Қызылорда облысы.Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті Ж. Жабаев атындағы №234 орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі



Дата26.08.2017
өлшемі46,24 Kb.
#29416
түріСабақ
Қызылорда облысы.Қазалы ауданы,

Әйтеке би кенті Ж.Жабаев атындағы

234 орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі



Амангелді Нұрсұлу Амангелдіқызы

Күні: Сыныбы: 6 «А»

Пәні: Ежелгі Қазақстан тарихы

Пән мұғалімі: Амангелді Нұрсұлу Амангелдіқызы


Сабақтың тақырыбы

§13. Сақтардың тұрмысы мен шаруашылығы

Сілтеме

Жоспар . Ежелгі Қазақстан тарихы- 6 сынып

Жалпы мақсаты

«Тарихтың атасы» атанғаг Геродоттың сақтар тауралы айтып кеткен деректері бойынша сақтардың тұрмысы мен шаруашылығы туралы білу, олардың темірді өңдеу әдістерін түсіну.

Күтілетін нәтиже

Грек тарихшыларының сақтар туралы жазған деректерін біледі,шаруашылы жағдайын ,тұрмысын салыстыра отырып түсінеді.

Негізгі идеялар

Көшпелі сақ тайпаларының шаруашылығы

Тапсырмалар

«Топтастыру» стратегиясы

Тапсырмалар

Жұптық жұмыс «Кім айтты?», «Тарихи сынақхат»

Жеке жұмыс «Адасқан әріптер» , «Зымыран сұрақтар»әдісі



Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)

.Үй тапсырмасын тексеру. Сақтардың мекендеген жері, сақ қоғамы.

1-оқушыға Сақ туралы алғашқы мәліметтер жайлы айтсаңыз.

2-оқушыға Сақ тайпаларының қоныстануы туралы.

3-оқушыға Сақ қоғамы туралы мәлімет берсеңіз.

Қалған оқушылардың өткен сабақта алған білімдерін үлестірмелер арқылы тексеру.

1. Кестені толтыру. Сақ сөзінің мағынасы.

Парсы жазбаларында - Құдіретті еркектер

Иран жазбаларында - Жүйрік атты турлар

Грек авторлары - Азиялық скифтер

2. Кестені толтыру.

Сақ топтары.

Теңіздің арғы жағындағы сақтар (парадарайа). Қара теңіздің солтүстігі, Арал теңізінің маңында, Сырдария мен Әмударияның төменгі ағысында.

Шошақ бөрік киіп жүретін сақтар (тиграхауда). Сырдарияның орта ағысы, Тянь – Шаньда, Жетісуда.

Хаома сусынын дайындайтын сақтар (хаумаварга). Мургаб аңғарында өмір сүрді.

3. Сақ тайпалары туралы тарихи деректер қай елдің жазба деректерінде кездеседі?

«Өткенді білмей – қазіргі жағдайды білу, келешекті болжау қиын» Әл-Фараби



«Сақтар» топтастыру стратегиясы.

Сақтар: Азиялық скифтер.Құдіретті еркектер. Жүйрік атты турлар. Геродот зерттеген. Томирис. Алтын адам. Б.з.б І мың ж. Қаз.мекендеген. Қазақтың арғы ата тегі. Жауынгер халық.



1. Адасқан әріптер ойыны.(әріптерді дұрыс қой)
Л Ы Ы Қ Ж – жылқы
Р С Ы И – сиыр
О Қ Й – қой
Й Ү Е Т – түйе
Ы Т Р А – тары
А А П Р – арпа
Қ А Л А – алқа
Қ А И С А Н А Р Ғ Ы Л С Р А – сақина сырғалар
Р Қ У А Р А А Қ Ж – қару жарақ
Е Е Ж Б – жебе
Й А Н А З – найза

2. Төмендегі сөздерді кім айтқан?
1. Киімі мен өмір сүру дағдысы скифтерге ұқсас олар егін екпейді, үй малдары мен өзеннен аулайтын балықтарды азық етеді. Сүт ішеді деп жазған тарихшы кім? (Геродот)
2. Жазық жерде тұрған мен олар егіншілік пен айналыспайды көшпелілер, скифтер сияқты малшылық және балық аулау мен күн көреді. (Страбон)
3. Зымыран сұрақтар ойын
1. Сақтардың өмірінде қай түлік маңызды орын алды? (жылқы, қой)
2. Сақтардың қосымша кәсібі? (балық аулау)
3. Сақтардың 3 әлемін атаңдар? (аспан, жер үсті, жер асты)
4. Сақтардың қыш ыдыстары қай қорғаннан табылды? (Есік қорған)
5. Сақтардың өмір сүрген баспанасы? (Киіз үй)
6. Сақтар өлген адамды қалай жерлеген? (дүние мүліктерін қоса жерлеген)
7. Сақтар неге табынды? (ата - баба аруағына)
8. Сақ елінің басты құдайы не болды? (күн құдайы)
9. Сақтардың негізгі шаруашылығы не болды?(мал шаруашылығы)

Сақтардың көктен түскен сиқырлы сыйы.

Соқа мен қамыт ---------------→ егіншілерге.
Найза мен садақ-------------- → сарбаздарға
Жайпақ тостаған -------------→ абыздарға арналған

7 Тарихы сынақ хат
1 Б. З. Б. 1мың жылдықта Орта Азия мен Қазақстан жерінде мекен еткен ежелгі тайпа................ не деп аталады? (сақтар)
2Сақ қоғамында.......................... мен...................... деп аталатын 3 топ пайда болды.
(егіншілер, малшылар, абыздар, жауынгерлер)
3Б. З. Б. 8 ғасырдан бастап далалы аймақтар өңірінде аңдарды бейнелеу.............. пайда болды. (сақтарда)

Рефлексия: не ұнады,не ұнамады,менің алған әсерім (2 мин)


Кейінгі оқу

§13. Сақтардың тұрмысы мен шаруашылығы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет