Iv – нұсқа 1 – билет Қазақстан жеріндегі ежелгі тас дәуірі



бет27/63
Дата22.05.2024
өлшемі2,45 Mb.
#202769
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   63
Байланысты:
ЕМТИХАН СҰРАҚТАРЫ 4 НҰСҚА

Бөгенбай Ақшаұлы. Өмірден көргені көп, қазақтың жүздері мен батырларын таныған, заңды жөне қазақ-жоңғарлар арасындағы қиын жағдайды ғана емес жоңғарларға қарсы әскери өрекеттердің тарихын да жақсы білетін Тәуке хан елді билеп тұрған кезде 1710 жылы Қарақұмда қазақ жүздерінің Төле, Қазыбек және Әйтеке билер қатысқан жиыны өтіп, билермен бірге халық жасағы өкілі ретінде Бөгенбай батыр да сайланған. Бөгенбай батырға мұндай сенімділік танытуға оның бүкіл қазақ даласына тараған әскери қолбасшылық өнері мен 1710 жылғы Сары-Кеңгір өзені жағасында болған жоңғар ноянымен болған шайқастағы ерлігі себеп болды. Съезде қаралған басты мәселе Жоңғар хандығымен арадағы қатынас болды. Кейбіреулер руларды ғана емес жүздердің басын біріктіріп, жоңғарларға қарсы шығып, оларды қуып шығу керек десе, екінші біреулері жоңғар хандығы жағына шығу керек дегенді айтты. Көп пікірталастан кейінгі шешуші кез келгенде ортаға ашулы, қайсар Бөгенбай батыр шығады. Ақсақалдардың алдына шыққан ол семсерін аяғының астына тастап, көйлеғін айырып, кеудесін ашып жіберіп: "Жауымыздан есемізді қайтарамыз, тоналған жайлауымызды, тұтқындалған балаларымызды көріп қарап отыра алмаймыз, өлсек қолымызға кару алып өлеміз. Қыпшақ даласының батырлары қай кезеңде бастарын төмен түсірғен? Мен қолымды жауымның қанына бояған кезде сақалыма әлі ақ түспеген еді! Қазіргі келімсектердің зорлығына қалай шыдаймын. Біз әлі жүйрік аттардан кенде емеспіз. Әлі қорамсақта өткір ұшты садағымыз бар", — деді. Бөгенбай батырдың бұл сөзі жоңғар мәселесін шешудің шегі болды. Бұл сөзден кейін ешқайсысы ашық шығып сөйлей алмады. Қазақ жасағының басшысы болып Бөгенбай сайланды.

  • Бөгенбай батырдың есімімен 1730 жылы көктемде Балқаш көлінің маңында қазақ пен қалмақтардың арасында болған шешуші Аңырақай шайқасы да тығыз байланысты. Бөгенбай, Қабанбай, Шапырашты Наурызбай, Жәнібек, Малайсары сияқты атақты батырлар бастаған қазақ қолдары мен жасақтары қалмақ әскерлеріне екінші рет күйрете соққы берді. Майдан даласында мыңдаған қалмақ әскерлері қаза тапты. Көбі қырылып, жаралы болып, жаны шықпай жатқан жау әскерінің аңыраған дауысы бірнеше күн даланы басына көтерді. Бұл жер кейін "Аңырақай" деп аталып кеткен. Аңырақайда аяусыз соққыға душар болған Шуно-Дабо басқарған қалмақ әскерлері Ӏле өзенінің бойымен шығысқа қарай қашуға мәжбүр болған. Жеңісті баянды етіп, жауды өкшелей қуып, қазақ жерлерін азат ету жорығына жиналған үш жүздің әскер жасақтарының Шымкентке таяу Ордабасы деген жерде жиыны өтіп, онда қазақ әскерлерінің қолбасшысы болып, Әбілқайыр және Бөгенбай батыр сайланады. Олардың басшылығымен қалмақ әскерлеріне үсті-үстіне соққы берілген. Осындай шайқастардың бірінде Бөгенбай батырмен жекпе-жекте қалмақтың қолбасшысы Шуно-Дабо қаза табады. Бұл оқиға жау әскерлерінің рухын түсіріп жіберген екен. 1725-1727 жылдары Бөгенбай батыр Абылай ханмен бірге қазақ қолын басқарып, осы ұрыс нәтижесінде ойсырай жеңілген онсан қалмақ әскері Түркістан мен Саураннан Жоңғар Алатауының арғы жағына қуылған болатын.



    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   63




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет