Iv – нұсқа1 – билет



бет25/64
Дата02.05.2023
өлшемі2,34 Mb.
#175824
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   64
Байланысты:
²V Í?ñ?à 30 áèëåò

Жоғары оқу орындары

Ғылыми мекемелер

Өнер ошақтары



1919-20 жылдары Орынборда, Қызылордада, Семейде ағарту институттары ашылды, мысалы 1920 жылы Түркістан мемлекеттік университеті (кейінірек Ортаазиялық университет).
1920 жылы Ордада Бөкей ағарту институты ашылды. 1921 жылы Орынборда (кейін Қызылордаға ауыстырылды) және Верныйда – қазақ халық ағарту институттары ашылды. 
Қазақстанның бірінші жоғары оқу орны – Қазақ педагогикалық институты – 1928 жылы Алматыда ашылды. Бұдан кейін 1929-1931 жылдары Алматы зоотехникалық-малдəрігерлік, ауылшаруашылығы және медициналық жоғары оқу орындары ашылды. 1931-1932 жылдары Орал жəне Қызылорда педагогикалық институттары ашылды.1930 жылы Қазақ ауыл-шаруашылық институты ашылды.



Өлкелік өсімдік қорғау станциясы (1924 ж.), Тыңайтқыштар және агротопырақтану ғылыми-зерттеу институты (1926 ж.), қалаларда тәжірибелік егістіктер мен станциялар құрылды. Денсаулық сақтау халкомының қасынан 1925 ж. Санитария-бактериологиялық институт ашылды.
1926 ж. КСРО Ғылым академиясының қасынан академик А.Е.Ферсманның басқаруымен одақтас және автономиялық республикаларды зерттеу жөніндегі Ерекше комитет ұйым­дас­ты­рылды. Ол ҚАКСР-ін кешенді зерттеудің бесжылдық жоспарын жасады. Бұл жоспарды жүзеге асыру үшін 1926—1927 жж. КСРО ҒА-ның қазақстандық экспедициясы ұйым­дас­тырылып, ол жекелеген отрядтар арқылы өлкені статистикалық-экономикалық, геоло­гиялық және гидрогеологиялық жағынан зерттеу жүргізді. 1932 ж. КСРО ҒА-ның қазақ­стандық экспедициясы отрядтарының негізінде сегіз жаңа экспедиция ұйымдас­тырылды. Мысалы: Орал-Ембі физикалық-химиялық экспедициясы, Алакөл экспедициясы, Мұғалжар био және физикалық-географиялық экспедициясы және т.б.



1920 жылы Верныйда басты міндеті — саяси плакаттар шығаруға арналған көркемөнер шеберханалары ашылды.
1928 ж. ҚАКСР Ағарту халкомы Қазақстан, Сібір және Урал суретшілерінің жылжымалы көрмесін ұйымдастырды. ХХ ғ. 20 жж. соңына қарай Әбілхан Қастеевтің де шығармашылық жолы басталады. 1919 ж. Ақмолада музыкалық мектеп, ал келесі жылы театр, музыка және би үйірмелері бар Халық үйі ашылды. 1919 ж. Верныйда жергілікті гарнизонның мәдени ағарту кол­легиясы жанынан П.М.Виноградовтың бастамасымен Қызыләскерлер хоры ұйымдас-тырылды. Ұзамай-ақ қалада әскер бөлімдері мен парктерде ойнайтын симфониялық оркестр жұмыс істей бастады. 1920 ж. Орынборда музыка мектебі мен музыка кітапханасы, сондай-ақ, халық аспаптары оркестрлері үшін көркемдік репертуар құрастыратын комиссия ұйымдастырылды. Петропавлда осы жылы халықтық консерватория ашылды. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет