті және «



бет2/105
Дата08.12.2023
өлшемі0,74 Mb.
#195872
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   105
Байланысты:
f641702a4b2211 (1)
мониторинг садик, ИББ тест, 9 апта срс физика, ЖАҚСЫЛЫҚ ҚУАНЫШ, 4 лекция, БЖБ саны, тақырыптары, балы тарих, 25 қазан мәлімет, Әлеуметтану 2аралық
КІРІСПЕ
«Информатиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі» курсы болашақ информатика мұғалімдерін кәсіптік дайындаудың маңызды компоненті және «5В011100 – информатика» мамандығы бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартының жоғары кәсіптік білім беру пәндерінің құрамдас бөлігі болып табылады.
Оқу құралының мазмұны әдістемелік курстар үшін дәстүрлі екі – жалпы және нақты (немесе дербес) оқыту әдістемесі бөлімдерінен құралады. Сондықтан информатиканы оқытудың жалпы және нақты оқыту әдістемелері бойынша, әр бөлім жеке кітап болып шықты.
Құралдың бірінші бөлімі информатиканы оқытудың жалпы әдістемесі мәселелерін ашатын алты тарауды құрады. Бірінші тарауда информатиканы оқыту әдістемесі пәнінің педагогикалық ғылым ретінде қалыптасуы, информатиканы оқытудың әдістемелік жүйесі, оқыту мақсаттары баяндалды. Екінші тарау информатиканы оқытуды ұйымдастыру мәселелеріне бағытталды. Информатиканы оқыту формалары мен әдістері, информатиканың қазіргі сабағы, сабақтың ерекшеліктері, үшбірлік мақсаты, құрылымы анықталып, тақырыптық және жеке сабақты жобалау әдістемелік мәселелері сипатталды. Информатика пәні бойынша білімді бақылау, тексеру және бағалаудың әдістемелік жүйесі, үшінші тарауда баяндалды. Төртінші тарау информатика пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстың әдістемесіне және дидактикалық негіздеріне арналды. Информатика кабинетінің қызметі, жұмыс істеу шарттары, оған қойылатын санитариялық-гигиеналық талаптары бесінші тарауда қарастырылды. Алтыншы тарауда жас маманға арналған әдістемелік нұсқаулар сипатталды. Сонымен қатар әр тараудың аяғында өткізілетін семинар/практикалық сабақтардың мақсаты анықталып, ұсыныстар берілді.
Оқу құралының екінші бөлімі информатиканы нақты оқыту әдістемесін жеткілікті қарастыруға бағытталды. Информатиканың базалық курсының стандарт бойынша бекітілген мазмұндық сызықтарын оқыту әдістемелері жүйелі түрде қамтылды. Ақпарат және ақпараттық процестері, ақпаратты ұсыну, компьютер бағыты, формализациялау және модельдеу, алгоритмдеу және бағдарламалау, ақпараттық технологиялар мазмұндық сызықтарын оқытудың нақты әдістемелері толық қарастырылып сипатталды. Информатиканың пропедевтикалық курсын оқыту әдістемесі баяндалды. Әр тараудың мазмұндық бағытына сәйкес зертханалық сабақтарды өткізуге кеңінен жеткілікті әртүрлі жаттықтыру тапсырмалары берілді. 1-қосымшада базалық курстың мазмұндық сызықтары бойынша логикалы түрде құрылымданған сызбалар бейнеленді.
Авторлар: Т.Қ. Қойбағарова бірінші кітаптың төрт (1, 2, 5, 6), екінші кітаптың алты (1-6) тарауларын жазды, кітаптардың мазмұнын жүйелеп құрылымдады. Р.А. Ельтинова бірінші кітаптың екі (3, 4), екінші кітаптың 7-тарауын жазды, аударма жұмысының аумақты көлемін орындады.
Оқу құралы педагогикалық жоғарғы оқу орындарының «Информатика» мамандығында оқитын студенттерге, информатика мұғалімдеріне, әдіскерлерге және оқу-ағарту мамандарының білімін жетілдіру саласында жұмыс жасайтын мамандарға арналған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет