Қызылорда қаласындағы №8 «Бүлдіршін»
санаториялық балабақшасы коммуналдық
мемлекеттік мекемесінің музыка жетекшісі
[b]Жұмабекова Бибігүл Мүсірепханқызы[/b]
(Ересектер тобы үшін мерекелік ертеңгілік)
[b]Мақсаты: [/b] Елдік мерекеге өзіндік үн қосу. Көңілді орта қалыптастыру.
Бас қала – Астана туралы әндер мен өлеңдер үйрету, сүйіспеншілік және мақтаныш сезімдерін тудыру. Туған ел тарихымен таныстыру.
[b]Алдын ала атқарылатын жұмыстар: [/b] Астананың сұлу келбеті топтастырылған слайд
дайындау, Астана күніне арналған көпшіліктің жүрекжарды лебіздері, құттықтаулары
түсірілген бейнежазба әзірлеу, балалардың өз шығармашылықтарынан дайындаған суреттері көрмесін ұйымдастыру.
[b]Барысы:[/b]
Экранда «Жаңалықтар қызметінің заставкасы» көрініп, әуені ойналады. Ортаға тәрбиеші тележүргізуші болып шығады:
[b]Тележүргізуші
тәрбиеші:[/b] Қайырлы күн, құрметті телекөрермендер! Эфирде «Апта КZ»
жаңалықтар топтамасы. Сіздермен бірге мен – Индира Қосымова
Бүгінгі шығарылымда көретіндеріңіз:
[b] -«Астана - балалар көзімен!»[/b]
Мереке аясында балабақша бүлдіршіндерінің арасында өткен сурет көрмесінің нәтижесін анықтау.
[b] -«Тәуелсіз елдің жүрегі сенсің - Астана!» [/b]
Астана қаласының сұлу келбеті әлемді таң қалдырды.
[b] -«Астана - татулық пен бірліктің ордасы»[/b]
Сүйікті бас қала – Астананың туған күніне арналған республика жұртшылығының жүрекжарды лебіздері
- Осы және тағы басқа да жаңалықтар легімен таныс боласыздар, арнаны ауыстырмаңыздар!......
[b]Тележүргізуші
тәрбиеші:[/b] Бас қаламыз - Астана қаласының 16 жылдық мерейтойына орай республика бойынша барлық балабақшалар арасында «Астана - балалар көзімен!» атты балалар қолымен салынған суреттердің көрмесі ұйымдастырылған болатын. Сурет көрмесі кеше Астана қаласы тұрғындары мен қала қонақтарының назарына ұсынылды. Көрмені тамашалаушылар бас жүлдеге
лайықты деп таныған балабақшасы мен өз пікірлерін «www. Astana - 16» сайтына жолдап, дауыс берулері керек. Қазір біз сіздермен 5 - тен кері бағытта санау арқылы дауыс беруді тоқтатамыз. Қане, бастайық:
5,- 4,- 3,- 2,- 1! Дауыстар санын есептеу - тоқтатылды.
Қай балабақша суырылып алға шықты екен, назар аударайық:
(Экранда аты жазылмай нөмірленген балабақшалардың диаграммасы көрінеді)
[b]Тележүргізуші
тәрбиеші: [/b] Нәтиже әділ болуы үшін балабақшалардың аты аталмай, тек рет сандарымен ғана белгіленген болатын. Ал мына диаграмма бойынша қасиетті 7 санымен белгіленген балабақша айқын басымдықпен жеңіп отыр екен. Енді бұл нөмірге қай балабақша жасырылғанын білейік, сәл сабыр сақтаңыздар.....
(Экранда: «....................» балабақшасы, Қызылорда қаласы!» - деген жазу шығады)
[b]Тележүргізуші
тәрбиеші: [/b] Міне, нәтиже де белгілі болды! Қызылорда қаласындағы
«.....................» балабақшасының бүлдіршіндері мен ұжымын шын жүректен құттықтаймыз!
(Тележүргізуші құлағындағы микрофонды тыңдағандай болады да:)
[b]Тележүргізуші
тәрбиеші: [/b] Жаңа ғана маған хабар келді, біздің Қызылордалық кішкентай жеңімпаздармен жүздесуге мүмкіндігіміз бар екен. Олар қазір біздің студиямызға келеді, қошеметтеп қарсы алайық!
(Көңілді музыкамен қуанышты кейіпте, бір тобы қолдарына өздері салған суреттерін ұстаған, бір тобы гимнастшыларша киініп ленталар ұстаған, әр түрлі мерекелік костюмдерін киген балалар студияға қонаққа келгендей болып жарты шеңберге тұра қалады)
[b]Тележүргізуші
тәрбиеші: [/b] Студиямызға қош келдіңдер, ботақандар! Жеңістерің құтты болсын!
1 - бала: Көп рахмет, біз аса қуаныштымыз.
2 - бала: Бізге дауыс берген барлық Астаналықтарға үлкен рахмет айтамыз!
3 - бала: Барлығымызға ортақ мереке бас қаламыз - Астананың 16 жылдық мерекесі құтты болсын!
[b]Тележүргізуші
тәрбиеші: [/b] Айтсын, айтсын! Расында да бүкіл Қазақстандықтарды біз де өз атымыздан Астананың туған күнімен құттықтаймыз!
Ал балалар сендердің Астана қаласына тартуларың керемет болды. Байқауда жеңетіндеріңді білдіңдер ме?
4 - бала: Жеңетінімізді білген жоқпыз, бірақ үміттендік. Бізді осында алып келген, сурет салуға, барлық өнерге үйреткен балабақшамыздағы тәрбиеші апайларымызға алғыс айтамыз.
[b]Тележүргізуші
тәрбиеші: [/b] Бәрекелді! Ал мына қолдарыңдағы қандай суреттер?
5 - бала: Бұл - біздің Астанадағы мерекеден алған әсерлерімізден туындаған суреттер, сіздердің телеарналарыңызға сыйлаймыз.
[b]Тележүргізуші
тәрбиеші: [/b] Көп рахмет! Шынында да нағыз суретшілер екенсіңдер, суреттерің маған ұнады. Теле-арнамыздың мұражайына қойып қоятын боламыз. Ал сендердің тағы қандай өнерлерің
бар?
6 - бала: Біз Астана қаласының туған күніне арнап әндер үйрендік, тақпақтар жаттадық.
[b]Тележүргізуші
тәрбиеші: [/b] Қане, онда өнерлеріңді тамашалап көрейік.....
[b]Ән «Ел жүрегі - Астана» Муз: Қ. Қайым
[/b]7 - бала: Киелі менің Ақордам
Арудай сұлу таранған
Береке, бірлік, достықтың
Тұнығынан нәр алған.
8 - бала: Жайнай бер жаңа Астанам
Ертегідей ғажап бас қалам
Ынтымақтың тербеп бесігін
Тәуелсіз ел көшін бастаған
9 - бала: Сәулеңді шаш еліңе
Нұрыңды төк жеріңе
Киелі менің Елордам
Бақ болып қонған төріме!
[b]Тележүргізуші
тәрбиеші: [/b] Жарайсыңдар, балалар! Байқасам мына бүлдіршіннің сән - салтанаты тіптен ерекше екен. Мүмкін өнері де ерекше болар?! Атың кім, балапан? Астананың туған күніне қандай тартуың бар?
Ақниет: Менің атым - Ақниет. Мен Астананың туған күніне «Астанам» атты әнімді айтып бергім келеді.
[b]Тележүргізуші
тәрбиеші: [/b] Зор ықыласпен тыңдаймыз, айта ғой....
[b]Жеке ән «Астанам» Муз: А. Еспенбетова
[/b][b]Тележүргізуші
тәрбиеші: [/b] Өнерің өрге жетелей берсін, көп рахмет. Тағы кімдердің мерекелік тартулары бар?
10 - бала: Күн болып қарайды
Шуақ боп тарайды
Әлемге нұр шашқан
Астанам арайлы
11 - бала: Туғандай қиялдан
Үйлері бір арман
Аспандап барады
Аяулы ұлы ордам
12 - бала: Елбасы тілегі
Елімнің жүрегі
Жасанған елорда
Туған жер тірегі
13 - бала: Астана - ақ қала
Ақ қардай пәк қала
Шарықтап, қарыштап
Шалқи бер, шаттана!
[b] Ән «Астана нұры» Сөзі: М. Әміреев
Муз: Б. Жұмабекова[/b]
[b]Тележүргізуші
тәрбиеші:[/b] Бәрекелді, балалар! Студиямыздың сәнін келтіріп - ақ жібердіңдер.
Диана: Менің де мерекеге арнап жаттаған тақпағым бар еді....
Тележүргізуші
тәрбиеші: Айта ғой, онда... Жеңімпаздарға ешқандай шектеу жоқ. Қайта бізге бүгін мерекелік сәт сыйлағандарың үшін алғысымыз шексіз.
Диана: Атам, әжем, әкем, анам -
Төртеуі де «Отан» маған
Төртеуі де «Ботам!»- дейді
«Ер азамат атан!»- дейді
Мақтанамын Отаныммен
Отаныма «Ботамын» мен!
[b] Тележүргізуші
тәрбиеші: [/b] Көп рахмет, жарайсың! Ертеңгі күні ел тізгінін ұстар кішкентай патриоттар өсіп келе жатқандығы қандай қуаныш!
Өнерпаз бүлдіршіндерге рахметімізді айта отырып, біз хабарымызды одан әрі жалғастырамыз.
[b]Тележүргізуші
тәрбиеші: [/b] -«Тәуелсіз елдің жүрегі сенсің - Астана!»
16 - ға толған Астана қаласына саяхат осылай аталды.
Әлемнің түкпір - түкпірінен келген қала қонақтары Астанамыздың 16 жыл ішінде жаңадан бой көтерген нысандарын, көрнекті жерлерін аралап көрді. Астана қаласының сұлу келбетіне әлем
жұртшылығы таң қалды.
(Слайд арқылы Астана қаласының көрнекті жерлері көрсетіледі)
[b]Тележүргізуші
тәрбиеші:[/b] Иә, тарих үшін көзді ашып - жұмғандай ғана уақыт ішінде Астана қаласы әсем қалаға айналды. Әрбір Қазақстандық үшін Астана
қаласы - әсемдік пен әділдіктің, татулық пен бірліктің, береке мен бақыттың, жастық пен жаңашылдықтың, білім мен ғылымның, еңбек пен жеңістің ордасы. Біздің бүгінгі «Астана - татулық пен бірліктің ордасы» атты айдарымызда сүйікті бас қаламыз – Астананың туған күніне арнаған республика жұртшылығының жүрекжарды лебіздері топтастырылды. Бір сәт экранға назар аударайық..
(Экранда Астананың 16 жылдық мерейтойына арналған мерекелік құттықтаулар бейнекөрініс арқылы көрсетіледі)
[b]Тележүргізуші
тәрбиеші:[/b] Астанам - бағы биік асқарымсың
Астанам - мәңгі жарық аспанымсың
Астанам – пейіш қала, ел арманы
Астанам – қайда жүрсем мақтанышым!
(Ортаға ленталы қыздар шығып А. Жорабаеваның орындауындағы «Астанам» атты әннің ырғағымен билейді, 6 ұл бала «Бәйтерек» құрып тұра қалады.)
[b]Тележүргізуші
тәрбиеші: [/b] Осы бір шаттыққа толы сәтте біз бүгінгі шығарылымымызды аяқтаймыз. Бақытты шақтарымыз көп болсын! Еліміз аман, күніміз бейбітшілік болсын! Тек мерекелі күндерде жолығайық!
Достарыңызбен бөлісу: |