Құмжиек ауылдық округінің орталығы – Қ.Пірімов ауылы. Аудан орталығынан 16 шақырым қашықтықта орналасқан. Құмжиек ауылының тарихы 1929 жылы Құмарық ұжымшары болып құрылғаннан басталады. 1950 жылы Жамбыл, Бірлік, 15 жылдық Қазақстан, Бірлік, Комсомол, Кеңтүп аталатын майда ұжымшарлар біріктіріліп, алғашында Сталин кейін Ленин атындағы ұжымшар болып іріленген. 1973 жылы Ленин және Қызылту кеңшарлары біріктіріліп, Қызылту кеңшары болып аталды. 1974 жылы шаруашылықтарды мамандандырылған Құмжиек мал, егін шаруашылығы болып құрылды. Содан бері Құмжиек ауылы болып аталып келеді.
Құмжолқұдық – құдық. Арал Қарақұмының оңтүстігінде.