Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №204 Ы. Алтынсарин атындағы мектептің



Дата22.08.2017
өлшемі60,83 Kb.
#24296
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,

Әйтеке би кенті, №204 Ы.Алтынсарин атындағы мектептің

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Кати Мейрамкүл Катиқызы
Коучинг жоспары Сын тұрғысынан ойлауға үйрету жолдары


Тақырыбы:

Сын тұрғысынан ойлауға үйрету жолдары

Мақсаты:

Сыни тұрғысынан ойлау әдістемесі арқылы сыни ойлауға түрткі болу, маңызды мәселелерді талқылау және тәжірибені ой елегінен өткізуді дамыту

Сілтеме:

1.Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 41-49

Оқу нәтижесі:

Тапсырмаларды орындау барысында сын тұрғысынан ойлау әдістемесін игеруі, логикалық зерттеу мен ой жүгірту әдістерін білуі

Түйінді идеялар:

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету арқылы табысты оқытуға қол жеткізу.

Сабақта қолданылатын материалдар:

А-2 парақтары, стикер, А4 парақтары, маркер, қалам

Оқыту әдістері:

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету

Акт


1.Аудио жазбаны тыңдап, өзінше жалғастыру

2.Суреттерді топтастыру

3.Алты қалпақ


Дерек көздері:

Әдеби материалдар, газет-журналдар.

Тапсырмалар:

Аудио жазбаны тыңдап, өзінше жалғастыру, топтастыру

Оқуға арналған тапсырма:

Мұғалімге арналған нұсқаулық. 41-49 бет

Сабақ бойынша коуч пен мұғалімдердің іс-әрекеті

Психологиялық ахуал туғызу


Игі даналық сөздер жазылған таныстырылым көрсету. Бала тәрбиесі жөніндегі игі сөздер арқылы ой қозғау.


Ұлт аттарымен топтарға бөлу

Дәстүрлері, ұлттық құндылықтары бойынша кеспе қағаздар беру. Үстел үстіндегі әр түрлі сипаттамасы жазылған парақшаларды таңдайды, сол арқылы топқа бөлінеді

«Ақ орамал» шағын әңгімесінің аудио жазбасын тыңдатып, белгілі жерінде үзіп, жалғастыру.


1.Жазғандарын оқыту

2.Әңгіменің қалған жерін тыңдату

3.Салыстыру. Топтың әрбір мүшесі өз жазғандарын оқиды және жалғасымен салыстырады


Суреттерді тақырып бойынша бөлу

1.Көліктерді жеке қоғамдық

2.100 жыл, 50-25 жыл, 25 жыл бұрынғы

3.Жұмысымен таныстыру.

Критериалды бағалау

Белгіленген уақыт ішінде А-2 парағына топтастыру

Әр топ «қонаққа бару» тәсілімен қорғайды



Көбелек көрсетілімі

Көбелек көрсетілімін талдау арқылы пікірталас

Жұмыстарын «екі жұлдыз бір тілек» арқылы өзара бағалайды. Әр топ өз ойларын флипчартқа дайындайды және қорғайды.

Бір-бірін тыңдап, қорғау жұмыстарына байланысты сұрақтар қояды.


Қорытындылау

«Сыни тұрғыдан ойлау» дегеніміз не?

Флипчартқа 1 сурет және 5 сөз жазып беру және қорғау. Берілген тақырып бойынша флипчартқа 1 сурет, 5 сөз жазып, идеяларын қорғайды.



Ақпарлама:

Сыни тұрғыдан ойлау туралы Power point қысқаша мәлімет беру. Сыни тұрғыдан ойлауды ұйымдастыру туралы нұсқаулықтағы мәліметпен танысады.

Рефлексия:

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын смайлик арқылы бейнелейді не стикерге жазады.


Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,

Әйтеке би кенті, №204 Ы.Алтынсарин атындағы мектептің

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Кати Мейрамкүл катиқызы


Тақырыбы:

Аңыз әңгімелер. Асан қайғының жерұйықты іздеуі

Мақсаты:

1.Білімділігі:Аңыз әңгімелер туралы ұғымын кеңейту.

Асан қайғы жайлы мәлімет,»Асан қайғының жерұйықты іздеуі туралы»мәтіннің тақырыбы,мазмұнын,идеясын түсіндіру.

Дамытушылығы:Оқушылардың мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру,өз ойларын еркін,

нақты жеткізе білуге қалыптастыру,сөздік қорын дамыту.

Тәрбиелік: Асан қайғы өмірін үлгі ету,туған өлке қадірін,ерекше қасиеттерін бағалауға

үйрету.


Күтілетін нәтиже:

Жаңа сабақ материалын толық меңгереді.Аңыздың тақырыбы мен идеясын анықтайды.Асан Кайғы жайлы мәлімет алады. Бір-біріне сұрақ қояды ,ой қорытады,пікірлерін айтады.

Міндеттер:

Оқушылардың белсенділігін арттыру .Оқушылардың білетін білімін жаңғырту.Ұжымдасып бірлесе жұмыс істеу.

Оқыту әдістері:

Оқыту мен оқудағы жаңа әдістер.АКТ.СТО.Диалог:Топтық жұмыс.



Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті.

Ұйымдастыру.

Оқушылардың сабаққа дайындықтарын бағдарлау.

Оқушыларды топқа бөлу.

Қызығушылықты ояту:

1.Ауыз әдебиеті түрлерін ата? 2.Ауыз әдебиетінің ерекшеліктері.

3.Аңыз әңгімелер туралы не білеміз?



Топ мүшелері өз жұмыста рын қорғайды.






«Аңыз әңгіме туралы менің білетінім»тақырыпта

постер жасау.







Мағынаны тану.

Аңыз әңгімелер.

Аңыз белгілі бір адамның атына ,іс-әрекетіне байланысты туады.








Кейіпкері


Аңыздың таралуы:

Асан кайғының жерұйықты іздегені


Тарихта болған адам.

Не батыр

Не ел басшы

Не әділ патша

Ақыл парасаты мол,беделді адам


1.Әңгіме,жыр ету.

2.Біреуден-біреу жаттап алу.

3.Кейінгі ұрпаққа өсиеті.
Асан қайғы –мемлекет қайраткері,ақын,жырау,би,философ.Керей мен Жәнібек хандардың ақылшысы болған.Асанның әкесі СәбитАрал өңірінің Сырдария жағасын мекен еткен,ұзақ жасаған,он сегіз мың ғаламның ,құстың,жан-жануардың тілін білетін, өзі көріпкел әулие,атақты саятшы болса керек.

Асан Қайғы Сәбитұлы 1361-1470 жылдар аралығында туып ғұмыр кешкен,қазақтың данышпан ақылгөй жырауы, өз дәуірінің абызы, бас биі,Шоқан Уәлихановтың айтуы бойынша, қазақ халқының қамын,болашағын ойлаған»дала философы», осындай ойшыл, ел қамын жеп, қайғы-қасірет кешкен Асан атына кейін «қайғы» сөзі қосылып аңыздалып кеткен.

1456 жылы Шу алқасында Қазақ Ордасы құрылған кезде Яссы жаңа мемлекетінің ұраншысына айналды.Аңыз айтуынша ақын Сарыарқа-Ұлытауда дүние салыпты.

Қызылорда облысы Шиелі ауданы «Жеті әулие» қорымындағы Асан ата кесенесі Асан Қайғы мазары делінеді.







Кітаппен жұмыс:

1.Топтар мәтінді іштей оқиды.

2.Түсінгендерін топ ішінде өзара талқылайды.









Топпен жұмыс:

1-топ:Асан Қайғының жерұйықты іздеу мақсаты не?

2-топ:Барған жеріне қонымды баға бергенін қалай түсінесің ?

3-топ:Туған жерлеріне баға беру.

.


1.Асан қайғының жерұйықты іздеу мақсатын топпен айқындап ,дәлелдер келтіреді.

2.Өз пікірлерін қорғайды.

3Өз түсініктерін дәлелдейді


Сөздікпен жұмыс


Желмая-түйенің бағалы тұқымының бірі.

Бозторғай жұмыртқалайтын қоныс-тыныштық орнаған жер.



Қоныс- тұруға, өмір сүруге болатын жер.





Рефлексия

Ойларын жазады.





Бағалау

Оқушыларға баға қойылады





Үй тапсырмасы

«Асан атамның жолын жалғастырғым келеді» эссе жазу.


Күнделікке жазады


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет