Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, Ы. Алтынсарин атындағы №204 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті



Дата23.08.2017
өлшемі416,76 Kb.
#24823


Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,

Әйтеке би кенті, Ы. Алтынсарин атындағы

204 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті



пәні мұғалімі Жұмағазиева Роза Бөгенбайқызы


Күні :

Пәні: Қазақ әдебиеті

Сыныбы: 10

Сабақтың тақырыбы:

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының өмірі мен шығармашылығы

Сілтеме:

Білім стандарты, пән бағдарламасы,“Қазақ әдебиеті ” оқулығы , Алматы «Мектеп » баспасы Авторлары:

Т. Ақшолақов , Т. Жұмажанова , С. Қалиев С. Дүйсебаев

М. Жүсіп Көпеев шығармалары


Жалпы мақсаттар:

Білім берудің жаңа тәсілдері мен АКТ-ны пайдаланып оқытуды қолдана отырып жаңа тақырыпты түсіну, сөз қадірін байыптау, сабақ барысында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі – Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің өмірі мен шығармашылығына өз көзқарастарын қалыптастыра отырып, шолу жасату . Кез-келген проблеманы шешу қабілеттерін дамыту, жас ерекшеліктеріне қарай сөйлеу дағдыларын зерделеу,тапсырмалар арқылы жаңа тақырыптың мағынасын ашу .

Оқыту нәтижесі:

Ойы толығады; өзіндік ойын ортақ пікірге қосып айта біледі; әрекетті сыни ойлауды үйренеді; сөйлеу мәнері қалыптасады; сұхбат арқылы кері байланысты үйренеді.оқушылардың дүниетанымы кеңейеді ,ой ұшқырлығы дамиды .

Негізгі идеялар:

Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің өмірімен таныстырып, жазылған өлеңдер мен дастандары туралы түсініктерін кеңейту, оқу. Мәшһүр тұлғасын толыққанды қарастырып, танытуға күш салу. 
Оқушыларды ұлтжандылық рухқа, ізгілік пен ізденімпаздыққа үндеу.

Тапсырмалар:

Үй тапсырмасын хронологиялық тест арқылы сұрау, жауаптарын бір-біріне тексерту.

Оқушылардан өмірі туралы деректер мен өлеңдерін сұрап, жауаптарын толықтырып, қорыту .

Мәшһүр Жүсіп Көпеев туралы бейнебаян көрсету.

Жеке жұмыс . Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің өмірі мен шығармашылығы туралы мәтіндер таратып, берілген уақыттан соң не түсінгендерін сұрау. Әр жауаптарын бір-бірін смайликтер арқылы бағалату .

Топпен жұмыс .Постер қорғату . Оқушыларға Мәшһүр мен Орманбет Нарманбетұлының шығармаларының аттары араластырылып беріледі . Оқушылар соның арасынан Мәшһүрдің шығармаларын тауып жапсырып, қорғауы керек .Әр топ бірін-бірі критерилер арқылы бағалайды .

Жұппен жұмыс. Оқушыларға Мәшһүрдің өлеңдерінен үзінді беріліп әдебиет теориясынан талдау жасатылады . Бұл тапсырмада оқушылар өздерін-өздері бағалайды .




Міндеттері:

1.Мәшһүрдің жазған өлеңдерінің мән-мағынасын ұғыну, өмірімен таныстыру . 2.Балалардың сөйлеу мәдениетін ,өзіндік ой ұшқырлығын дамытуды қалыптастыру.

3.Балалар ынтымақтастығын ұйымдастыру.

4. Көшбасшылық қабілеттерін анықтау.

 


Бағалау:

Бірін-бірі бағалау, өзін-өзі бағалау ,2 жұлдыз, бір ұсыныс.

Кейінгі тапсырмалар:

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының өмірі мен шығармашылығы . Хронологиялық кесте дайындаймыз.

Кері байланыс :

Ілінген «Ұнады. Қиын болды. Тілегім» парағына оқушылар өз ойларын жазады .

.

Мұғалімнің жазбалары:

  1. Ұйымдастыру. Үй тапсырмасын хронологиялық тест арқылы сұрап, жауаптарын тақтаға шығартып бір-біріне тексертемін. 5 минут

Хронологиялық тест



РІс

Болған оқиғалар

Сызбамен көрсет

Болған уақыты

1.

Нарманбет Орманбетұлы қай жылы өмірге келді ?




А.1917-1918

2.

Апасы Қалимаға арнап өлең жазғанда неше жаста еді ?




Ә. 1918

3.

Қай жылдары уездік соттың төрағасы болды ?




Б. 1941

4.

Қай жылы өмірден өтті?




В. 1859

5.

Қай жылы “Нарманбеттің өлеңдері” деген жеке жинағы

басылып шықты ?




Г. 1911

6.

9-сыныптың оқулығына ақын шығармашылығы

туралы қай жылы енгізілді ?




Ғ. 1976

7.

Қазақ Кеңес энциклопедиясының

8-томына Нарманбет туралы мақала қай жылы берілді ?




Д.13

8.

Шал қайғысы ” атты өлеңін қай жылы жазды ?




Ж.1939

Жауабы :1-В; 2-Д; 3-А; 4-Ә; 5-Ж; 6-Б; 7-Ғ; 8-Г;

2.Қосымша Нарманбет Орманбетұлы туралы сұрақтар беріп сұрап, жауаптарын толықтырып қорытамын 5 минут

Зымыран сұрақтар



  • 1.Нарманбет ақын қай жерде дүниеге келген?

  • 2. Абаймен қандай туыстығы бар ?

  • 3.Бала Нарманбет қандай болды ?

  • 4.Нарманбет ақын қай жерлерден білім алды ?

  • 5.Ұлт тәуелсіздігін аңсаған қандай өлеңдері бар ?

  • 6.Төңкеріс тұсындағы хал-ахуалды көзімен көрген Нарманбет ақын осы тақырыпқа сәйкес қандай өлеңдер жазды ?

  • 7. Қандай өлеңдерін жатқа білесіңдер ?

Жаңа сабақ. Тақырыбы: Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің өмірі мен шығармашылығы

1. Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің өмірі мен шығармашылығы туралы бейнебаянмен сабақты бастау . 5 минут

2. Жеке жұмыс . Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің өмірі мен шығармашылығы туралы мәтіндер таратып, берілген уақыттан соң не түсінгендерін сұрау. Оқушылар жауаптарын бір-бірін смайликтер арқылы бағалату . 5 минут

3.Топпен жұмыс Постер қорғату . Оқушыларға Мәшһүрдің мұражайы ,кесенесі, еңбектері туралы суреттерді беріп, әрқайсысын әр топ -топтап жапсырып шығу керек . Суреттерден деректермен таныстыру . Әр топ бірін-бірі критерилер арқылы бағалайды . 5 минут

4. Жұппен жұмыс. Оқушыларға Мәшһүрдің өлеңдерінен үзінді беріліп әдебиет теориясынан талдау жасатылады . Бұл тапсырмада оқушылар өздерін-өздері бағалайды . 5 минут
Өлеңді талдау кестесі

Өлеңнің

тақы


рыбы

Өлең үзінді

Бунақ,

тармақ,


ұйқас

Ақын не туралы

айтқан ?


Сенің пікірің

«Жеткізер, Құдай пенде қылса талап »


Балалар жалқау болмай оқы сабақ, а

Ашылмас оқымасаң көз бен қабақ. а

Айырылса оқу оқып білгенімен, б

Біз оны айтамыз «арамтамақ» а


Қара өлең ұйқасы, асқақ ұйқас немесе кейде шұбыртпалы ұйқас дейді


11-12 буынды 4 тармақ

ты ,


3 бунақ

тан тұрады









  1. Жеке жұмыс . Оқушыларды Мәшһүрдің кітаптарымен таныстырып, МәшҺүр өлеңдерінен жатқа білетіндерін сұрау, кітаптан таныс емес өлеңдердің аттарын тергізіп, айтқызу.

  2. Оқушыларға Мәшһүрдің мұражайынан үзінде бейне баян көрсету .

  3. Кері байланыс :оқушыларға тақтаға жазылған «Ұнады. Қиын болды. Тілегім» парағына оқушылар өз ойларын жазады . 3 минут



.




Коучингтің тақырыбы:

« Оқыту үшін бағалау мен оқытуды бағалау »

Өткізілген күні :




Сілтеме :

  1. «Мұғалімдерге арналған нұсқаулық»

ІІ деңгей . Үшінші басылым .


Жалпы мақсаты :

  1. Еліміздегі кәсіби дамудың жаңа бағдарламасына сай сын тұрғысынан ойлауға қатысты әдіс-тәсілдерді меңгерту .

  2. Мұғалімдерден бұрын «Оқыту үшін бағалау мен оқытуды бағалау » модулінің әдіс –тәсілдерін қалай пайдаланып жүргенін сұрап, тәжірибе алмасу, жаңа түрлерін игеруге жұмыстар жүргізу.

  3. Мұғалімдерді ұжымшылдыққа, белсенділікке, шығармашылықпен топпен жұмыс жасауға дағдыландыру .

Оқыту нәтижесі :

Сыни тұрғыдан ойлауға, сыни бағалауды пайдаланып оқуды және оқыту нәтижелерін бағалауға үйренеді, тапсырмаларды орындау арқылы оқушыларды бірін-біріне, өздеріне бағалату жолдарын тереңірек меңгереді де , өз білім –біліктерін жетілдіреді.

Түйінді идеялар:

Біз оқушыны бағалау немесе өзін -өзіне бағалатудың әр түрлі тәсілдерін меңгере отырып, баланың сенімділігін, өз жұмысының нәтижелілігін білетінінің куәгері боламыз.

Сабақта қолданылатын материалдар :

Слайдтар, маркерлер, интерактивті тақта , стикерлер , түрлі –түсті қағаздар

Коучингтің өту барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

1.Қатысушы мұғалімдермен амандасу, өз келген ауылдарының атын қосып айту арқылы бір-бірімен танысу.

2.Мұғалімдерді түрлі –түсті смайликтер арқылы түсіне қарап топқа бөлу.

Негізгі бөлім . І. Ой қозғау .

1. Біз оқып келгеннен бері бағалау түрлерін өзгертіп, қолдана алдық па ?

2. Сіздер қай бағалаудың түрімен келісесіздер ?

Жауаптарын толықтыра отырып, «Оқыту үшін бағалау мен оқытуды бағалау » әдісінің ерекшелігін, осы тұрғыдан бұрынғы дәстүрлі бағалауды өзгерту үшін жұмыстар жасалу қажеттігін айтамын.



1.« Кім шебер ? » Мұғалімдерге түрлі-түсті қағаз бен қайшы, желім беріп, гүлдің суретін салғызамын. Сол салған суреттерін қорғап айтып шығуы керек. Оған әр топ мүшелері бір –біріне смайликтер арқылы баға береді.

2. Критерийлер арқылы бағалау Мұғалімдерге «Мұзда сырғанау » түрлерін видеодан көрсетіп, өздеріне критериилер жасатып, бағалатамын. Әр топтан бір топбасшысы сайланып, критериилер бойынша бағалады .

3.Сергіту сәті . Әуенмен қосылып билеу.

4. « Сыйлық дайындау » Маған жолдасым 8 наурызда мынадай сыйлық сыйласа екен. Өз шеберліктеріңізбен сыйлық дайындайсыздар . Сіздің сыйлығыңыз бағаланады . Бірін –бірі бағалайды.

6. Рефлекция жазуға сауалнама сұрақтарын таратып, таза парақты қолдарына беріп, қосымша стикер таратып, бүгінгікоучингке баға берулерін сұраймын.

7. Қорытынды : мұғалімдерге бүгінгі коучингте қойылған бағаларға сәйкес қойылатын суммативті және формативті бағалар туралы айтып, талдау жасау.


Пәні: Қазақ әдебиеті

Күні:

Сыныбы: 10

Сабақтың тақырыбы :

Махамбет жырларындағы ақынның өз тұлғасы мен Исатай бейнесі

Мақсаты :

Махамбет жырларындағы Исатайдың бейнесін ашу, оның жалынды жырларын терең түсініп оқу, идеялық мазмұнын ұғындыру, ақын шығармаларының негізінде оқушы бойында адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу және патриоттық өлеңдері арқылы отансүйгіштік рухта тәрбиелеуге ықпал етіп, оқушыларды өз беттерінше ізденуге , сөйлеу мәдениетін дамытып, өзіндік ой тұжырымынын айтуға үйрету.



Күтілетін нәтиже :

Қазақ халқының ұлы даналарының өмірі мен шығармаларын біледі, танысып, оқып, талдау жасайды . Өз көзқарасын жүйелі айтып жеткізе білуге үйренеді.Қарсыласын сыпайылыққа, ұстамдылыққа тәрбиелейді.Өзін-өзі , бірін-бірі бағалай алады.Өз пікірін қарсылыстарына дәлелдей алады.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер :

АКТ пайдалану, сын тұрғысынан ойлау, жұптық, топтық жұмыстар, диалог, анықтау, талдау, салыстыру .



Көрнекілігі :

Постер, маркер, үлестірмелі парақшалар, салыстырмалы кестелер , Интернеттен алынған деректер мен электронды оқулықтар

Сілтеме :

Оқулық , «Қазақ әдебиеті » Шың, А. Байтұрсынов «Әдебиет танытқыш», Қ. Бітібаева «Қазақ әдебиетін тереңдетіп оқыту » кітабы , Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2012ж

Сабақтың кезеңдері :

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі .

Оқушыларға Махамбеттің еңбектерінің

аттарын тарату арқылы өткізіп,топтарға бөледі. 5 минут .

Ұйымдастыру кезеңі. Үй тапсырмасын сұрау . М. Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы Өлеңдерінен үзінді сұрау . «Сәйкестендіру тесті » арқылы үй тапсырмасын қорытамын. 7 минут.


Махамбеттің өлеңдерінің аттары арқылы « Мұнар күн », «Тарланым», «Есіл ер » деп үш топқа бөлінеді . «Сәйкестендіру тесті » арқылы өткен сабақты қорытындылайды .

Қызығушылығын ояту .

Интернеттен алынған Махамбеттің өлеңінен үзінді тыңдатамын. 2 минут. Оқушыларға сол үзіндінің кімдікі екендігін тапқызып, жаңа тақырыпты Фариза Оңғарсынованың

Махамбет! Махамбет…

Білмеймін, жел ме, сел ме,

Жырда онымен бір тұлға теңдесер ме…

Әділетсіз дүниенің қабырғасын

Махамбетше сөгер жан кездесер ме…-деп толғанатын өлең жолдарынан

бастаймын.


Оқушылар Махамбеттің өлеңінен үзіндіні тыңдап, кімдікі екендігін айтады. Жауаптарын толықтырып, Фаризаның өлең жолдарынан жаңа тақырыпты бастаймын.

Мағынаны тану .

1-тапсырма . Топпен жұмыс. 7 минут.

І топ. Жаңа тақырыптан Исатайға арнаған өлеңдерін жинақтап, аттарын постерге жапсырады . ІІ топ. Тақырыптан Махамбеттің өзі туралы айтқан өлеңдерін зерттеп, жинақтайды .

ІІІ топ. Махамбет пен Исатай туралы жазлыған шығарма зерттеулердің аттарын біліп, жинақтайды .

2-тапсырма . 5 минут .

Жұппен жұмыс. Әр жұпқа Махамбеттің өлеңдерінен үзінді беріп, әдебиет теориясына талдатамын.

3-тапсырма .Жеке жұмыс. 3 минут.

Екі жақты түсініктеме күнделігін жүргіземін.

4-тапсырма . 5 минут. Топпен жұмыс. «Бес жолды өлең » құрастырады .

5-тапсырма . Топпен жұмыс. Салыстыру кестесі арқылы Махамбет пен Исатай бейнелерін салыстырады .

6-тапсырма . 3 минут. Топтық тапсырма .Әр топтағы оқушылар «Ақпаратты толықтыр» әдісімен өз ұялы телефондарынан Махамбеттің жырлары туралы мәліметті тауып оқиды .

7 тапсырма. 4 минут . Оқушыларға Махамбеттің өлеңдер жинағын таныстырып, таратып бердім.


Түртіп алу әдісі

бойынша  саралап оқиды.

Тақырыптың мазмұнын

аша отырып,постер қорғау.

Әр оқушы берілген өлең жолдарына әдебиет теориясынан талдау жасайды.

Өлең жолдарын оқи отырып өз ойын қосы білдіріп жазады

Екі жақты түсіндірме күнделігін жазады .
«Бес жолды өлең » құрастырады .

Салыстыру кестесі арқылы Махамбет пен Исатайға мінездеме береді .

Осы кезге дейін

оқыған ,білгендерін толықтыру мақсатында телефондарынан интернетке кіріп, мәліметтер жинайды .

Әр топ сол кітаптардың ішінен өздеріне таныс емес өлеңдердің аттарын жазып шығады .


Рефлекция .

2 минут. «Даналық ой» бөлігімен берілген М.Әуезов пен З. Қабдоловтың Махамбет туралы сөздерін оқытып, оқушылардың ойларын сұрап, Махамбеттің шығармаларымен таныстырып , қорытамын.

Қорытынды сөз

Халқыңның Ер Сырымдай көсемі бол,

Үш жүздің Әйтекедей шешені бол.

Исатайдай жүректі, ақылды бол,

Еліңнің Махамбеттей ақыны бол.



М.Әуезов пен З. Қабдоловтың Махамбет туралы сөздерін оқытып, оқушылар өз ойларын ортаға салады . Махамбеттің еңбектерімен таныстырамын.


Кейінгі тапсырмалар

2 минут .

Махамбет жырларындағы ақынның өз тұлғасы мен Исатай бейнесі. «Махамбет-дауылды жырлардың дауылпаз ақыны » тақырыбында шығарма жазу .



Махамбет жырларындағы ақынның өз тұлғасы мен Исатай бейнесі. «Махамбет-дауылды жырлардың дауылпаз ақыны » тақырыбында шығарма жазу


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет