3.6.2. Тесттік тапсырмалар түрлері Тесттің көптеген түрлерін Рысс В.А., Носов О.Л., Флоров Т.Д., Тарасов В.А., Тулидова Н.Н., Аванесов В.С. және т.б. ғалымдар өздерінің ғылыми-әдістемелік еңбектерінде қарастырып дамытып жасаған (3.1-кесте).
3.1-кесте. Тест тапсырмаларының түрлері
Орындаушыдан дұрыс жауапты жазу талап етіледі: 1. берілген тапсырмаған орындаушының еркін жауабы; орындаушы сұраққа өз бетінше жауап беруі тиіс, бірақ олар шектеулі болуы керек.
Жабық типті тапсырма: 1. альтернативті жауапты
2. бірнеше таңдау
Орындаушыдан өз бетінше жауапты алуды талап ететін тапсырма.
Дұрыс тізбекті құруға арналған тапсырма
Тесте берілген процестер мен істің тәртібін көрсетуді талап етеді.
Тест – альтернатива, тест – көптеген таңдау, тест – болжам, таңдаулы жауапты тест – бұлардың барлығы жабық формадағы тест, себебі бұлардың барлығы берілген жауаптардың ішінен дұрысын таңдауды талап етеді.
Жабық формадағы тестер көп танылып, пайдаланылуда. Мұндай түрдегі тестердің кеңінен танылуы, ол мөлшері көп пайдаланушыларға арналған. Ал ашық формадағы тестерді қолдану кейбір қиындықтарды тудырады. Мұндай түрдегі тестерді тексеруге негізінен мамандар талап етіледі. Бірақ мектеп сыныптарында, кіші топтарда осындай тест түрін қолдану өте қолайлы.