Iv – нұсқа 1 – билет Қазақстан жеріндегі ежелгі тас дәуірі


ХХ ғасырдың 30-шы жылдарындағы Қазақстан ғылымының дамуына талдау жасаңыз



бет32/63
Дата22.05.2024
өлшемі2,45 Mb.
#202769
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   63
Байланысты:
ЕМТИХАН СҰРАҚТАРЫ 4 НҰСҚА

ХХ ғасырдың 30-шы жылдарындағы Қазақстан ғылымының дамуына талдау жасаңыз.

Кеңестік Қазақстандағы алғашқы ғылыми мекемелер. Қазақстанда Азамат соғысы аяқталысымен Кеңес өкіметі ғылыми қызметкерлер алдына елдің табиғат байлықтарын және оны өндіру күшін зерттеу міндетін қойды. 1919 ж. желтоқсан айында Орынбордағы Кирревком қасынан Қазақстанды географиялық, тарихи және этнографиялық жағынан зерттеумен айналысатын тарихи-статистикалық бөлім құрылды. Ресей ғылымдар академиясы жанынан Табиғи өндіргіш күштерді зерттеу комиссиясы (ТӨКЗК) құрылды.
Кеңес өкіметі 1920 ж. ТӨКЗК қасынан бірқатар тұрақты және маусымдық экспе­дициялық отрядтар ұйымдастырды. Бұл отрядтар Қазақстанның жер қойнауын, флорасын, фаунасын, климаты, аумағы, сондай-ақ, мәдениеті, тұрмысы, тілін кешенді ғылыми зерт­теуге тиіс болды. 1920 ж. алғашқы экспедиция Орынбор-Торғай өңіріне аттандырылды. 20-жылдардың басында Ресей географиялық қоғамының Семейдегі Батыс Сібір бөлімшесі және Верный бөлімшесі өз жұмысын қайта жандандырды. Ауыл шаруашылығы саласында алғашқы мемлекеттік ғылыми мекемелер: Алматы жеміс-жидек станциясы (1919 ж.), Өлкелік өсімдік қорғау станциясы (1924 ж.), Тыңайтқыштар және агротопырақтану ғылыми-зерттеу институты (1926 ж.), қалаларда тәжірибелік егістіктер мен станциялар құрылды. Денсаулық сақтау халкомының қасынан 1925 ж. Санитария-бактериологиялық институт ашылды.
1926 ж. КСРО Ғылым академиясының қасынан академик А.Е.Ферсманның басқаруымен одақтас және автономиялық республикаларды зерттеу жөніндегі Ерекше комитет ұйым­дас­ты­рылды. Ол ҚАКСР-ін кешенді зерттеудің бесжылдық жоспарын жасады. Бұл жоспарды жүзеге асыру үшін 1926—1927 жж. КСРО ҒА-ның қазақстандық экспедициясы ұйым­дас­тырылып, ол жекелеген отрядтар арқылы өлкені статистикалық-экономикалық, геоло­гиялық және гидрогеологиялық жағынан зерттеу жүргізді. 1932 ж. КСРО ҒА-ның қазақ­стандық экспедициясы отрядтарының негізінде сегіз жаңа экспедиция ұйымдас­тырылды. Мысалы: Орал-Ембі физикалық-химиялық экспедициясы, Алакөл экспедициясы, Мұғалжар био және физикалық-географиялық экспедициясы және т.б.
30-жылдардың басында Қазақстандағы ғылым және ғылыми мекемелер 20-жылдың басына қарағанда қарыштап алға басқандығын көрсетті. Алайда 1932 ж. КСРО ҒА конференциясында ғылымның елдегі халық шаруашылығы сұранысы деңгейінен әлдеқайда артта қалғандығы атап көрсетілді. Барлық ғылыми-зерттеу жұмыстарын бір басқаруға біріктіру үшін 1932 ж. наурыз айында КСРО ҒА-ның Қазақстандық базасы құрылды.
КСРО ҒА Қазақстандық базасының төрағасы болып көрнекті шығыстанушы ғалым А.Н.Самойлович тағайындалды.
Қазақстанның ғылымы мен ғылыми мекемелерінің дамуында ғалымдар съездері мен конференцияларының маңызы зор болды. Мысалы, 1934 ж. 10—15 қарашада КСРО ҒА Алматыда көшпелі сессиясын өткізді. Осындай мәжілістер мен конференциялар республиканың шашырап жүрген аз санды ғалымдарының басын қосуға түрткі болды. Бұл әсіресе ғылыми дәстүрлері мен мектебі жоқ, мақсатты түрде терең зерттеу жүргізу базасы жоқ жерде ерекше маңызды.
Геология ғылымы саласында Қазақстанның жекелеген аймақтарын игеруді дамытуда ел ғалымдары мен практик мамандар бас қосқан мәжіліс өз әсерін тигізді. 1935 ж. қарашада және 1936 ж. наурызда Алматыда КСРО ҒА екінші геологиялық конференциясы мен сессиясында Орал-Ембі ауданын, Жоғары Алтай мен Жезқазғанды игеру проблемалары талқыланды. Ауыл шаруашылығы ғылымы саласында, егіс және мал шаруашылығында ғылым жетістіктерін өмірге ендіру міндеттері шешілді. 1935 ж. Қазақстанда 4 ауылшаруашылық ҒЗИ Бүкілодақтық ғылыми институттардың 3 филиалы, 33 лаборатория, 73 тірек пункттері, 46 аймақтық және тәжірибе станциялары, 3 тұқым шаруашылығы жұмыс істеп тұрды.
Қоғамдық ғылымдар саласында Маркс, Энгельс, Ленин шығармаларын, партия мен үкімет құжаттарын, партия мен мемлекет қайраткерлерінің еңбектерін оқып-үйренуге және насихаттауға баса мән берілді. 1931 ж. Қазақ маркстік-лениндік ҒЗИ құрылып, жоғарыда аталған еңбектерді қазақ тіліне аударып, насихаттады. Тұтастай алғанда бұл институт коммунистік партияның идеологиялық мәселелерімен айналысты.
1934 ж. Қазақ ұлттық мәдениеті ҒЗИ ашылды, оның тарих және археология, әдебиет және фольклор, тіл құрылысы, бейнелеу және музыкалық театр-хореографиялық секторлары болды. 1936 ж. осы институт негізінде КСРО ҒА-ның республикалық базалары құрылды.
Ғылым академиясының Қазақ филиалы. 1938 ж. КСРО ҒА қазақстандық базасы КСРО ҒА-ның Қазақ филиалы (ҒАҚФ) болып қайта құрылды. Бір жылдан кейін ҒАҚФ құрамына тағы екі сектор: топырақтану және география қосылды, Қарағандыда төртінші ботаника бағы ашылды.
КСРО ҒА төралқасы КСРО ҒАҚФ төрағасы етіп белгілі геолог ғалым, академик А.Д.Архангельскийді тағайындады. Қысқа мерзімде КСРО ҒАҚФ және оның геологиялық секторы беделді ғылыми орталыққа айналды. Көптеген ғалым-геологтар мен инженер- практиктер зерттеулерінің басты нәтижесі — Қазақстанның ғылыми геологиялық картасын жасау болды. Оны жасау жұмысына Қ.И.Сәтбаев, А.А.Гапеев, Н.Г.Кассин, И.С.Яговкин, М.П.Русаков, Р.А.Борукаев, В.П.Нехорошев, В.Н.Котульский, Н.Ф.Григорьев, А.Д.Архан­гельский, М.М.Пригоровский қатысты. 1941 ж. республика аумағының 77,4%-ы суретке түсірілді. Қазақстандағы геология ғылымы табыстарының өсуі, ғалымдар ұжымының қалып­тасуы ХХ ғ. 30-жылдарының соңына қарай геология ғылымының институтын ашу жөнінде мәселе қойды.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет