Қызылорда қаласы №197 қазақ орта мектебі


Графикалық бейнені компьютерге енгізу үшін қажет құрылғыны көрсетіңіз



бет2/4
Дата29.01.2018
өлшемі0,74 Mb.
#36026
1   2   3   4

12.Графикалық бейнені компьютерге енгізу үшін қажет құрылғыны көрсетіңіз:

A) Принтер.

B) Сканер.

C) Монитор.

D) Модем.

E) Плоттер.



13.Негізгі микропроцессорға математикалық операцияларды орындауға көмектесетін құрылғы:

A) Джойстик.

B) Стример.

C) Примтер.

D) Сопроцессор.

E) Қоректену блогі.



14.Информацияны енгізу құрылғыларына ... жатады:

A) Пернетақта, сканер.

B) Принтер, пернетақта, модем.

C) Монитор, модем, пернетақта.

D) Монитор, принтер, сканер.

E) Сканер, монитор, тышқан.



15.Басқаруға арналған манипуляторға не жатпайды:

A) Тышқан.

B) Планшет.

C) Трекбол.

D) Трекпойнт.

E) Джойстик.



16.Компьютерден информацияны шығаруға қатысты құрылғыны таңдаңыз:

A) Монитор, принтер.

B) Тышқан.

C) Джойстик.

D) Дискжетек, винчестер.

E) Пернетақта.



17.Компьютер дегеніміз не:

A) Есептеулердегі және берілгендерді машина жадысына енгізу құрылғысы.

B) Информацияны сақтау және өндеудегі әмбебап құрылғысы.

C) Информацияны сақтау құрылғысы.

D) Интернет жүйесіне қосылуға арналған құрылғы.

E) Компакт дискілердегі мәліметтерді оқу құрылғысы.



18.Мультимедиялық құрылғыларға жататындар:

A) Модем, сканер, плоттер.

B) Дыбыстық карта, видеокарта, динамиктер.

C) Сканер, монитор, тышқан.

D) Монитор, принтер, сканер.

E) Принтер, сканер,дыбыстық карта.



19.Жүйелік блок құрамына кірмейтін құрылғы:

A) Қатты диск.

B) Пернетақта.

C) Процессор.

D) Кэш-жады.

E) Жедел жады.



20.Винчестер ... - болып табылады:

A) Ақпаратты шығару құрылғысы.

B) Ақпаратты өңдеу және сақтау құрылғысы.

C) Ақпаратты сақтау құрылғысы.

D) Ақпаратты енгізу құрылғысы.

E) Ақпаратты өңдеу құрылғысы.



21.Плоттер бұл:

A) Сызбаларды, графиктерді қағазға шығару құрылғысы.

B) Информацияны бейнелеудің ең керекті түрі.

C) Тексті қағазға басып шығару құрылғысы.

D) Басқа компьютерлермен информация алмасу құрылғысы.

E) Иілгіш дискідегі барлық информацияларды тез сақтау.



22.Графиктік және мәтіндік ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғығы:

A) Принтер. B) Монитор.

C) Тышқан. D) Сканер.

E) Клавиатура.



23. Ақпаратты шығару құрылғыларына жатпайтын құрал:

A) Принтер. B) Дыбыс колонкалары.

C) Дисплей D) Плоттер.

E) Сканер.



24. Компьютердің негізгі құрылғысы:

A) Монитор. B) Принтер.

C) Сканер. D) Пернетақта.

E) Микропроцессор.



25. Ақпаратты өңдейтін компьютердің негізгі құрылғылары:

A) Процесcор, жады, принтер, НDD, монитор.

B) Чипсет пен жедел (оперативтік) жады.

C) Микропроцессор мен құрылғылар контроллері.

D) Орталық процессор мен жедел (оперативтік) жады.

E) Орталық процессор мен чипсет.



26. Ақпарат принтерге қай құрылғыдан беріледі:

A) Модемнен.

B) Жедел есте сақтау құрылғысынан.

C) Сыртқы есте сақтау құрылғысынан.

D) Пернетақтадан.

E) Процессордан.



27.Дискжетекші құрылғысының (дисковод) қызметі:

A) Информацияны қағазға басып шығару.

B) Информацияны өңдеу.

C) Информацияны енгізу.

D) Информацияны дискіден оқу және жазу.

E) Дыбыстық информацияны өңдеу.


28. Модем деген не:

A) Қағазға сұлбаны (чертежді) басып шығару құырлығысы.

B) Компьютерге мәтіндік және графикалық информацияны енгізу құрылғысы.

C) Телефон тізбегі арқылы компьютерлер арасында информациямен алмасу құрылғысы.

D) Информацияны оқу құрылғысы.

E) Тышқанды алмастыру құрылғысы.



29. Монитордың негізгі сипаттамаларының бірі:

A) Ақпаратты өңдеу жылдамдығы.

B) Жады көлемі.

C) Шығарушы фирма.

D) Шешуші қабілеті.

E) Баға.


30. Принтер дегеніміз:

A) Қолданбалы программалардың сұранысы бойынша енгізу-шығару операциясын орындайтын жүйелік программа.

B) Телефон тізбегі арқылы компьютерлер арасында ақпарат алмасу құрылғысы.

C) Компьютерлердің жедел жадында өңделетін ақпаратты экранда көру үшін қажет құрылғысы.

D) Тек қана графикалық ақпаратты қағазға шығаруға арналған құрылғы.

E) Мәтіндік және графикалық ақпараттарды компьютерлердің жедел жадынан қағазға басып шығаруға арналған құрылғы.



31.Тышқанда неше батырма болуы мүмкін.

A) 1,2 немесе 3.

B) 2 немесе 3.

C) 3 немесе 4.

D) 1 немесе 2.

E) 3 немесе 4.



32. Модем..
А) Басылған мәтіндік және графиктік мәліметтерді компьютерге енгізуге арналған құрылғы
В) сызбаларды қағазға басуға арналған
С) Винчестердегі мәліметтерді жоғалтпай жазып алу үшін көшіруге арналған құрылғы.
D) жеке компьютерлерді бір - бірімен телефондық желі арқылы байланыстыратын құрылғы
Е) Дұрыс жауап жоқ

33.Техника қауіпсіздік ережесі бойынша пайдаланушы мен монитордың арақашықтығы қанша болу керек?
А) 60 - 70 cм
В) 30 - 40 см
С) 80 - 100 см
D) 20 - 35 см
Е) 45 - 50 см

34.Дисплей экранының ең кіші элементі қалай аталады 
A) пиксель 
B) вектор 
C) нүкте 
D) растр 
E) люминофор дақылы

35. Компьютердің жұмыс істеу жылдамдығы неге тәуелді 
A) ақпаратты процессорда өңдеудің тактілік жиілігіне 
B) принтердің желіге қосылуы немесе қосылмауына 
C) операциялық жүйенің интерфейсін ұйымдастыруға 
D) сыртқы сақтау құрылғыларының көлеміне 
E) өңдейтін ақпарат көлеміне

36.Компьютер арқылы өңделетін ақпарат қалай кодталады?

А) нөл және бірмен

В) цифр және символ арқылы

С) цифр арқылы

D) арабша

Е) символдармен



37. Компьютердің сыртқы жадына не жатады?

A) ПЗУ, бейнежад
B) ОЗУ, винчестер
C) СD – ROM дискілер, флоппи дискілер, винчестер
D) пернетақта, колонка
E) дұрыс жауабы жоқ.

  1. Қазіргі кезде ең көп тараған процесссор

А) микропроцеесор
В) селерон
С) пентиум

D) ноутбук
Е) суперкомпьютерлер

39. Жинақтауыштар және жады карталары

А) микропроцеесор
В) диск
С) дискета

D) флэшка
Е) қағаз

40.Монитордың экранындағы кез келген көрініс түрлі түсті нүктелерден тұрады, бұл нүктелерді не деп атайды?

А) дисплей нүктелері
В) пиксель
С) түрлі түсті монитор

D) монитор
Е) дұрыс нұсқасы жоқ

Пернетақта
1. Delete(Del) және Backspace (BS) пернелерінің айырмашылығы:

A) Del – курсордан кейінгі символды өшіру, ал Bs – курсордың алдындағы символды өшіру.

B) BS – сақтау пернесі, Del - өшіру пернесі.

C) BS - өшіру пернесі, ал Del – көшіру пернесі.

D) BS – қалпына келтіру, Del - өшіру.

E) Ешқандай айырмашылығы жоқ.



2.Delete пернесінің атқаратын қызметі:

A) Символдық пернелермен бірге басылса, жоғарғы регистр таңбалары (бас әріп) теріледі.

B) Курсорға дейінгі символды жояды.

C) Курсордан кейінгі символды жояды.

D) Бас әріптерді тұрақты теру режимін енгізеді немес алып тастайды.

E) Басқа пернелермен бірге басылып компьютер жұмысын басқарады.



3.End пернесінің атқаратын қызметі:

A) Меңзерді (курсорды) құжат басына орналастыру.

B) Меңзерді (курсорды) құжат соңына орналастыру.

C) Меңзерді (курсорды) экранның оң жақ бұрышына орналастыру.

D) Меңзерді (курсорды) жолдың басына орналастыру.

E) Меңзерді (курсорды) жолдың соңына орналастыру.



4.End тетігі курсорды қайда апарады:

A) Жолдың басына.

B) Баған аяғына.

C) Беттің басына.

D) Жолдың аяғына.

E) Беттің аяғына.



5.Enter пернесінің қызметі:

A) Алдыңғы қозғалысты болдырмау.

B) Алдыңғы қозғалысты қайтару.

C) Регистрді ауыстыру.

D) Құптау.

E) Бағдарламадағы үзіліс.



6.Esc пернесінің атқаратын қызметі:

A) Символдық пернелермен бірге басылса, жоғарғы регистр таңбалары теріледі.

B) Курсорды жолдың соңына қояды.

C) Басқа пернелермен бірге басылып компьютер жұмысын басқарады.

D) Бас әріптерді тұрақты теру режимін енгізеді немес алып тастайды.

E) Соңғы орындалған команданы қайтарады.



7.Insert пернесі бұл:

A) Жаңа жолға көшу. B) Команданы енгізу.

C) Символдарды өшіру. D) Курсор үстінде тұрған символды өшіру.

E) Енгізу - алмастыру режиміне өту.



8.Num Lock пернесінің көмегімен:

A) Кез-келген әрекетті орындамай тоқтатуды жүзеге асырады.

B) Курсорды басқару/цифрларды теру режимдеріне ауысу.

C) Компьютерді өшіріп қайта іске қосу әрекетін орындайды.

D) Курсордың сол жағындағы символды өшіреді.

E) Мәтінді түзету кезінде кестенің келесі қосу әрекетін орындайды.



9.Page Down пернесінің атқаратын қызметі:

A) Символдық пернелермен бірге басылса, жоғарғы регистр таңбалары (бас әріп) теріледі.

B) Соңғы орындалған команданы қайтарады.

C) Курсорды мәтін бойынша бір бет алға жылжытады.

D) Курсорды мәтін бойынша бір бет кері жылжытады.

E) Бас әріптерді тұрақты теру режимін енгізеді немес алып тастайды.



10. Reset пернесі не үшін қажет:

A) Операциялық жүйені қайтадан іске қосу.

B) Файлдарды және программаны жазу.

C) Компьютерді өшіру.

D) Компьютерді іске қосу.

E) Программаларды өшіру.



11. Sleep түймешесі не үшін қажет:

A) Компьютердің ұйқы режиміне көшу үшін.

B) Анықтама шақыру үшін.

C) Басты менюді шақыру үшін.

D) Контексттік менюді шақыру үшін.

E) Экрандағы мәліметті алмасу буферіне көшіру үшін.



12.Бас әріптерді тұрақты теретін жоғарғы регистрді іске қосатын пернені табыңыз:

A) Shift. B) Tab. C) Esc.

D) Caps Lock. E) Ctrl.

13.Компьютерді қайтa жүктеу тәсілі:

A) Жүйелік блоктағы «Power» кнопкасын басу.

B) «Ctrl+A» кнопкаларын басу.

C) «Ctrl+Z» кнопкаларын басу.

D) «Ctrl+R» кнопкаларын басу.

E) Жүйелік блокта «Reset» кнопкасын басу.



14.Курсорды бір парақ төмен қою үшін:

A) End пернесін басу.

B) Page Down пернесін басу.

C) Enter пернесін басу.

D) Home пернесін басу.

E) Page Up пернесін басу.



15.Курсорды жол басына қою:

A) PageUp пернесін басу.

B) End пернесін басу.

C) PageDown пернесін басу.

D) Enter пернесін басу.

E) Home пернесін басу.



16.Операциялық жүйені қайта жүктеуге арналған перне:

A) Esc. B) Reset. C) Enter. D) Ctrl. E) Insert.



17.Пернені басу және ұстау арқылы төменгі және жоғарғы регистрге ауыстыруға арналған перне:

A) Shift. B) Enter. C) Ctrl. D) Insert. E) Caps Lock.



18.Пернелер тақтасы. Қандай пернені басқанда сөздер бір-бірінен ажыратылады:

A) Shift. B) Home. C) Esc. D) End. E) Space Bar.



19.Компьютерден информацияны өшіру үшін ... клавишасы қолданылады:

A) CTRL. B) ENTER.

C) SРАСЕ. D) DELETE.

E) ЕSС.


20.Пернетақтада неше батырма бар?
А) 100
В) 101
С) 103
D) 106
Е) 105


Алгоритм
1.Әрекеттер жүйелілігін кездесу ретімен орындау арқылы нәтиже алуды қамтамасыз ететін алгоритмнің типін көрсетіңіз:

A) Сызықтық.

B) Рекурсивтік.

C) Құрама.

D) Циклдік.

E) Тармақталған.



2.Алгоритмді ұсынудың графикалык формасы - бұл:

A) Алгоритмді сөзбен әрбір қадамның жазбасы түрінде бейнелеу.

B) Алгоритмді операторлардың жүйелілігі түрінде бейнелеу.

C) Апгоритмді график түрінде бейнелеу.

D) Алгоритмді бір ізді қосылған геометриялық фигуралардың түрінде бейнелеу.

E) Алгоритмді кестелер түрінде бейнелеу.



3.Алгоритм дегеніміз:

A) Анық ерекшеленген ережелер тізбегі.

B) Ережелер жүйесі.

C) Түпкі берілгендер негізінде ізделінді нәтижеге әкелетін орындаушыға берілетін командалардың нақты тізбегі.

D) Орындаушыға берілетін командалардың анық тізбегі.

E) Дәл, түсінікті анық командалардың тізбектері.


4.Суретте бейнеленген блок-схеманың конструкциясы қалай аталады:

A) Алгоритмнің басы/аяғы.

B) Алғышарты бар цикл.

C) Қосымша алгоритмді шақыру.

D) Операцияларды орындау.

E) Деректерді енгізу/шығару.


5.Суретте бейнеленген блок-схеманың конструкциясы қалай аталады:

A) Қосымша алгоритмді шақыру.

B) Деректерді енгізу/шығару.

C) Алгоритмнің басы/аяғы.

D) Операцияларды орындау.

E) Алғышарты бар цикл.



6. Суретте бейнеленген блок-схеманың конструкциясы қалай аталады:

A) Деректерді енгізу/шығару.

B) Операцияны орындау.

C) Алгоритмнің басы/аяғы.

D) Алғышарты бар цикл.

E) Процедураны шақыру.



7.Суретте көрсетілген геометриялық фигура нені білдіреді:

A) Басы – соңы.

B) Енгізу – шығару.

C) Меншіктеу.

D) Шарт.

E) Қосалқы программа.



8.Суретте көрсетілген геометриялық фигура нені білдіреді:

A) Цикл тақырыбы.

B) Түсініктеме блогы.

C) Меншіктеу блогы.

D) Шарт блогы.

E) Қосалқы программа блогы.



9.Программа жасаудың қандай кезеңінде синтаксистік қателер табылады және түзетіледі:

A) Программаны компьютер тіліне аудару (трансляция).

B) Есепті алгоритмдеу.

C) Сүйемелдеу.

D) Есептің қойылымы.

E) Программа жұмысының нәтижелерін талдау.



10.Программа деп нені түсінесің:

A) Латын сөзінің аудармасы, проблема дегенді білдіреді.

B) Есепті шешу алгоритмін жүзеге асыратын командалар тізбегі.

C) Есептегі берілген шамаларды оқу.

D) Компьютерде есеп шығару үшін керек тізбектелген командалар тізбегі.

E) Есепті түсінікті шығару үшін керек алгоритм.



11.Программа дегеніміз:

A) Сақтау, өңдеу, беру мүмкіндігін қамтамасыз ететір формальді түрде берілген информация.

B) Бірдей типті мәндер жиыны орналасатын жадтың ең кіші облысы.

C) Қойылған есептерді шешу үшін пайдаланатын инструкциялар тізбегі.

D) ЭЕМ үшін қолданылатын амалдар тізбегі, қандай да бір есепті шешудің алгоритмі.

E) ЭЕМ үшін қолданылатын амалдардың реттелген тізбегі, қандай да бір есепті шешудің алгоритмі – машиналық тілде жазылған.



12.Программа дегеніміз не:

A) Арифметикалық амал таңбалары.

B) Латын алфавитінің қаріптері.

C) Алгоритмдерді программалау тілінде жазу.

D) Грек алфавитінің қаріптері.

E) Орыс алфавитінің қаріптері.



13.Алгоритмдік тілде айнымалы шама атына өрнек мәнінің тіркелуі:

A) Мәннің реттелуі.

B) Мәннің меншіктелуі.

C) Мәннің берілуі.

D) Мәннің қайталануы.

E) Мәннің сақталынуы.



14.Кибернетиканың мазмұны байланысты:

A) Есептеуіш техниканы қолдану проблемаларымен.

B) Экономикада есептеуіш техниканы қолдану проблемаларымен.

C) Интернет-технологияларды қолдану проблемаларымен.

D) Жеке компьютерді қолдану проблемаларымен.

E) Жүйелердегі басқару заңдарымен.



15.Алгоритм термині қандай ұлы математиктің атымен аталған:

A) Чарльз Беббидж.

B) Вильгельм Лейбниц.

C) Джон фон Нейман.

D) Ада Лавлейс.

E) Мухаммед әл-Хорезми.



16.Іс-әрекеттерді бірінен кейін бірін орындау қандай алгоритм:

A) Сызықты.

B) Тармақталу.

C) Есептік.

D) Қайталану.

E) Көмекші.



17.Алгоритмнің нәтижелілігі нені білдіретіндігін көрсетіңіз:

A) Алгоритмді нақты программалау тілінде программаларды жазу үшін қолдануға болады.

B) Алгоритмде жасырын қателер болмауы керек.

C) Нәтиже қадамдардың нақты саны үшін алынуы керек немесе шешімнің болмауына нұсқау берілуі керек.

D) Алгоритмнің әрекеттері бір мағынасыз анықталуы мүмкін.

E) Алгоритм әрекеттері бір мағынасыз анықталуы мүмкін.



18.Алгоритмдерді дайындау мәселелерімен байланысты информатика тарауы:

A) Жалпы информатика.

B) Алгоритмдер теориясы.

C) Ақпарат теориясы.

D) Теориялық информатика.

E) Программалау.



19. Алгоритм тармақталған деп аталады, егер:

A) Кейбір шартқа байланысты кейбір командалар реті қайталанса.

B) Нәтиже кейбір шартқа тәуелді болса.

C) Кейбір шарттың ақиқаттығы немесе жалғандығына байланысты командалардың осы немесе басқа реті бір рет қана орындалса.

D) Алгоритмнің командалар тізбегі реті бойынша бір рет қана орындалса.

E) Кейбір шарттың ақиқаттығы немесе жалғандығына байланысты командалардың реті шексіз көп қайталанса.



20.Алгоритм циклдік болып аталады, егер:

A) Кейбір шартқа байланысты кейбір командалар реті қайталанса.

B) Нәтиже кейбір шартқа тәуелді болса.

C) Кейбір шарттың ақиқаттығы немесе жалғандығына байланысты командалардың осы немесе басқа реті бір рет қана орындалса.

D) Алгоритмнің командалар тізбегі реті бойынша бір рет қана орындалса.

E) Кейбір шарттың ақиқаттығы немесе жалғандығына байланысты командалардың реті шексіз көп қайталанса.



21.Алгоритмнің қасиеттері. Информацияны өндеу процесі ретімен жазылған жеке-жеке нұсқаулардан құралған тізбектен тұрү-ол:

A) Алгоритмнің үздіктілігі.

B) Алгоритмнің түсініктілігі және анықтылығы.

C) Алгоритмнің көпшілікке бірдейлігі.

D) Алгоритмнің нәтижелілігі.

E) Алгоритмнің қасиеттеріне жатпайды.



22.Алгоритмнің қасиеттері. Алгоритм жалпы түрде қабылданған символдарды, алфавит пайдаланып жазылуы және түрліше түсінілетін нұсқаулар енгізілмеуі:

A) Алгоритмнің үздіктілігі.

B) Алгоритмнің түсініктілігі және анықтылығы.

C) Алгоритмнің көпшілікке бірдейлігі.

D) Алгоритмнің нәтижелілігі.

E) Алгоритмнің қасиеттеріне жатпайды.



23.Алгоритмнің қасиеттері. Алгоритмнің қарастырылып отырған информацияның кез келген мәндеріне орындалуы:

A) Алгоритмнің үздіктілігі.

B) Алгоритмнің түсініктілігі және анықтылығы.

C) Алгоритмнің нәтижелілігі.

D) Алгоритмнің қасиеттеріне жатпайды.

E) Алгоритмнің көпшілікке бірдейлігі.



24.Алгоритмнің қасиеттері. Нұсқаулар шексіз көп болмай, қорытындысында оның нәтижесі болу:

A) Алгоритмнің үздіктілігі.

B) Алгоритмнің түсініктілігі және анықтылығы.

C) Алгоритмнің нәтижелілігі.

D) Алгоритмнің қасиеттеріне жатпайды.

E) Алгоритмнің көпшілікке бірдейлігі.



25.Алгоритмнің қасиеттері. Информацияны бөгелмей алу мүмкіншілігі:

A) Алгоритмнің үздіктілігі.

B) Алгоритмнің түсініктілігі және анықтылығы.

C) Алгоритмнің көпшілікке бірдейлігі.

D) Алгоритмнің нәтижелілігі.

E) Алгоритмнің қасиеттеріне жатпайды.



26.Сызықтық алгоритм дегеніміз -
А) Бірнеше команданың тек біреуінің орындалуы
В) бір команданың бірнеше рет орындалуы
С) Әрбір команданың бір рет орындалуы
D) Бір біріне жақын командаларының орындалуы
Е) барлық жауабы дұрыс

27. Тармақталған алгоритм дегеніміз -
А) Бірнеше команданың тек біреуінің орындалуы
В) Әрбір команда тек бір рет орындалады
С) Бір команданың бірнеше рет орындалуы
D) Идентификаторы белгілі программаның бір тәуелсіз бөлігі
Е) Дұрыс жауабы жоқ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет