Iv – нұсқа 1 – билет Қазақстан жеріндегі ежелгі тас дәуірі


-билет 1. Қазақ хандығының мемлекеттік - әкімшілік құрылымы



бет4/63
Дата22.05.2024
өлшемі2,45 Mb.
#202769
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63
Байланысты:
ЕМТИХАН СҰРАҚТАРЫ 4 НҰСҚА

4-билет
1. Қазақ хандығының мемлекеттік - әкімшілік құрылымы.
2. Қазақстанда кеңес үкіметінің орнау ерекшеліктері.
3. 1917 жылы құрылған партиялардың саяси қызметтерін салыстырыңыз.
Жауабы:

  1. Қазақ хандығының басқару жүйесі 7 сатыдан тұрады:

  • Ауыл – қандас, жақын бірнеше отбасыдан құралды. Ауылбасы басқарды

  • Ата-аймақ – жеті атадан қосылатын бірнеше ауылдан тұрды. Ақсақал басқарды.

  • Ру – он немесе он бес аймақтан құралды. Рубасы басқарды.

  • Ұлыстық билік – бірнеше рудан тұрды. Сұлтан немесе хан басқарды.

  • Жүздік билік- бірнеше ұлыстан тұрды. Би басқарды. Жүздің биін ордаби депте атады. Тайпалар одағы негізінде қалыптасты. (Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз).

  • Хандық – үш жүзден сайланды. Хан Шыңғыс ұрпағынан сайланды. Ханды сайлауға атақты сыйлы шонжарлар қатысты.

  • Құрылтай- (мәслихат) бүкіл қазақ халқының бас қосқан кеңесі, ел басына ауыр күн туғанда үш жүздің белді азаматтары қатысады.



  1. 1917 ж. 25 қазанда Петроградта төңкеріс болып, билік кеңестердің қолына көшті. 1917 ж. қазан айынан 1918 ж. наурызға дейін Кеңес үкіметі Ресейге билігін орнатып үлгерді. Қазақ даласында кеңес үкіметі алдымен теміржол бойындағы қалаларда орнады. 1918 ж. қаңтарда – Оралда Кеңес үкіметі қиын жағдайда орнатылды. 28-29 наурызда контрреволюциялық күштер Кеңес үкіметін құлатты. Кейіннен Оралда азамат соғысы кезінде біржола орнады.1918 ж. Орынборда шығып тұрған Қазақ газеті жабылды. 1918 ж. сәуірде Ташкентте Түркістан өлкесінің кеңестерінің төтенше V съезі болды. Съезд Түркістан автономиялық кеңестік социалистік республикасын жария етті. ТуркАКСР құрамына Сырдария мен Жетісу облысы енді.

3. Қазақстандағы Уақытша үкімет органдарының атқарған қызметін кесте бойынша толтырыңыз.








«Алаш» партиясы

«Үш жүз» партиясы

Басшылары

Жетекшісі: Әлихан Бөкейханов
Мүшелері: А. Байтұрсынов, М.Дулатов, Ш.Құдайбердиев, М.Тынышпаев, Ғ.Қарашев, С.Торайғыров, Х.Ғаббасов, Ә.Ермеков ағайынды Досмұхамедовтар.

Жетекшісі: Көлбай Тоғысов

Саяси қызметі

Капиталистік даму жолына бағыт алған зиялылар Автономиялық ұлттық мемлекет құру.

Большевиктік бағыт ұстау. Кеңес өкіметін нығайтуға белсене араласты.

Қазақ революциясына көзқарасы

Қазақ халқын отарлық езгіден азат ету;
Қазақстанның дамуына өз көзқарастарын білдіріп, бағдарламаларын насихаттады.
«Алаш» партиясы ақиқат жағында болды.

Алғашқыда социал-революцияшылдар партиясымен одақтасты. 1918 ж. большевиктердің алашордашыларға қарсы күресінде одақтасы болды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет