Лауазымға қойылатын біліктілік талаптары: Міндетті:
Қазақстан Республикасының азаматы
Автоматтандыру, бақылау-өлшеу жабдықтары, үрдісті басқару жүйелері, химия (көпжылдық бағдарлама) саласында жоғары техникалық білім
Мұнай-газ немесе мұнай-химия өнеркәсібіндегі БӨҚ саласындағы жұмыс тәжірибесі кем дегенде 5 жыл.
Жарылыстан қорғалған жабдықтарға қатысты стандарттарды жетік білу (IEC-Ex, PUE).
Ағылшын тілін орташа деңгейде білу (TCO Level 3).
Қалаулы:
Адамдармен қарым-қатынас орнату дағдысы және әріптестерімен, басқа бөлімдердің қызметкерлерімен жағымды қарыс-қатынас орнату қабілеті.
Өндірісті пайдалану мен техникалық қызмет көрсету топтарының инжеренлерімен, қызметкерлерімен, сондай-ақ мердігер ұйым өкілдерімен бірлесе жұмыс істеу қабілеті.
Көпұлтты ұжымда туындайдтын әр-түрлі жеке бас сұрақтарын түсіну, әрекет ету және шешу қабілеті.
Тәлімгерлік дағды: БӨҚ-ның құрылысы мен жұмысының жалпы қағадаттарын, қолданылуын, қажетті құрал-сайман, сондай-ақ мониторинг және сенімділікті қамтамасыз ету бағдарламасын қолдануды кіші инженерлерге үйрету және тәлімгерлік ету қабілеті.
ISA және басқа да қолданылатын стандарттарды білу.
БӨҚ-мен жұмыс істеу, оларды әр-түрлі салаларда қолдану, ақаулықтарын анықтау мен жоюда жұмыс тәжірибесінің болуы, сондай-ақ басқару және автоматтандыру жүйелері сияқты қажетті жүйелермен жұмыс істеу тәжірибесінің болуы. Мұнай компанияларда жұмыс істеу тәжірибесі, жабдықтың техникалық шарттарын, жабдықтарды пайдалану мен оларға техникалық қызмет көрсету талаптарын білу, сенімділікті қамтамасыз ету мен қауіпсіз жобалаудың қағидаларын түсіну.
Өнеркәсіптік кәсіпорынды жобалау және құрылысын салуды реттейтін, сондай-ақ бақылау-өлшеу жүйелеріне (аз деңгейде бақылау жүйелеріне) қатысты корпоративтік және салалық стандарттар мен процедураларды білу.
Автономды жұмысты жалпы директивалар және болжалмен салыстырмалы түрде көрсету қабілеті, сондай-ақ техникалық қызмет көрсету, өндірісті пайдалану, өндіріс технологиясы топтарымен және басқа да мүдделі бөлімдермен тиімді қарым-қатынас жасасу.
Технологиялық үрдістерді жетілдіру саласындағы жұмыс тәжірибесі мен дағдылары осы лауазымның рөлін қолдауда негізгі болып табылады.
БӨҚ-ын құру, іске қосу және жөндеу, пайдалану тәжірибесінің болуы.
Өлшеу құралдары, бақылау клапандары, өрт пен газ дабыл қаққыш жүйелері, антипомпажды қорғаныс компрессорлары, БӨҚ-ын таңдау мен монтаждау саласында терең білімнің болуы.
Жарылыс қаупі бар аймақтарда орнатылатын, арнайы стандарттар талабына сай келетін жабдықтарды жақсы түсіну және жұмыс істеу тәжірибесінің болуы.