Iv – нұсқа 1 – билет Қазақстан жеріндегі ежелгі тас дәуірі



бет42/63
Дата22.05.2024
өлшемі2,45 Mb.
#202769
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   63
Байланысты:
ЕМТИХАН СҰРАҚТАРЫ 4 НҰСҚА

Керейлер.
Керей (карайлар) — қазақ құрамындағы көне тайпалардың бірі – Керей елінің де тарих көшінде белгілі бола бастаған кездеріндегі ғұмыр кешкен ата жұрты – сонау замандарда бірсыпыра түрік халықтарының қасиетті қонысы атанып, ғажайып ата жазу мұрағаттарымыз мәңгілікке қашалып, жазылып қалған, қазіргі моңғол даласы және оған іргелес жатқан байтақ аймақты қамтитын құтты мекеннің бір тұсы – Орхон, Оңғын, Керулен, Селеңге, Арғұн өзендерінің құйқалы алқабы еді. Керей атауының шығуы туралы әртүрлі пікірлер бар. Бірақ солардың арасында Орхон-енесай жазуларының білгір зерттеушісі, жазушы Қаржаубай Сартқожаұлының апталығымызға ұсынған қолжазбасындағы Керлін (Керулен) өзені және ол өз басын алатын Кентау тауына қатысты пікір көңілге қонымды көрінеді. Онда қазақ ғалымы көне түрік жазуларында (Мойыншор ескерткіші, VIII ғ) бұл қоныс жер аты «Кейре» түрінде көрініс бергендігін айтады. Ал Керлін алқабы ежелден керейлердің түп-тегі Тоғыз байырқулар қоныстанып келе жатқан төл мекен. Олар бірде «тоғыз байырқу», бірде «тоғыз оғұз», бірде «тоғыз керейлік» деп атала жүріп, ғасырлар өте келе «керейлер» боп өзгерген секілді. Бұл бағамдау Керей шежіресінде бұрыннан айтылып жүретін өзен атына қатысты әңгіме сарынын да пысықтағандай болады. Қытайда тұратын қазақ оқымыстыларының кейінгі кездерде бірсыпыра көне қытай жазбаларын қазақша сөйлете бастауы халқымыздың тарихына қатысты көптеген құнды деректерге жолықтырғанын бұрын да айтқан едік. Сол жазбаларда керей атауына да қатысты сәттер кездеседі. Мәселен, «Сүй патшалығының тарихында» Шеп тайпасының көсемі Керін Еркіннің Шығыс Түрік қағандығының үстемдігіне қарсы шыққаны туралы дерек бар. «Таң патшалығының көне тарихы» жазбасында сол Керіннің баласы Хылейдің де қаған болғандығы айтылады. Яғни осылардағы Керін мен Хылей «Керей» деген атау болуы да мүмкін деген топшылау ортаға тартылады.
Жалайырлар.
Жалайыр — қазақ халқын құраған тайпалардың бірі. Шежіре бойынша, ұлы жүз құрамына енеді.

Диқанбай батыр шежіресі (Н.Аристов жазып алған) бойынша, Үйсіннен — Ақсақал (абақ таңбалы), Жансақал (тарақ таңбалы) таратылады. Соңғысынан — жалайыр тарайды. Басқа бір шежіреде Майқы биден тарайтын Жансақал (тарақ таңбалы) мен жалайыр бір адам деп тұжырымдалады. Жалайырдың шын аты Қабылан екен. Аңыз бойынша, жабайы құланның жалын айырып, содан жалайыр атанған. Жалайыр сырманақ, шуманақ, бірманақ болып үшке бөлінеді. Шуманақтан — андас, мырза, қарашапан, орақты, ақбұйым, қалпе, сыпатай аталары тарайды. Сырманақтан: арықтыным-байшегір, балғалы, қайшылы, күшік тарайды. Бірманақтан тек сиыршы (байбөген) тарайды. Кейбір шежірелерде бірманақтың аты аталмай, сиыршыны сырманаққа жатқызады. Осыдан келіп он екі ата жалайыр атанған. Сырманақ, шуманақ атаулары Сыр мен Шу өзендерінің бойын жайлағандықтан шыққан делінеді. Ал бірманақ жеке-дара, жалғыз дегенді білдіреді. Кейбір шежірелерде жалайырдан шыққан, бір атадан тараған арықтыным-байшегірді екі атаға бөліп, он үш ата жалайыр деп аталады. Аңыз бойынша, қазіргі Қызылорда облысындағы Шиелі ауылына таяу жердегі Оқшы ата (Мерген ата) қорымы жалайырға кіретін орақтының арғы атасы Орақ батырдың лақап аты екен. Кейінгі ұрпақтары оны әулие санап, атын тура атамаған көрінеді. Жалайырлар 6 — 7 ғасырларда Түркі қағанатының құрамында болған. 8 ғасырда Сыр бойынан шығысқа қоныс аударады. Ол кезде олар оғыз тайпалық бірлестігінің құрамында болатын. 11 ғасырда бұл топ Цзубу одағының құрамында Хэрлэннің төменгі сағасында қидан, шүршіттермен қанаттас тұрды. 9 ғасырдан бастап жалайырлар он рулы “жат жалайыр” тайпасы атанып кетті. Олар: жат, тоқырауын, кунк сауыт (көн садақ), құмсауыт, урьяат (Рашид әд-Дин “ұят” деп көрсеткен), нилқан, құрқын, тулангит (төлеңгіт), тури (төре) және шаңқұт деп аталады. Рашид әд-Диннің пайымдауынша, жалайырдың саны көп болған тайпа. Қадырғали Жалайыридің пайымдауынша, жалайырлар “Келуран (Хэрлэн) деген жерді мекендеді. Жетпіс күрен құрылды, әрбір күренде мың үйлік тайпа бар еді” дейді. 







  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет