Қызылорда облысы, Арал қаласы, №2 Облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернатының тәрбиешісі Тәрбие сағат тақырыбы



Дата19.02.2017
өлшемі92,49 Kb.
#10976
түріСабақ
Жиенбаева Мөлдір Құдабайқызы

Қызылорда облысы, Арал қаласы,

2 Облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернатының тәрбиешісі


Тәрбие сағат тақырыбы: Тәуелсіз елім –мақтанышым менің.
Сабақтың мақсаты: «Қазақстан -2050» стратегиясының маңызы мен мақсатын түсіндіру арқылы мәңгілік ел-идеясының маңызын айту, ел тәуелсіздігінің 25 жылдық тарихын баяндау. Оқушыларды Отанын сүюге, бірлікке, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.

Сабақ көрнекілігі: интерактивті тақта ,нақыл сөздер, үнтаспа ,үлестірме парақтар т.б .
Тәрбие сағатының түрі: ашық тәрбие сағаты

Сабақтың түрі: сайыс

Сабақтың барысы:

Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар мен білімге құштар жас өрендер!Бүгінгі 4сыныпта болғалы отырған ашық сабағымызға қош келдіңіздер.Оқушылар бар зейінімізді тақтаға аударайық.



Тақырыпты ашу.Видеоролик көрсету.

Мұғалім: Ал балалар жаңа көрген видеороликтен не түсіндік?Кәне кім айтады екен?

Сонымен біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Тәуелсіз елім –мақтанышым менің» дәптерімізді алып жазайық.Сабақ сайыс түрінде өтеді.

Ендеше ойын шартымен таныс болайық.
Ойынға 8 оқушыдан тұратын 3 топ қатысады. Ойын 5-турдан тұрады.

Жоспары:

1. Ұшқыр ой (постермен жұмыс)

2. Ойлан тап (сәйкестендіру тесті)

3. Құпия сандық (жұмбақтар шешу 3тілде)

4. Зерек болсаң, тауып көр (сергіту сәті,логикалық сұрақтар)

5. Мақал – сөздің мәйегі .(Қай сөзді жоғалттым?Берілген мақал-мәтелден қалып қойған сөзді қолымыздағы бар әріптерден жауабын табу)

Оқушылар 3топқа бөлініп отырады.Топтар аттарын ұйымдастыру үшін адасқан әріптер беріледі.Әріптерді дұрыс орналастырып топ атын шығарады.



«Ханшатыр »- білімділер тобы.
Ұраны:
Болашақтың ұрпағымыз білімді,
Сайыста көрсетпекпіз мектепте алған білімді.


«Бәйтерек» – тапқырлар тобы 
Ұраны:
Тапқырлық таныту мақсатымыз,
Біліммен шықсын тек жақсы атымыз.


«Пирамида» білгірлер тобы 
Ұраны: 
Асыл тастан шығады ұранымыз
Мектептің көкке шырқар қыранымыз.

Сайысқа қатысушы топтардың алға қойған ұстанымдары:

Жігер деген-Мен!

Сенім деген-Мен!

Күш деген-Мен!

Сезім деген-Мен!

Жастық шақ деген-Мен!

Махаббат деген-Мен!

Денсаулық деген-Мен!

Ақыл деген-Мен!

Дарын деген-Мен!

Бар ғажайып деген-Мен!

Бар байлық деген-Мен!

Бәрі маған байланысты,

Бәрі менің қолымда!

«Білім-біліктілікке жеткізер баспалдақ,ал біліктілік-сол білімді іске асыра білу дағдысы!»-деген ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсыновтың сөзіне сүйене отырып 1 бөлімімізді бастаймыз.



1бөлім: Ұшқыр ой (постермен жұмыс)

I-топ «Бірлік»,

II-топ «Отан»,

III-топ «Тәуелсіздік» сөздеріне постер қорғау.


«Білекке сенген заманда-ешкімге есе бермедік,

Білімге сенген заманда қапы қалып жүрмейік!»-деген Абылай ханның ойлы сөзімен келесі турымызға көшейік.



2бөлім: Ойлан тап.Сәйкестендіру тесті. Әр топқа 5-5тен тапсырма беріледі.

I-топ

1)Елбасы қай жылы қай өңірде дүниеге келді?

2)Қашан Астана қаласы еліміздің басты қаласына айналды.

3) Қай жылы ҚР мемлекеттік рәміздері бекітілді.

4) Бас қаланың символы.


5)Қазақстандағы ЭКСПО көрмесі елімізде қай жылы болады?

1)1998ж 10маусым

2)Бәйтерек

3)2017ж


4)1992ж 4маусым

5)1940ж 6шілде,Іле Алатауы баурайындағы Үшқоңыр жайлауында



II-топ

1)Қай жылы Н.Ә.Назарбаев Республика Президенті болып сайланды?

1) 130-дан астам



2) ҚР –ның «Ата заңы» қашан қабылданды.

3)Ұлттық валюта - Теңгеміз айналымға қашан шықты

2)1993ж 15қараша

3)Пирамида



4)Астанадағы бейбітшілік және келісім сарайы. 4)1995ж 30тамыз

5)Қазақстанда қанша ұлт өкілдері тұрады 5)1991ж 1 желтоқсанда



III-топ

1)1992ж 2 қазанда ғарышқа ұшқан тұңғыш қазақ ғарышкері.

2) Президент Жарлығымен Қазақстан халықтарының Ассамблеясы қашан құрылды.

1) Ш.Уәлиханов,Ж:Мәлібеков

2)Президент



3)Елімізді кім басқарады? 3) Орынбор

4)Елтаңбаның авторлары? 4) 1995ж 1наурыз

5)Қазақстанның алғашқы астанасы қай қала? 5)Тоқтар Әубәкіров

«Ешқашан да бәрін білемін,енді маған бұдан артық үйренетінін ештеңе жоқ деп санаушы болма» деген Н.Д.Зеленскийдің сөзінен соң сайысымыздың келесі турына көшелік.



3бөлім. Құпия сандық (жұмбақтар шешу 3тілде).Елбасымыздың «Тілдердің үштұғырлығы» жобасын ұстанып келеміз.Мұндағы қазақ тілі-мемлекетаралық тіл,орыс тілі-ұлтаралық қатынас тілі,ағылшын тілі-жаңһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі деген.Осыған сайкес келесі айналымда жұмбақ жасырамын, сендер жұмбақтың шешуін тауып, орысша,ағылшынша айтулары керек. Әр топқа кезекпен жасырылады.

I-топ

1.Шәкіртке жанашыр,


Мейірман кім, жаны асыл. (ұстаз,)

2.Білімнен мол сый-асы,


Балғындардың ұясы. (мектеп,)

3. Сағат сайын қағылады,

Тек мектептен табылады.   (Қоңырау,)

4. Оқушыға күнде ерiп,

Жүретiн не?   (Күнделiк,)



II-топ

1.Аспанда алып доп

Жарқырайды алып боп (күн,)

2. Дүниеде бір қарбыз бар солмайтұғын, 
Жаз шіріп, қыста үсіп тоңбайтұғын. 
Жаһанның жерін, суын, жәндіктерін, 
Іші кең бәрін салса толмайтұғын. (Көк, аспан,)

3. Сатайын десем ауыр кілем, 


Сатпайын десем тәуір кілем (Жер,)

4. Бір халық аспанда ұшқан, аяғы жоқ,

Ұстаған қолдарында таяғы жоқ.

Күніне талай жерге кетер кезіп,

Нәрсенің бұл секілді саяғы жоқ. (Бұлт,)

III-топ


1. Маған да, саған да,

Жақын туыс – бес адам.

Үш әріптен тұратын.

Оңға оқы, солға оқы.

Өзгермейді еш одан.

Бәрі де өз жұртың,

Айтады, қане, кім атын?          

апа,.


ата,

ана,


іні,.

аға.



4бөлім. Зерек болсаң, тауып көр (сергіту сәті)Әр топқа 3-3тен сұрақ қойылады.

Логикалық сұрақтар

I-топ

1. Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды?Жауап: 3стакан


2. Термометр аяз болғасын – үш градус көрсетіп тұр. Осындай екі термометр неше градус көрсетеді?Жауап: 3градусты
3. Бөлмедегі әр бұрышта бір мысықтан және оған қарама - қарсы үш мысықтан отырса, бөлмеде неше мысық бар?Жауап: 4мысықтан

II-топ
1. Суға қай кезде қолды кесіп алуға болады?Жауап: мұз кезінде
2. Мектепте төрт жүз оқушы бар. Олардың ең болмағанда екеуі бір күнде туғанын дәлелдеңіз.Жауап 35бала

3. Әлібек 1 айда 2 ертегі оқыды. Ол 1 жылда неше ертегі оқиды. Осы қарқынмен? Жауап: 24 ертегі



III-топ

1.4 жұмыртқа 4 минут піссе ,бір жұмыртқа неше минут піседі?Жауап: 4минутта

2.Әжемнің қолында 3және 5литрлік банка бар,екеуін пайдаланып 2 литр суды қалай анықтауға болады?Жауап:5л суды 3л банкаға құйса 2л су қалады

3. Баспалдақ 15 басқыштан тұрады. Баспалдақтың ортасында тұру үшін нешінші басқышты басу керек? Жауап 8 басқышта

«Тіл қаруы-сөз,сөз қаруы-ой,алғыр сөз-адамның ең жоғарғы қасиеті» деген Ғабиден Мұстафиннің сөзімен келесі сайысымызды бастайық.Дайынбыз ба?

5бөлім. Мақал – сөздің мәйегі . Тапсырма:“Қай сөзді жоғалттым?” берілген мақал-мәтелден қалып қойған сөзді қолымыздағы бар әріптерден жауабын табамыз.

I-топ. Б, Е, Л, Р, Ж, І.

1)... іш-алтын бесік. (Ел)

2)Егілмеген жер жетім,

Елінен айырылған ... жетім. (Ер)



3) Әркімнің өз ... -жұмақ. (Жері)

4)Бір ауылда мың туысың болғанша,

Әр ауылда ... туысың болсын. (Бір)



II топ. О, З, Н, Т, А

1) ... үшін күрес-елге тиген үлес. (Отан)

2)Көп сөз-күміс, ... сөз-алтын. (Аз)

3)... пен су-тілсіз жау. (От)

4)Ағайын-алтау, ... -біреу. (Ана)



III топ. Л, А, Х, Ы, О, Қ

1)... айтса,қалт айтпайды. (Халық)

2)Көз-қорқақ, ... -батыр. (Қол)

3)Қына-тасқа бітеді, ... -басқа бітеді (Ақыл).

4)Алтау ... болса,ауыздағы кетеді. (Ала)

Қорытынды: Тілек ағашына ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына 25 тілек жазу.Ең алғаш тәуелсіздік алған жылы елімізде мына тал секілді жер қойнауынан басқа Тәуелсіздікті білдіретін ешқандай нышанымызда,заңымызда жоқ еді.Ата-бабамыздың сан ғасырлық арманына қол жеткізген тәуелсіздік таңын 25 жылда көптеген өзгерістер болды.Осы жетістіктерімізге шүкіршілік етіпсыныпта 24 оқушы өзіммен 25 болады екенбіз,осы тілек ағашына арман мақсат тілектерімізді жазайық.Оқушылар міне талымыз бастапқыдай емес жайқалып өсіп келеді.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан 2030 жылы барысқа апаратын-бүгінгі мектеп табалдырығында отырған оқушылар» деген сөзін әрқашан жадымызда ұстап,Елбасының сенімін ақтауға дәл бүгінгідей сайыстардан өз білімдерімізбен көріне білейік.(Марапаттау)

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет