Қыту әдістемесі


IV. Оқушылардың білімін бақылайтын және тексеретін әдістер мен формалардың классификациясының схемасын жасаңыз. Әдебиеттер



бет66/105
Дата08.12.2023
өлшемі0,74 Mb.
#195872
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   105
Байланысты:
f641702a4b2211 (1)

IV. Оқушылардың білімін бақылайтын және тексеретін әдістер мен формалардың классификациясының схемасын жасаңыз.
Әдебиеттер:

  1. Бочкин А.И. Методика преподавания информатики. — Минск: Вышэйшая школа, 1998.

  2. Малев В.В. Общая методика преподавания информатики. –

Воронеж: ВГПУ, 2005. – 271 с

  1. Лапчик М.П. и др. Методика преподавания информатики. – М.: Академия, 2001. – 624 с.

  2. Қойбағарова Т.Қ., Ельтинова Р.А. Информатиканы оқыту әдістемесі: Оқу құралы. І-ІІ-бөлім. Павлодар: ПМПИ, 2012. – І-бөлім. 195 бет. ІІ -бөлім. 214 бет.

  3. Хуторской А.В. Современная дидактика. – СПб.: Питер, 2001.– 544с.

4-тарау. Информатика бойынша сыныптан тыс жұмыс
Сыныптан тыс жұмыс оқушының жеке тұлғасын дамытудың маңызды құралдарының бірі болып табылады. Сондықтан «Информатика бойынша сыныптан тыс жұмыс» тақырыбы келешек информатика мұғалімін кәсіби дайындау үшін үлкен маңызы бар.
Педагогикалық маман үнемі шығармашылық ізденісті, кәсіби деңгейін көтеруді, жетілдіруді талап етеді. Информатика мұғаліміне бұл айтылғандар тіпті ең үлкен дәрежеде қатысты. Сондықтан информатика мұғалімі үздіксіз кәсіби басылымдарды қадағалуы, Интернеттің ақпараттық ресуртарын пайдалануы, т.с.с. қажет.
4.1. Сыныптан тыс жұмыстың дидактикалық негіздері
4.1.1. Информатиканы оқуды ізгілендіру және қоғамдандыру
Ізгілендіру (орысш. – гуманизация) –– білім берудің негізгі міндеті мен мәні, оқушының даралығын дамытуды жариялайтын – жаңа педогогикалық ойлаудың түйінді элементі.
Информатиканы ізгілендіру – білімді ізгілендіруінің құрамдас бөлігі, оны гуманистік негізге ауыстырады. Осы ауысу білім берудегі қайшылықтарды шешуге, қоғам дамуының белгілі бір кезеңінде әлеуметтік тапсырысты орындауға және жақсы нәтижеге жетуге мүмкіндік береді. Осы ретте информатикадан алған білім жалпы мәдениетті компоненттің ажырағысыз бөлігі болып табылады [27].
Информатиканы ізгілендіру барысында мына шарттар жүйесі орындалады деп болжанылады:

  1. информатиканың адамға, оны қызығушылықтарына,

қажеттіліктері мен қабілеттіліктеріне жақындауы;

  1. әлем туралы біртұтас білімді құру;

  2. шығармашылықты ынталандыру және қолдау, өз ойын айту және өзін-өзі таныту үшін түрлі әрекеттер түрін ұйымдастыру

Информатиканы қоғамдандыру (орысш. – гуманитаризация) – кез келген қоғамдық шарттарға дағдыландыратын, оқушыға белсенді, шығармашылық ерікті адам болуға және білім берудің жалпы мәдениетті компоненттің дамуына бағытталған шаралар кешені.
Мектеп курсындағы информатиканы қоғамдандыру мына бағыттарда өтуі мүмкін:

  1. Информатикаға гуманитарлық негіз енгізу (тарихи элементтерді қолдану – идеяларды шығарушылармен танысу, информатиканың ғылым ретінде аяқтануы және дамуы, информатиканың философиялық бастамаларын ашу).

  2. Информатиканы оқыту әдістемесінде гуманитарлық ғылымдарға тән стиль, әдістер мен формаларды енгізу.

а) гуманитарлық пәндерден мағлұматтарды қолдану (өлеңдерді, суреттердің репродукцияларын, нақыл сөздерді, сабақтарға эпиграфтар және т.с.с);
в) ертегі, диспут, ой жүгірту сабақтарын енгізу.

  1. Информатиканы адамға және әлеуметтік тұрмысқа жақындату:

а) информатиканың қолданбалық әдістер аймағын көрсету,
б) информатикада алынған білімді күнделікті тәжірибеде
қолдану,
в) информатиканы игеруде жеке дараның маңыздылығын
көрсету,
г) информатика мен гуманитарлық ғылымдардың, информатика мен жаратылыстану ғылымдарының бірлесуі, информатиканың ішкі бірлесуі (бірлескен сабақтар, бірлескен курстар, объектіні және оның бейнесін тұтастай оқу сабақтары).

  1. Шығармашылықтың әртүрлі бағыттарымен ынталандыру, жеке дара қабілеттіліктерін жүзеге асыруға жағдай жасау және дербес шығармашылыққа себепші болу арқылы:

а) шығармашылық, зертеу жұмыстарының жүйесін енгізу,
б) тәжірибеге оқушылардың жеке даму ерекшеліктерін есепке
алатын жеке тапсырмаларды дайындау және енгізу.
в) сыныптан тыс жұмыстың әртүрлілігі және жүйелілігі.
Ізгілендіру мен қоғамдандырудың мына сатыларын ерекшелеуге болады:

  1. Сабаққа әдебиетпен, тарихпен, музыкамен байланысты эмоционалды сәттерді енгізу. Бүкіл сыныпқа кейбір тақырып бойынша шығармашылық тапсырма беру. Сабақта сыныптан тыс жұмыстың жеке элементтерін енгізу.

  2. Біріктірілген, дәстүрлі емес, практикалық, объект мен бейнені қабылдаудың тұтастығына бағытталған жеке сабақтарды дайындау. Көптеген тақырыптар бойынша тәжірибелік және шығармашылық жұмыстарды енгізу. Сабақта сыныптан тыс жеке шаралар өткізу.

  3. Гуманитарлық негізде жеке курстарды жасау. Бағдарламаның тақырыптары бойынша жалпы ой-өрістің дамуына бағытталған шығармашылық сараланған тапсырмалар дайындау. Сынып ауқымында жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстың формаларын жүйелеу және ұйымдастыру.

  4. Информатикадан білім алуды әсерлі, эмоциялық, жалпы мәдени күйге бағыттау. Мектеп информатикасының тақырыптары бойынша шығармашылық сараланған тапсырмаларды жүйелеу. Білім алудың бүкіл курсы бойынша сыныптан тыс жұмысты жүйелеу және ұйымдастыру.

  5. Сабаққа «енгізілетіндерді» біртұтас кешенге түйістіру – олар: жеке алынған дәстүрлі емес сабақтар, сараланған шығармашылық, практикалық және зерттеу жұмыстары, сыныптан тыс жұмыстың жүйесі және бағдарламалық материалдар.

Барлық сатыларда оқушылардың мақсатты әрекеттеріне және шығармашылығына жағдай жасау өте маңызды.
Шығармашылық – қоғамдандыру мен ізгілендірудің өзегі болып табылады және де тек оқушы ғана емес, оқытушы да «шабыттанады». Оқытушы, кепілді нәтиже алу үшін икемді педагогикалық технология түрінде – қолдану тәртібі анықталған, қайталанатын педагогикалық әрекеттердің және құралдардың инварианттық жүйесін жасайды.
Оның ерекшеліктері:

  • оқушылардың жеке басының ерекшеліктерін ескеру;

  • оқу материалын қабылдағанда шамадан тыс эмоциалы және интеллектілі жүктемелеу мүмкін емес;

  • сынып ұжымында жағымды рухани-психологиялық ахуалды қамтамасыз ету.

Оқытушының міндеті – оқушылардың алдында, олардың қызығушылығы мен мүмкіндіктеріне икемделген әрекеттердің әртүрлі спектрін ашу, шығармашылығын және ізденістерін мадақтау. Оқушы таңдау, өзіне-өзі сенімді болу, өзінің жеке даралығын көрсету құқығына ие. Сондықтан оқытушы оған өзінің қабілеттілігін саналы түсінуіне көмектесіп, қолдау жасап еліктіруі қажет.
Информатика пәнінің бағдарламасында, мектеп оқулықтарында, және оқытудың қалыптасқан әдістемесінде ұсынылған талаптар «орташа» оқушыға мөлшерленген. Алайда, оқушылардың деңгейлік жіктелуі байқалады: біреулері оқу материалын оңай және қызығушылықпен қабылдайды, біреулері қанағаттанарлық нәтижеге ие, енді біреулері информатиканы аса қиындықпен түсінеді.
Мұның бәрі информатиканы оқытудың жекелендіруіне тіреледі.
Оның бірі– сыныптан тыс орындалатын жұмыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет